Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп психологы

БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА

 

ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?

Мектепте:

·           Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;

·           Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;

·           Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;

·           Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;

·           Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;

·           Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.

 Отбасында:

·           Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет;

·           Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз;

·           Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз;

·           Талаптылықты – немқұрайлықтан, бостандықты – шектеуден, қатынастағы жылылықты – шеттетуден артық көріңіз;

·           Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз.

·           Отбасындағы қатынаста дерективті стильге жол берілмеуі керек!

·           Ортодоксалдық пайымдаудан аулақ болу керек;

·           Балалармен қатынаста өз қателіктерінді мойындай білу қажет.

Бала мен ата-ана кикілжіңін қалай дұрыс

жолға қоюға болады?

 

1.        Уақытты дұрыс таңдаңыз. Бала кешқұрым уақытта демалып немесе сүйікті ісімен айналысып жатқанда, салмақты әңгімені бастау қажет емес.

2.        Тек қана нақты мәселе туралы айтыңыз. Баланың бұрыңғы және алдағы уақыттағы жаман қылықтарын еске түсіру керек емес. Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызды одан сайын қиындатуы мүмкін.

3.        Мына сөздерден аулақ болыңыз:«сен қашанда» немесе «сен ешқашан» - бұл сіз шешейін деп жүрген мәселені, одан сайын қиындатады.

4.        Өзіңіздің қолыңызды жеткізу үшін, балаңыздың мәртебесін төмендетуді әдетке айналдырмаңыз.«Мен үлкенмін, менің тәжірибем бар» деген сөздер баланы сөйлетпеуге мәжбүрлейді, бірақ онымен мәселені шеше алмайсыз. Ақылдылықпен шешуге талпыныңыз.

5.        Тыңдаңыз, бала не айтады. Сәт сайын сіз балаңызды тыңдап отырғанда, оның ойы мен пікіріне құлақ асатыныңызды бет бейнеңізден көрсетуіңіз керек.

6.        Артық сөздерді қолданбау. «Қырсық», «жалқау», «жауапкершіліксіз», «тілазар» деген артық сөздерді қолданғанда, сіз балаға түкке тұрғысыз екендігін байқатып қаласыз. Және де осындай сөздерді естіп өскен бала, шынынды да болашақта сіз айтқандай болуы мүмкін.

7.        Болашақты алдын ала жорамалдамаңыз. «Сен ешқашан өзгермейсің», «осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады» және т.б. Осындай сөздер тек қана қиын мәселелерге көңілді аудартады.

8.        Келеке етуді доғару қажет.«Сен сондай кереметсің...» деп кекесінмен айтқан сөз арқылы сіз баланы - ақымақ етіп көрсетіп бересіз және бұл үшін жауапты емес екеніңізді байқатып қаласыз.

9.        Қайғы шегушінің рөлін ойнамастан бұрын, жақсылап ойланыңыз.Егер бала түзелмесе, ең қатал нұсқа – ауру немесе өзінің өлімімен қорқыту. Бұл баланы манипулировать ету.

10.    Ақша – ол дәлел емес. «Өзің ақша тапқан кезде ғана, өз пікіріңді айта аласың». Сіздер баланың тұлғасын қадірлеуге міндеттісіздер, оның өзіне шешім қабылдауына, көз-қарасын айтуына мүмкіндік беріңіздер. Бұл жерде ақшаның ешқандай қатысы жоқ!

11.    Өзіңіздің тәртібіңізге көңіл аударыңыз.Сіз балаңызды темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алып, түсіндіруін талап еттіңіз, бірақ өзіңізде осы жаман әдетті қолданасыз. Баладан бір нәрсені талап етпестен бұрын, ойланыңыз, ал өзіңіз осы талапқа сайсыз ба?

Есіңізге сақтаңыз!Қарым-қатынас кезінде бала сізге теріс эмоцияларын көрсетсе – бұл сізге деген сыйластық пен жақсы көруді ұмытты деген сөз емес! Қателеспеңіз және балаңызға, жақындарыңызға деген ыстық ықыласыңызды сақтаңыз.

ТҮЛЕККЕ ЖАДЫНАМА!

ҰБТ-ға дайындаламыз!

·         Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

o    Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.

o    Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста.

o    Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

o    Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.

o    Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.

o    Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте.

o    Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. Өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.

Зейін белсенділігін арттыратын жаттығулар

жағымды иістердің болуы: лимон, лаванда иістері.

баяу, тыныш әуендер – жаңбыр, табиғат дыбыстары және т.б.

жұмыспен дем алуды кезектестіру.

уақытша басқа іс-әрекетке ауысу тәсілдері.

дем алуды белсенді қимылмен қамты: жағымды әуенге билеу.

емтиханға дайындалып жатқан бөлмені дем алу кезіңде әрсайын босатуға тырыс.

дем алу кезіңде терезеге жақындап аспанға, ағашқа, көшеде бара жатқан адамдарға қарап, олардың не ойлап жатқандарын қиялдап көр.

қолдарынды 2-3 минутқа суық суға сал.

күнделікті, емтиханға дайындық кезіңде өзіңе жағымды және бақыт әкелетін іспен айналасуға уақыт бөл.

ҰБТ-ны тиімді және сапалы орындау жолдарын ұсынамыз

Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.

Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.

Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.

Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.

Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.

Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.

Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.

Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.

Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!