Сенім телефоны
66-96-82
email: schol_13.pavl@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов 45/1 көшесі.
Қабылдау бөлімі: 31-65-93; Директор: 31-65-12; Бухгалтер: 31-63-19;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда2937645
Бір айда219645
Бір аптада48824
Кеше8020
Тәулік467
МЕКТЕП ТУРАЛЫ

Біздің мектептің тарихы.

1925 жылы, жүзушілердің балаларына арнап, біздің мектеп өз есігін ашты. Тек орта білім беру ғана емес, кеме жөндеу зауытына керекті маман беру - сол кездегі мектептің ең басты мақсаты. Мектепті Николай Корнилович Васильев басқарды- әлемге атақты Павел Васильев ақынның әкесі. Біздің №13 ЖОМ – ең ескі мектептердің бірі. Бұл мектепке 200 оқушы сиятын , ал мұғалімдердің саны-13 адам. Мектептің жалпы көлемі- 380,40 шаршы метр. Кабинеттердің саны-7. Осыннан мектеп бітірушілер соғысқа барған. Онда қайтқан мектеп бітірушілердің есімдері мемориалдық тақтаға қашалып, мектеп қабырғасына ілінді. 1961 жылы мектеп 8- жасты мектептің статусын алып, 1997 жылға дейін №13 толмаған орта мектеп деп есептелді. Ғимарат ағаштан жасалып, бір қабатты болды. 1997-1998 оқу жылдары мектеп орта мектеп статусын алды, бала-бақша ғимаратына көшті. Жалпы көлемі- 100 шаршы метр. Сынып бөлмелері-28. Жүзу бассейіні-100 шаршы метр. Оқушылардың саны-743, мұғалімдердің-35. Мектептің мерейтойы кең аталып өтті, Куйбышев атындағы клубында ата-аналар, мектеп ардагерлері, ұстаздар, мектеп бітірушілер жиналды. Мұнда атақты ақын- Людмила Гришина да келді. Туып өскен жері Павлодар, 30 жылдан астам «Звезда Приртышья» газетінде жұмыс атқарып жүр. Кішкентай мектебімізге арналған өлеңдер оқылды.

Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен, Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен, Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп, Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем.

Жылсайын Женіс күніне арналған митингтер дәстүрге айналды. Педагогикалық ардагерлерімен мұғалім күніне арналған кездесулер өтеді. Мектептегі кітапхана- бұл ақпараттық, мәдени орталық. Оқулық әдебиетінің қоры – 45 507 дана, сонымен қатар электрондық оқулықтар, теледидар, видео, компьютер бар. Біздің мектеп Потанин атындағы тарихи- өлкетану мұражайымен ылғи тығыз байланыста болады. Өз ардагерлерімізді ұмытпаймыз. Өмірлерін жеңілдетіп, жақсартқымыз келеді, жақсы сөзбен, ілтипатымызбен қуантамыз. Біздің мектеп балалары әр ардагерді біледі, мерекелермен құттықтайды, оларға арнап концерт қояды.

Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың.