«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау
Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады.
Заң жобалары әзірленген соң, Министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда.
Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңызды bilimdiel.project@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұсыныстар http://edu.gov.kz/ru/index.php,www.bilimdinews.kz электронды ресурсының «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылаудамыз» бөлімінде және республикалық «Білімді ел» газетінде жарияланатын болады.
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ
1. Заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2. Заңның жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасының тұжырымдамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы шеңберінде әзірленді, онда келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын». Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс».
Педагогтардың жағдайының жыл сайынғы жақсаруына қарамастан, білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне және оларды жұмыста ұстап қалуға әлі де ықпал ете алмай отырғандықтан, аталған себептерге байланысты педагогтардың жағдайын түбегейлі түзету үшін жеке Заң жобасы қажет. Республика тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында да педагог мамандығы үздік мектеп түлектерінің арасында әлі де аса қажеттілікке ие болмай отыр. Осылайша 2018 жылы 140 мүмкін баллдан педагогикалық мамандықтарға грантқа оқуға түсу үшін орташа балл - 78-84 баллды құрады (мамандықтар арасында аса төмен балл). Бұдан басқа, білім алушылардың көбі (70-80%) педагогикалық мамандыққа аса төмен 50 баллмен ақылы негізде оқуға...
Температуралық режим
Сабақтар тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы
1-4 сыныптар
1-9 сыныптар
1-11 сыныптар
секундына
2 метрге дейін
t - 30 С° және темен болғанда
t - 33С° және темен болғанда
t – 36 С° және темен болғанда
секундына
2 метр не одан да көп болғанда
t - 28С° және темен болғанда
t - 30 С° және темен болғанда
t - 33С° және темен болғанда
Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін болғанда температураға қарамастан, 1-4 сыныптарда сабақтар тоқтатылады.
Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін болғанда температураға қарамастан, 1-11 сыныптарда сабақтар тоқтатылады.
Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты алуға болады:
1) сағат7.00 - телевидениедегі жүгірпе жол түрінде; 2) сағат6.45 - радиодан тарату; 3) сағат 6.20 – goo.kz; 4) сағат 6.30 – @otdelobrazovaniyapvl; 5) сағат 6.20 – t.me/gookz.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.
Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.
Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.
4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;
әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген.
4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.
9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;
Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы:
- 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір...
ОЖСБ өткізу тәртібі
Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасын мониторингтеу түрлерінің бірі болып табылады.
ОБ ОЖСБ жүргізудің мақсаты:
білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.
ОБ ОЖСБ:
бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
ОБ ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді. ОБ ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайды.
Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді (тест тапсырмаларының үлгісімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады www.testcenter.kz/schools/voud-so-spec )
ОБ ОЖСБ 4,9 және 11- сыныптарда өткізіледі:
4-сыныпта қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі.
Тестілеуге 1 сағат 10 минут (70...
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласы
КІРІСПЕ
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды...
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.
100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.
Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.
Қажетті бағдарламалардың барлығы бар....
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын, жобалық персоналға арналған әдістемелік ұсынымдар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) мақсаттарына және қорытынды нәтижелеріне қол жеткізу үшін, тиісті жобалық ұйымдық құрылымды құруды көздейтін жобалық менеджмент әдістемесі қолданылады.Бағдарламаны басқару Ұлттық стандартын Қазақстан Республикасы бойынша Басшылық "жобаларды басқару" ҚР СТ ISO 21500 – 2014, сондай-ақ, "Agile" құралдарын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын болады.
I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР
Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағыты анықталды:
Бәсекелік қабілет;
Прагматизм;
Ұлттық бірегейлікті сақтау;
Білімнің салтанат құруы;
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Сананың ашықтығы.
Бұл бағыттар мақсаттарға жету деңгейін өлшеу үшін критериалды аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді
Бағдарламаны жүзеге асыру үш кезеңде өтеді деп жоспарлануда.
Бірінші кезең– 2017 - 2020 жж.
Кезеңнің міндететрі:
- орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған Бағдарламаның мақсаттары мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу мен бекітуді қоса алғанда, мақсатты белгілеу үдерістері, мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу үшін критериалдық аппараттар мен құралдарды құру...
«Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Атамекен» кіші бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Кіші бағдарламаның мақсаты - әрбір қазақстандықты өз мүддесіне пайдалы әрекет етуге үйретуге, бәсекеге қабілеттілін арттыруға және тұтастай алғанда қоғамның эволюциялық дамуына бағытталған, азаматтық жауапкершілік пен халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
«Атамекен» кіші бағдарламасы жергілікті қоғамның мәселелерін шешуде азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, волонтерлер, меценаттар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар күшін біріктіруге бағытталған.
Басқа кіші бағдарламаларға қарағанда, «Атамекен» кіші бағдарламасының іске табысты асырылуы мүдделі тараптардың қатысу деңгейіне байланысты. Әрбір қазақстандыққа өз Отанын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға, оны шешуге көмектесетін, интеллектуалды, адамдық және материалдық ресурстарды тартуға, әлеуметтік жетістіктердің «қозғалтқышы» болуына, сондай-ақ тәжірибе мен білім арқылыөз елді мекенінің белсенді, жауапкершілікті азаматы болуына ынталандыру - «Атамекен» кіші бағдарламасының негізі болып табылады.
"Атамекен" бағдарламасы 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады: "Әлеуметтік бастамалар картасы» мен...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»бағдарламасының«ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» кіші бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» (бұдан әрі - Кіші бағдарлама) кіші бағдарламасының мақсаттарына және қорытынды нәтижелеріне қол жеткізу үшін, тиісті жобалық ұйымдық құрылымды құруды көздейтін жобалық менеджмент әдістемесі қолданылады.
Бағдарламаны басқару Ұлттық стандартын Қазақстан Республикасы бойынша Басшылық "жобаларды басқару" ҚР СТ ISO 21500 – 2014, сондай-ақ, "Agile" құралдарын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын болады.
I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР
Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағыты анықталды:
Бәсекелік қабілет;
Прагматизм;
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Білімнің салтанат құруы
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Сананың ашықтығы
Бұл бағыттар мақсаттарға жету деңгейін өлшеу үшін критериалды аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді
Кіші бағдарлама мақсаты:Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, мықты, жауапты, шығармашыл Тұлға-Біртұтас ұлттың жетістік іргетасы болып білімге деген табынушылық табылады.
«Тәрбие және білім»кіші бағдарламасынжүзеге асыру үш кезеңде өтеді деп жоспарлануда.
Бірінші кезең– 2017 - 2020 жж.
Кезеңнің міндететрі:
- орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған...
«Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға арналған әдістемелік ұсынымдар
«РУХАНИ ҚАЗЫНА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
«РУХАНИ ҚАЗЫНА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жобаны басқарудың әдіснамасына негізделеді, ол жобаның ұйымдық құрылымын құруды көздейді.
I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бағдарлама келесі арнайы жобалардан тұрады:
- "Туған жер"
- " Казахстанның сакралды географиясы",
- " Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет ",
- "100 жаңа оқулық",
- "100 жаңа есім",
- "Қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауыстырылуы".
Бұл арнайы жобаларды жүзеге асыру төрт министрліктің (Білім және ғылым министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және байланыс министрлігі) құзыретіне кіреді. Басқару процестерін оңтайландыру үшін Бағдарлама төрт кіші бағдарламаға бөлінеді, олардың әрқайсысы сәйкес мақсатқа ие:
Білім және ғылым министрлігі - «Тәрбие және білім».
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі - «Атамекен».
Мәдениет және спорт министрлігі - «Рухани Қазына».
Ақпарат және байланыс министрлігі - «Ақпарат толқыны».
Бәсекелік қабілет;
Прагматизм;...
"Туған жер" бағдарламасын жүзеге асырудағы тұжырымдамалық тәсілдер
"Туған жер" бағдарламасын жүзеге асырудағы тұжырымдамалық тәсілдер
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсетті.
Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастырады.Осыған байланысты патриотизм ұлттық мемлекет стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздері өзінің кіші отанына, атамекені – Туған жеріне деген махаббатқа қаланады."Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты - өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы борыш, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) төрт Кіші бағдарламалардан тұрады және әрқайсысын бағытталған мақсатқа қол жеткізу үшін:
«Тәрбие және білім» – жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;
«Атамекен» - қазақстандықтардың азаматтық белсенділік пен жауапкершілік...
Тамақтандыру сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмыс қорытындысы.
Тамақтандыру сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмыс қорытындысы.
Тамақтандыру бойынша мектеп комиссиясының жұмыс қорытындысы
Тамақтандыру бойынша мектеп комиссиясының жұмыс қорытындысы
Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2018 - 2019 оқу жылының басталуы - 2018 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9...
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,...
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ КЕСТЕСІ
Бекітемін:_______________
Павлодар қаласының № 34
инновациялық үлгідегі ЖОМ
директоры Б.К. Айгожин
2018-2019 оқу жылына арналған
мектеп асханасының тамақтану кестесі
1 ауысым:
2 сабақтан кейін: ӘЖТ, 1А, 1Б, 1В, 1Г, 1Д, 1Е, 2В, 2Д
3 сабақтан кейін: 4Г, 4Д, 5Г, 5Д, 6Г, 6Д, 7Г,...
Мектептің Қамқоршылық кеңесі
Құрметті ата-аналар!
Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызметі – бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі.
Бекітемін:______________
Павлодар қаласының № 34
инновациялық үлгідегі ЖОМ
директоры Б.К. Айгожин...
