Сенім телефоны
8 (7182)650607
email: sad5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қош келдің "Әз-Наурыз"!!!
07-04-2016 03:08
Қош келдің
20160316_103827

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген. Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

20160316_112613

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын! Қайғы уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын! -, деп әжеміз мерекемізде бүлдіршіндерімізге ақ батасын берді.

20160316_112043

"Білекті - мыңды жығар"-, демекші ертеңгілігімізге ата- аналарымыз да белсенді қатысты.

20160316_102930

"Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй".

20160303_104118

"Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем".