"ЖОМ саяхат"
Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған. Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың, Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Мектебің, мынау класың, Осында 10 жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың...
Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз деп даярлық топ балалары меткепке саяхатқа барды.