Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп тарихы

     Қалижан Бекқожин атындағы киелі шаңыраққа жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында   1996 жылы сәуір айының 3-інде ресми түрде Павлодар қаласындағы №12 мектеп, яғни біздің қара шаңырағымыз ақынның есімімен аталды. Қалижантану орталығын таныстырмас бұрын дәлізімізде ақынға арналған  «Қазақ поэзиясының жыр тарланы – Қалижан», «Ақынның ата-тек шежіресі», «Ақын және отбасы», «Ақын өз заманында» атты деректемелер бар.

             Бұл деректемелерде ақын  жайлы көптеген мағлұматтарсыр шертеді. Ақынның балалықтан даналыққа бастар жолына осы деректемелер айғақ. Қалижантану орталығы біріншіден, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінен және « ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың» атындағы кабинет  бастау алады. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің барлығы мектебіміздің бірінші қабатында орналасқан. Мектеп ұжымы ақынға арнап орталықты ашуды ойластырған. Ойлары іске асып,  Қалижантану орталығы бой көтерді. Орталығы 2003 жылдың 15 желтоқсанында ақынның 90 жылдық мерейтойына орай ашылған.  Орталықтың ашылуына ақынның жары Зайда Жанайқызы мен ұлы Ерлан Бекқожин келіп, өз ризашылықтарын білдірген және ақынның сырт киімі пальтосын, бас киімін, қасиетті қара домбырасын, көптеген кітаптарын, сыйлықтарын естелік ретінде тарту еткен. Сол ашылған сәттен бастап бүгінгі таңға дейін Қалижантану орталығы жұмыс істеуде. Мектебімізде 2008 жылдан бастап ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде «I Қалижан оқулары» өткізілді.  Қалижан оқулары содан бері дәстүрлі оқуға айналды. Жылда желтоқсан айында ақынның туған күнін атап өту біз үшін үлкен мәртебе.

Қазақ тілі мен әдебиет кабинеті

Мұражай 

  

Мәжіліс залы

  

https://goo.kz/loader/fromorg/25/2593