Оқу жылының соңы
Біздің балабақшамыздың барлық педагог қызметкерлері ата-аналар мен өз әріптестеріне арналған ашық көріністер көрсетті. Балалардың жыл бойында алған білімдері мен дағдылары көпшіліктің назарына ұсынылды.Тәрбиешілер әр ұйымдастырылған әрекеттен алған әсерлерімен өзара бөлісіп, педагогтың шеберлігі мен жетістіктерін талқылады. Балалардың оқу үдерісіне қатысқан ата-аналар өз ойларымен тәрбиешімен бөлісіп, ақыл-кеңестер ала алды.