Кезекті педагогикалық кеңес
Бүгін балабақша педагогтарының "Экологиялық тәрбие-баланың тілін амытудың тиімді жолы" тақырыбында кезекті №4 педагогикалық кеңесі өтті.Педагогикалық кеңесте А.Қазыбаева, Р.Қасымова сияқты тәжірибелі тәрбиешілер баланың тілін экологиялық тәрбие беру үдерісінде жүргізудің жолдары мен оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін ашып көрсетті. Сондай-ақ Э.Утешева, Д.Ермұханова,М.Құмарова сияқты жас мамандар да өз ойларымен бөлісіп, бала тілін дамытуда жасалынатын жұмыстар мен дидактикалық ойындар жиынтығымен таныстырды.Балабақшамыздың логопед-дефектолог маманы С.Е.Оспантаева өзінің лоопед бөлмесінде тіл мүкістігі бар балалардың тілін дамытуда жасап жүрген тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдерімен өз әріптестерімен бөлісті.