Тақырыбы: "Ғарыш әлеміне саяхат"

№5 сәбилер бақшасында, ғарышкерлер күніне арналған "Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында әр топта сабақтар жүргізілді.Мақсаты: ғарыштың таңғажайып сырларымен таныстыру, ғарышқа алғашқы қадам, қазіргі заман талабына сай, ғылыми-технткалық процестерді игеріп, өз мүмкіндіктерін ашу.Балаларды ғарыштың қыр-сырымен таныстырып, проектор арқылы бейнежазбалар көрсетілді.Тәрбиеленушілеріміз суреттер салып, оларды бояды.Жабыстыру жасап, топтар арасында көрме ұйымдастырылды.Балалар өте жақсы көңіл-күйде болды.