Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Самарқанның көк тасын жібіткен, елдің аузын аққа тойдырған көктемнің басты мерекесі де келіп жетті. Осы орайда жаңа жылды дәстүрмен жаңғыртқан ұлы думан балабақшамызда басталып та кетті. Кішкентай сәбилер өздерінің сүйікті аңыздары мен ертегілерінің кейіпкерлерімен жүздесіп,ойын-сауық құрып, қызыққа кенелді. Наурыздың басты асы-Наурыз көже. Осынау түркі халықтарында қасиетті болып саналатын тағамды балабақшамыздың аспазшылары дайындап:
Адал астан бұйырған,
Дәм татсын ел жиылған.
Бидай салдым көжеге,
Мол болсын деп биыл нан -дей келе барлық келген балалар мен ата-аналарға көжеден дәм таттырылды.