Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналар назарына

Балалардың мазасыздығының  алдын алу бойынша психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңестер:

 

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Интернетке, компьютерге тәуелділіктің алдын алу бойынша кеңестер.

 

1. Жасөспірімнің әр түрлі жұмысбастылығын қамтамасыз етіңіз (үйірмелер, секциялар, қызығушылықтардың кең таралған спектрін құптау).

2. Ерте жастан бастап үйдегі міндеттерге баулыңыз.

3. Күн сайын балаңызбен сөйлесіңіз. Оның өміріндегі оқиғалардан, қуаныштары мен күйініштерінен, проблемалары мен жетістіктерінен хабардар болыңыз.

4. Барлық қолжетімді құралдар арқылы оның ой-өрісін кеңейтіңіз (бірлескен саяхаттар, көрме, мұражай, театрларға бару).

5. Міндетті түрде жасөспіріснің шынайы өміріндегі –оқудағы, спорттағы, шығармашылықтағы кез келген жетістіктері үшін жігерлендіріп отырыңыз.

6. Балаңызды компьютерде ұзақ уақыт отырудың оның денсаулығына келтіретін зияндарымен таныстырыңыз (көру қабілетіне зиян, омыртқада проблемалардың пайда болуы).

7. Жасөспірім пайдаланатын компьютерлік ойындарға, бағдарламаларға цензура жүргізіңіз.

8. Жасөспірімге Интернетке бақылаусыз кіруге рұқсат бермеңіз. Онымен бірге белгілі бір сайттарға кіруге тыйым салу жолдарын ойластырыңыз.

9. Компьютерді танымдық және білім алу мақсаттарында пайдаланыңыз.

10. Жасөспірім үшін белгілеген ережелеріңізді өзіңіз бұзбаңыз.

Бала мен ата-ана кикілжіңін қалай дұрыс

жолға қоюға болады?

 

1.        Уақытты дұрыс таңдаңыз. Бала кешқұрым уақытта демалып немесе сүйікті ісімен айналысып жатқанда, салмақты әңгімені бастау қажет емес.

2.        Тек қана нақты мәселе туралы айтыңыз. Баланың бұрыңғы және алдағы уақыттағы жаман қылықтарын еске түсіру керек емес. Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызды одан сайын қиындатуы мүмкін.

3.        Мына сөздерден аулақ болыңыз:«сен қашанда» немесе «сен ешқашан» - бұл сіз шешейін деп жүрген мәселені, одан сайын қиындатады.

4.        Өзіңіздің қолыңызды жеткізу үшін, балаңыздың мәртебесін төмендетуді әдетке айналдырмаңыз.«Мен үлкенмін, менің тәжірибем бар» деген сөздер баланы сөйлетпеуге мәжбүрлейді, бірақ онымен мәселені шеше алмайсыз. Ақылдылықпен шешуге талпыныңыз.

5.        Тыңдаңыз, бала не айтады. Сәт сайын сіз балаңызды тыңдап отырғанда, оның ойы мен пікіріне құлақ асатыныңызды бет бейнеңізден көрсетуіңіз керек.

6.        Артық сөздерді қолданбау. «Қырсық», «жалқау», «жауапкершіліксіз», «тілазар» деген артық сөздерді қолданғанда, сіз балаға түкке тұрғысыз екендігін байқатып қаласыз. Және де осындай сөздерді естіп өскен бала, шынынды да болашақта сіз айтқандай болуы мүмкін.

7.        Болашақты алдын ала жорамалдамаңыз. «Сен ешқашан өзгермейсің», «осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады» және т.б. Осындай сөздер тек қана қиын мәселелерге көңілді аудартады.

8.        Келеке етуді доғару қажет.«Сен сондай кереметсің...» деп кекесінмен айтқан сөз арқылы сіз баланы - ақымақ етіп көрсетіп бересіз және бұл үшін жауапты емес екеніңізді байқатып қаласыз.

9.        Қайғы шегушінің рөлін ойнамастан бұрын, жақсылап ойланыңыз.Егер бала түзелмесе, ең қатал нұсқа – ауру немесе өзінің өлімімен қорқыту. Бұл баланы манипулировать ету.

10.    Ақша – ол дәлел емес. «Өзің ақша тапқан кезде ғана, өз пікіріңді айта аласың». Сіздер баланың тұлғасын қадірлеуге міндеттісіздер, оның өзіне шешім қабылдауына, көз-қарасын айтуына мүмкіндік беріңіздер. Бұл жерде ақшаның ешқандай қатысы жоқ!

11.    Өзіңіздің тәртібіңізге көңіл аударыңыз.Сіз балаңызды темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алып, түсіндіруін талап еттіңіз, бірақ өзіңізде осы жаман әдетті қолданасыз. Баладан бір нәрсені талап етпестен бұрын, ойланыңыз, ал өзіңіз осы талапқа сайсыз ба?

Есіңізге сақтаңыз!Қарым-қатынас кезінде бала сізге теріс эмоцияларын көрсетсе – бұл сізге деген сыйластық пен жақсы көруді ұмытты деген сөз емес! Қателеспеңіз және балаңызға, жақындарыңызға деген ыстық ықыласыңызды сақтаңыз.