Балабақшамызда таяуда "Маусымдық серуенді ұйымдастыру" тақырыбында семинар өтті.Бұл семинардың мақсаты балабақшамызда жұмыс істеп жатқан жас педагогтарға жыл мезгіліне сай серуенді дұрыс, тиімді ұйымдастыру және онда назарға алынатын негізгі талаптар мен принциптермен таныстыру болды.Семинарды Мұратханова А. серуенді ұйымдастыруда қойылатын талаптармен таныстыра өтіп, сондай-ақ серуен кезінде бақылауды дұрыс ұйымдастыруға тоқталып, оның түрлері мен әдістерін атап өтті. Тәрбиеші Утешева Э.өз баяндамасында жылдың әр маусымындағы бақылау түрлерін атап, бала еңбегін толық ашып көрсетті.Ал,тәрбиешілер Солтангазинова А. мен Шекебаева М. болса серуен барысында маусымдық қимылды ойындардың ұйымдастырылу ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталды. Жас тәрбиешілер өздерінің қоржындарына көптеген тиімді ақпарат алып ,көңілдерінде жүрген сауалдарына жауап ала алды.А.Солтангазинованың жүргізген психологиялық тренингі тәрбиешілердің семинарда көңілді және сергек отыруына жағдай туғызды.
Маусымдық және мақсатты серуен