Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жарғысынан көшірме

6.     Білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата – аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен білім беру ұйымдарының қарым – қатынасын ресімдеу тәртібі

36.  Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мынаған құқылы:

1.       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2.       білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқыту бағдарламаларымен, жеке дара оқыту жоспарлары бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқытылуға;

3.       оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға; 

4.       өз бейімі мен қабілетіне сәйкес ақылы қосымша білім беру қызметін алуға;

5.       білім беруді ұйымдастыруды басқаруға қатысу;

6.       оқуға қайта алынуға, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға;

7.       білім беру ұйымдарындағы ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіпте оқулықтармен, оқу - әдістемелік құралдарымен және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;

8.       спорттық, оқу және мәжіліс залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;

9.       өз пікірі мен көзқарасын еркін түрде білдіруге; 

10.  өз адами ар - қадірін құрметтеуге; 

11.  оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін сыйақы алуға және марапатталуға;

12.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел әскери қызметке алынудан шегерілуге құқығы бар.

37.  Мемлекеттік мекемедегі білім алушылар мен тәрбиеленушілер мынаған міндетті:

1.       бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн стандарттары көлемiнде бiлiмiн, шеберлiгiн және тәлiм-тәрбиесiн меңгеруге;

2.       ішкi тәртіп қағидаларын сақтауға;

3.       мекеменің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;

4.       өзге білім алушылар мен қызметкерлердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

5.       білім беру ұйымының жарғысымен және білім беру туралы келісімшартта көрсетілген өзге де  талаптарды орындауға;

6.       өз денсаулығына қамқор болуға, рухани және дене бітімін жетілдіруге ұмтылу;

7.       педагог қызметкердің ары мен намысын сыйлауға, өздері оқып жатқан оқу орнының дәстүрін құрметтеуге міндетті.

8.       жалпы орта білім беру мекемесінде белгіленген, мектеп киім үлгісін киюді сақтау және мектепте түрлі конфессялардың діни киім үлгілерін мектепте киюге жол бермеуді (соның ішінде бас киімдер (тақиялар, бас орамалдар. т.с.с).

38.  Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерi:

1)       бiлiм беру мекемесiн баланың қалауы бойынша, жеке басының бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып таңдауға;

2)       ата – аналар комитеттері арқылы мемлекеттік мекеменi басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3)       білім беру ұйымынан өз балаларының үлгерiмi, тәртiбi мен оқу жағдайлары жөнiндегі ақпаратты алуға;

4)       психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берулерден өз балаларының оқыту және тәрбиелеу мәселелерi жөнiнде кеңес алуға;

5)       келісім негізінде олардың балаларының қосымша қызметтер алуына құқығы бар;

6)       мектеп киімі туралы мәселелерді талқылауға қатысуға және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

7)       Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, өзге де міндеттер.

39.  Ата-аналары және басқа заңды өкілдер:

1)       балалардың өмiр сүруi мен оқуы үшiн саламатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік және дене күшiнiң дамытылуын, адамгершiлiк жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2)       балалардың мектепалды дайындықтарын бес жастан бастап қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап жалпы орта білім беру мектебіне орналастыруға;

3)       баланы тәрбиелеу мен оқыту барысында мемлекеттік мекемемен ынтымақтастық жасауға;

4)       балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге;

5)       мемлекеттiк мекеменiң бала бүлдiрген мүлкiне материалдық жауапкершiлiк тартуға мiндеттi.

6)       оқушылардың жалпы орта білім беру мекемесінде белгіленген, мектеп киім үлгісін киюлерін қамтамасыз ету;

7)        Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, өзге де міндеттер.