Құрметті оқушылар (және ата-аналар) !
№2 Оқу-өндірістік комбинаты 4 тоқсанда қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкенін хабарлаймыз. Күнделікті біздің ұстаздар сабақтарын сабақ кестесі бойынша Google Classroom платформасында жариялайды (төмендегі сілтемені қараңыздар).
Өтілген жаңа тақырыпты бір апта ішінде өзіңізге ыңғайлы уақытта оқып, берілген тапсырманы орындап, мұғалімге жібере аласыздар( нұсқаулық өздеріңіздің топтарыңызда берілген).
Егер де сіздерде немесе ата- аналарыңызда сұрақтар туындаған болса, оны сіздер «Google Classroom» платформасында немесе ОӨК call-центр телефоны 20-20-80 номері бойынша хабарласа аласыздар.
Оқу форматы өзгерсе де, біз сіздердің өздігінен білім ала алатындарыңызға және жауапкершіліктеріңізге сенеміз!
11 сыныптың сабақ кестесі «Авто ісі» 7 сыныптың сабақ кестесі Элективтік курсы «Кәсіптік бағдар беру»
