Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата-аналардың мектепке келу тәртібі

«Бекітемін»

Мектеп директоры

__________А. Сағынбаев

«___»__________2016 ж.

Ата-аналардың мектепке келу тәртібі

Мақсаты мектептегі оқу үрдісін тұрақтандыру, балалар өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін және санитарлық-эпидимиологиялық нормаларды орындауды қамтамасыз ету.

Жалпы тәртіп

  • Сабақ уақытында ата-ананың және басқа да бөтен адамдардың мектепке келуіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда, мектепке ата-ананың немесе басқа тұлғаның келуі алдын-ала мектеп әкімшілігімен немесе мұғаліммен келісіледі (таңертеңгі кезде киім кию үшін көмектесу мақсатында мектепке баланың ата-анасымен кіруіне рұқсат).

1.2. Мектеп жұмыскерлерімен кездесу үшін алдын ала телефон немесе күнделік арқылы кездесу уақыты мен орнын келісіп (телефон немесе күнделік арқылы (оқушы арқылы жіберілген жазбахат, ғаламтор және т.б.); мектепке келген кезде мектеп вахтасында тіркелсін: жеке куәлігіңізді көрсетіп, аты-жөніңізді атаңыз, келу мақсатыңыз, мектеп жұмыскерінің атын атаңыз, есіңізде болсын, мұғаліммен сабақтан тыс уақытта кездесіңіз.

1.3. Сабақ уақытында мұғаліммен кездесуге қатаң тыйым салынады. Тек қана үзіліс және сабақ аяқталғаннан кейін ғана кездесу рұқсат. Ата-ананы мектепке шақырған мұғалім вахтада күтіп алып,кездесу орнына немесе кабинетке апаруға міндетті.

1.4. Мектепке алдын ала келісімсіз мына жағдайда ғана келуге рұқсат: мектеп әкімшілігінің қабылдау уақыты кезінде, ата-аналар жиналысы, ашық есік күні, мерекелік іс-шаралар, өтініш берген кезде, қабылдау бөлмесінен анықтама алу кезінде.

1.5. Сыртқы киімді шешу қажеттігіне назар саламыз.

Ескертеміз, мұғаліммен тек қана сабақтан тыс және оқу процесінен кейін ғана кездесуге мүмкіндігіңіз бар!

Мұғалімдер мен оқушыларды сабақ үстінде шақыруға тыйым салынады!

  1. Бөтен адамдардың мектепке кіру рұқсаты.
  1. Мектепке бөтен адамдар білім беру мекемесінің әкімшілігімен келіскен кезде ғана кіруге рұқсат етіледі (бөтен адамдар деп білім беру мекемесімен, оқушылар және олардың ата-аналары (заңды тұлғалары) болып саналмайтын азаматтар).
  2. Бөтен адамдар мектеп вахтасындағы журналға келу мақсатын міндетті түрде жазып, белгіленген тұлға, әкімшіліктің рұқсаты болған жағдайда ғана кіруге рұқсат етіледі.