Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер

1) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді мемлекеттік қызмет алушыда электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «Электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауындағы жалпы білім беретін мектептер ғимараттарында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан;

- жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан;

- отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;

- төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан;

- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы жеке тұлғаларға көрсетіледі.

6) Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

- осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардың мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

- табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары);

- уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімін бекіту туралы шешімі.

Білім ұйымның алқалық органымен анықталатын төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан, білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы мемлекеттік қызмет алушылар үшін отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу актісі ұсынылады. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

Құжаттар сәйкестендіру үшін тұпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады, бұдан кейін құжаттар түпнұсқасы мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті органмен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық сандық қолтаңба қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алынады.

7) Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.