Балабақшамызда ұйымдастырылған музыкалық аспаптар көрмесі балабақша бүлдіршіндері мен өзге де келушілердің көзін бір апта бойы қуантты. Көрмені ұйымдастыру барысында ата-аналар мен балалар қазақтың "Жетіген" сияқты көне ұлттық аспаптарымен танысты.Ата-аналардың қолдарынан тудырып әкелген шулы дыбыс шығаратын аспаптары балалардың пайдалануына қолайлы әрі көздің жауын алатындай әсем әшекейленген.Бұл көрмеге барлық топтың ата-аналары ат салысты, нәтижесінде балалардың ән-күймен айналысуына қолайлы музыкалық аспаптар қоры жинақталды.Ерекше көзге түскен және белсенді қатысқан ата-аналар мақтау қағаздарымен марапатталды.Олар:
Ересек "А" тобынан- Машенова Адель және анасы "Дауылпаз" аспабы үшін жүлделі 1-ші орынды;
Ересек "Ә" тобынан Байзбаев Дархан және анасы -"Сылдырмақ" аспабы үшін жүлделі 1-ші орынды;
Тәрбиеші Жұманбаева Аққу "Барабан" аспабы үшін жүлделі 1-ші орынды;
Ересек "А" тобынан Байқадамова Айгерім және әкесі "Алтын дауылпаз" аспабы үшін жүлделі 2-ші орынды;
2-ші сәби "А" тобының тәрбиеленушілері Тайгуллина Гауһар және Мерканова Риза және ата-аналары өздері жасаған "Сылдырмақ" аспабы үшін жүлделі 2-ші орынды;
2-ші сәби "Ә" тобынан Мусинов Ерхан және анасы "Жетіген" аспабы үшін жүлделі 3-ші орынды;
Ортаңғы "Г" тобынан Байжанова Алуа және анасы жасаған аспабы жүлделі 3-ші орынды иеленді.