Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛАЙ КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

https://bilim-pavlodar.gov.kz/media/img/photohost/5dde41b4ba135.jpg

Кітапхана оқырмандары құқылы:

 

  • Сыпайы қарым – қатынас пен сапалы қызметке ;
  • Кітапхана қорынан оқу залында қолдануға ғана болатын аса құнды және сирек кітаптардан басқа құжаттарды уақытша (15 күннен 30 күнге дейін) қолдануға;
  • Кітап қорын сақтау мақсатында бес кітаптан асырмай кітап алуға;
  • Кітап іздеу және таңдау барысындағы кеңесті, кітапхана қорының құрамы, оның жаңаруы, қажетті басылымдары туралы ақпаратты тегін алуға;
  • Дәстүрлі және электронды түрдегі каталогтар мен картотекалар негізінде жаңа ақпараттық қорды игеруге;
  • Қостанай қ. уақытша тұрып жатқан азаматтар кітапхана ғимаратында ғана (оқу залында) кітапхана қорын қолдана алады;
  • Барлық қызмет түрлерін қолдануға: әдебиеттің тақырыптық таңдауы; анықтамалар орындау, жеке библиографиялық ақпараттандыру;
  • Кітапхана ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысуға.

 

Кітапхана оқырмандарының міндеттері:

 

  • Кітапханаға жазылмас бұрын Кітапхананы қолдану ережесімен танысуға және ондағы міндеттерін оқырман формулярына қол қою арқылы бекітуге;
  • Үйге алынған әр дана үшін формулярға қол қоюға. Оқырман формуляры мен кітап формуляры баспа шығармаларының, басқа да құжаттардың тұтынушыға тапсырылған мерзімі мен деректерін куәландыратын құжат болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-4 сынып оқушылары абонементте алған құжат үшін қол қоймайды;
  • Кітапхана қорынан алынған кітаптар мен құжаттарға ұқыптылықпен қарап, оған қамқорлық көрсетуге;
  • Кітапты тапсыру мерзімі өтіп кеткен жағдайда телефон бойынша немесе кітапхана сайты бойынша ұзартуы қажет;
  • Тұтынушы кітапхана қызметкерлері мен өзге оқырмандарына сыйластық танытуға;
  • Мекен – жайы, аты-жөні өзгерсе, немесе басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы керек;
  • Басылымды жоғалтып алса, соған лайық басқа кітап қайтаруы керек.