1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар!
Мемлекеттік тілде оқытылатын 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау: 2022 жылдың 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі.
Мектепке оқушыны қабылдағанда тапсыратын құжаттар:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3, 063/у) электрондық көшірмесі;
4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).