Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

1.Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

2.Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.

3.Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалау керек жалпы орта білім беру мекемесінде белгіленген, мектеп киім үлгісін киюді сақтау және мектепте түрлі конфессялардың діни киім үлгілерін мектепте киюге жол бермеуді (соның ішінде бас киімдер (тақиялар, бас орамалдар. т.с.с), ата-ана баласын мектеп формасымен,  қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.

4.Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.

5.Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.

6.Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.

7.Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

8.Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.

9.Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.                                                                                            

10.Баланың мектепке дейін және мектептен шыққан соң өмір қауіпсіздігіне ата-ана жауапты.                                                                                                          

11.Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге ата -ана міндетті.                         

12.Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;      

13.Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;                 

14.Балаға сағат 22.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;                                   

15.Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;