Балабақшамызда наурыздың 11-і күні кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес "Жеке тұлғаны дамытудағы педагогикалық технологиялардың маңызы мен тиімділігі" тақырыбында жүргізіліп, ондағы басты мақсат балалардың қабілеттерін ашу және жан-жақты дамуына әлеуметтік-педагогикалық жағымды жағдай тудыру болып табылды.
Педагогикалық кеңес ауқымды 3 кезеңге бөлінді:
- балалардың жас шамасына сәйкес педагогикалық технологияларды ендіру, жүргізу барысындағы тәжірибелік қорғау жұмыстарын қарастыру
- "ЖЕКЕ ТҰЛҒА" жиынтығын құрастыру (тәжірибелік жұмыс)
- топтық жобалық жұмыс жүргізу
Жүргізілген жұмыс барысында стандарт негізінде 5 білім саласы қамтылып, балалардың құзіреттілігін дамытуға бағытталып игерілген педагогикалық технологиялар кірістірілген жұмыс жоспарының жобасы құрылды.