Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің 2018 – 2019 оқу жылындағы жұмыс анализі

Мектептің 2018 – 2019 оқу жылындағы жұмыс анализі

Анализ мақсаты: мектептің  өткен кезеңдегі қызмет қорытындысы бағасын жүзге асыру; оның әрі қарай дамуының таңдаулы нұсқаларын анықтау; мектептің жаңа оқу жылындағы қызмет жүйесін жобалау. 

Анализ дереккөздері.

  1. Білім беру үдерісінің статистикасы.
  2. Мектепішілік бақылаудың жүйелендірілген мәліметері. 

 

    2018-2019 оқу жылы мектептің педагогикалық ұжымының  қызметі ҚР «Білім туралы»  Заңын, мектеп Жарғысын, бұйрықтарын, әдістемелік хаттар мен ҚР БҒМ, Павлодар облысы ББ және Павлодар қаласының білім бөлімінің  ұсынымдарын, сондай-ақ, білім  беру  үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы  мәселелерді  реттеуші шеңбер белгіленген  ішкі бұйрықтарды басшылыққа алды.

 Мектепте арнайы сыныптар бар – сөйлеуі жалпы дамымаған (СЖД), психикалық дамуы тежелген балаларға арналған (ПДТ). Арнайы сыныптарды ашудағы басты мақсат ерекше білім беруді қажет ететін балаларға  олардың  жеке-типологиялық  еркшеліктеріне, денсаулығының  соматикалық және жүйкелі-психикалық  жағдайына сәйкес тиімді жағдайларды  қамтамасыз ету болып табылады.

    2018-2019 оқу жылы мектеп ұжымы «Мүмкіндіктері шектеулі (СЖД және ПДТ) балаларды жалпы  білім  беру  мектебі жағдайында оқытудағы  жаңа тәсілдер»  атты әдістемелік тақырыптағы жұмысты аяқтады. Әдістемелік  жұмыстың мақсаты: оқушыларға  функционалды  сауаттылық пен табысты әлеумттендіруді  қалыптастыру  үшін жағдайды  қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесілер қажетті болды:

1.Мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігі  мен біліктілігі деңгейін  үздіксіз  арттырып  отыру     үшін олардың қызметін жүзеге асыруда мектептің басты бағытындағы  жұмысты ескере отырып  жағдай жасау.

2. Білім беру мониторингі мен диагностикасы жүйесін, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі деңгейі мен әдістемелік дайындығын жетілдіру.

3. УВП-ға жаңа білім беру технологияларын, оның ішінде дамытушылық, денсаулықсақтау, ақпараттық технологияларды  енгізуді  қамтамасыз ету.

4. Оқушылардың  танымдылық және интеллектуалдық  қабілеттерін пәндер бойынша әртүрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы дамыту үшін жағдай жасау.

         Тақыпыты жүзеге  асыру  жылдар бойынша  құрылған  және 2018-2019 оқу жылы  мектеп «Білім беру үдерсі сапасын арттыруда жаңа тәсілдерді енгізу рөлі» тақырыбы бойынша жұмыс жасады.

         Мектептің міндеті – ерекше білім  беруді талап  ететін оқушыларға  функционалды  сауаттылық пен таысты әлеуметтендіру  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  білім  беру  ортасын  құру арқылы сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету.

         Мектептің әлеуметтендіру, оқушылардың  оқуға деген  ынтасын  арттыру  міндеттерін шешудегі рөлі келесідей:

-оқыту мен тәрбиелеудегі ұйымдастырушылық, психологиялық және әдістемелік тәсілдерді жетілдіру;

-оқушылардың табысты  түрде  әлеуметтік бейімделуі мәселелерін шешу;

-рухани-адамгершілік тәрбиені қамтамасыз ету және оқушылардың құндылық бағдарын қалыптасрыту.

Мектеп қызметінің құндылық негіздері төмендегідей қалыптастырылады:

-білім беру нәтижелері әрбір баланың жеке мүмкіндіктері есебімен дамуын қамтамасыз етуі тиіс;

-оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барлық кезеңдерде  танымдылық, эмоционалды-ерікті саланы, әлеуметтік интеграцияны дамытуға бағытталған;

-оқыту кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психолого-педагогикалық, медико-әлеуметтік көмек пен оқу, тәрбие, денсаулық және әлеметтендіру мәселелерін шешуде қолдау көрсетіледі;

-әр мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы, кәсіби қызметінде  өзін-өзі жетілдіру үшін жағдайлар жасау.

Жыл сайынғы жұмыс анализінің мазмұны барлық педагогикалық ұжымның жұмысы туралы түсінік

 

 беріп, қорытынды  жасауға  мүмкіндік жасайды: оқыту  үдерісі  жан-жақты зерттеледі; тексерілетін аспектілер бойынша шешімдер объективті; әрбір қаралатын мәселе бойынша кемшіліктер, проблемалар анықталып, оларды  шешу  жолдары  белгіленеді. Мектептің жоспарлары, бағдарламалары  негізделген, оларда  нақты  ресурстар, мүмкіндіктері мен салдары ескеріліп, жұмысты болжауда, жоспарлауд  жүйелі  тәсілдер  қадағаланады.

 

  1. Мектептің білім беру туралы мемлекеттік нормативті құжаттарын орындауға бағытталған қызметін ұйымдастыру

       

        1) ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, баланың мектепте тегін білім алуына құқықты жүзеге асыру мақсатында мектеп жасындағы балаларды оқымен қамту бойынша қызмет жүзеге асырылуда. Оқуды толық қамтуды қамтамасыз ету үшін мектепте оқушылардың электронды мәлімет базасы құрылған (1-10 сынып).

      2) Жоспарға сәйкес, 2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың қаңтарында мұғалімдердің пәндік күнтізбелік-тақырыптық жоспары бекітілді.    

     3) 2018-2019 оқу жылы  мектепте 35 комплект-сынып болды, оқыту орыс  және  қазақ тілдерінде жүргізіледі (7»к» сынып). Бастауыш мектепте 1 комплект-сынып бар, оның 6-ы СЖД сыныптар, 10 сынып ПДТ. Жалпы 19 сынып бар, оның 4-уі ЖСД, 15-і ПДТ сыныптар.

 

                                          Мектеп оқушыларының үш жылдағы  контингенті

Оқыту сатысы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Бастауыш мектеп

14

137

16

171

16

179

Негізгі мектеп

18

168

19

178

19

174

Барлығы

33

311

35

349

35

353

 

 

Осылайша, ПДТ және ЖСД балаларға арнаған сыныптар санының артуы ерекше білім беруді қажет ететін және мүгедек балалары бар ата-аналардың, қалада ғана емес, қаладан  тыс жақта тұратын ата-аналардың да мектепке деген сұранысының артқанын білдіреді. 2018-2019 оқу жылындағы 1-қыркүйекте оқушылар саны 353-ті құрады. Оқу жылы бойы мектепте оқыту екі ауысымда жүргізілді. Бірінші ауысымда оқитын оқушылар саны – 165 болса, екінші аусымда оқитын оқушылар саны – 188 болды.

 

Оқытудың І-сатысы

1 – 4 сыныптар

179 адам

ЖСД сыныптарда   60  

6 комплект-сынып                           

1а,1б,2а, 2б,3а, 4а

ПДТ сыныптарда 119

10 комплек- сынып

1в,1г, 2в, 2г, 2д, 3б, 3в, 3г, 4б,4в

Оқытудың ІІ-сатысы

5 – 10 сыныптар

174 адам

ЖСД сыныптарда 33  

4 комплект- сынып

 5а, 7а, 8а, 9а

ПДТ сыныптарда 141

 

15 комплект- сынып

5б,5в, 5г, 6а, 6б, 7б, 7в,7г, 7к, 8б, 8в, 8г, 9б, 10а, 10б

 

Оқу жылының соңында мектеп оқушылары контингенті 346 адамды құрады, бұл оқу жылының басымен салыстырғанда 7 адамға аз болды. Оқу жылы бойымектепке 15 оқушы келіп, 22 оқушы шығып кетті.

    

 

Шығып кетудің басты себептері:

1.  Қаладан тыс басқа жерге қоныс аудару

2.  Басқа мектепке ауысу

3.  Арнайы мектеп-интернаттарға ауыстырылу

        2018-2019 оқу жылы сыныптардың орташа толықтырылуы – 10 оқушыдан болды, бұл оқушыларға  сапалы білім  берудің  тиімді   жолы болып  табылады.

        Мектеп әкімшілігі  азаматтардың  білім  алу  құқығын  жүзеге  асыру  бойынша  атқаратын қызметінде ҚР заңнамасын, білім  беру саласындағы  нормативті құжаттарды  басшылыққа  ала отырып, азаматтардың білім  алуының конституциялық құқығының сақталуын үнемі бақылауда ұстайды.

          Оқушыларды  қабылдау ата-аналардың өтініштері мен мектеп директорының бұйрығы негізінде жүргізіліп, бұйрықтар кітабына тіркеледі. Барлық келген және шығып кеткен оқушылардың білім беру мекемесіне келуі және кетуі туралы құаттары бар.

        Оқушыларды жеке үйде оқыту

          Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды  жеке  үйде оқытуды ұйымдастыру оқыту бағдарламаларын мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде меңгеру міндетін қояды. Аталмыш санаттағы балаларды  әлеуметтік қорғаудың маңызды формасы олардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алып, қоғамға әлеуметтік бейімделу мен интеграция, отбасының өз баласын тәрбиелеу мен дамытудағы рөлін арттыру болып табылады. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке барып оқи алмайтын балалар үшін үйде оқыту түрі әрекет етеді.   

          Үйде оқытуды жүзеге асыратын педагогтар, психологтар мен логопедтер келесі бағыттар бойынша арнайы қолдау көрсетеді: оқыту үдерісі   шеңберіндегі көмек  көрсету, оқуға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, ата-аналармен  қарым-қатынас  жасау. Салыстырмалы анализ үш жыл бойы ұзақ уақыт үйде оқытылатын оқушылар санының артқанын көрсетті. 2016-2017 оқу жылы 46 оқушы жеке үйде  тегін оқытылды (жалпы оқушылар санының 15%-ы), 2017-2018 оқу жылы – 64 оқушы (18%),  2018-2019 оқу жылы – 78 оқушы (22%) оқытылды.  Оқушылардың барлығы ВКК анықтамасы қорытындысы негізінде оқытылуда. Мүгедек балалар саны арта түсуде. 2016-2017 оқу жылы мектепте 60 мүгедек бала оқыса, 2017-2018 оқу жылы 65, ал 2018-2019 оқу жылы – 79 болды.

         4) Оқу жылы бойы толық емес, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына және жетім балаларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Мектепте ыстық тамақпен  262 бала қамтылған  (74,3%), буфеттік тамақпен –  87 (25,7%) ата-аналар есебінен, тегін буфеттік тамақтандыру жоқ. Жалпы тамақтандыруен қамтылған балалар саны – 349. Жалпыға бірдей оқыту қоры есебінен тамақтандырумен  аз қамтамасыз етілген отбасылары балаларынан 81 оқушы қамтылған, жалға алушы есебінен – 3 оқушы қамтлыған.

         Одан басқа, кеңсе тауарлары мен мектеп заттары түрінде материалдық көмек те көрсетілді, сондай-ақ, жалпыға бірдей оқыту мен педагогтар мен ата-аналар есебінен жаңа және пайдаланылған  киім мен аяқкиім түрінде 1142100 теңгеге көмек көрсетілді.

         5) Оқушылардың мектепке  келуіне бақылау  жасау  үшін белгілі  бір жүйе  орнатылған, сынып жетекшілері күн сайын мектепке келу есебін жүргізіп отырады, оқушының  мектепке  келмеу себебі анықталады. Мұндай есеп электронды «Күнделік» журналында және оқушылардың сабаққа келу есебі журналында белгіленеді. Сынып жетекшілері күн сайын оқушылардың мектепке келуі туралы есеп тапсырады және әр айдың соңында салыстырмалы есеп тапсырады, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары  оқушылардың сабақтарға қатысуы негізінде анализ жасап,   анықтама  жазылады.

         6) Мектеп қалалық психолого-медико-педагогикалық комиссиясымен мектеп оқушылары контингентін жинақтау жөніндегі  мәселелер бойынша, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісу бойынша  тығыз байланыс жасайды.

    

II.Педагогикалық  кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестациялау.

  1) Білім беру сапасы педагогикалық  құрамның сапасымен анықталуда. Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы «ҚР-дағы жалпы  білім  беретін  мектептер  қызметін  ұйымдастыру тәртібі туралы» Ережеге  сәйкес  келеді, оқыту-тәрбиелеу  үдерісін  нәтижелі  түрде  жүзеге асырып, педагогикалық шеберлікті дамытумен айналысуға мүмкіндік береді.

        

 

          2018-2019 оқу жылы мектеп толығымен қажетті педагогикалық кадрлармен толықтырылды. Педагогикалық кадрлардың  оқыту жүктемесі  заңнамалық нормаларға және педагогтардың сұраныстарына сәйкес келді.

 2018-2019 оқу жылы мектепте барлығы 83 мұғалім болды, сонымен қатар, педагогтарға теңестірілгендер (10): 2 психолог, 1 әлеуметтік педагог, 6 логопед , 1 тәлімгер.

Жоғары  білімді  мұғалім – 80 (96%), орта арнайы біліммен 3 (4%).

        Педагогтардың көбінің бай педагогикалық тәжірибелері бар. 2018 жылғы 1 қыркүйекте 20    жылдан аса еңбек өтілімен 45 мұғалім болды, 16 жылдан 20 жылға дейінгі еңбек өтілімен 8 педагог болды, 11 педагогтың 11 жылдан 15 жылға дейінгі еңбек өтілі болды, 3 жылдан 10 жылға дейін еңбек өтілімен – 17 адам болды және 2 мұғалімнің 3 жылға дейінгі еңбек өтілі болды. Осылайша, мектептің 64 педагогының (жалпы педагогтар санының 76%-ы)жаңа оқу жылы басында 10 және одан да көп жылдар еңбек өтілі  болды.

        Педагогикалық ұжымның сапалық құрамы сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жоғары кәсіби потенциалы туралы да айтады. Жоғары санатты педагогтар – 43 (олардың 7-уі педагог-зерттеушілер), бірінші санатты – 15 (олардың 1-уі педагог-сарапшы), екінші санатты – 18 (олардың 6-ы педагог-модератор), санатсыз мұғалімдер – 5. Осылайша, жоғары және бірінші санатты педагогтар -58, бұл жалпы білім беретін оқыту мекемелері қызметінің лицензияланған талаптарына сай келеді.

         Әдістемелік жұмыс

         Педагогикалық  ұжым қызметінің бірден-бір басты мақсаты білім беру сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш мақсатты жүзеге   асыру үшін  оқушылардың  оқудағы жетістіктерін  арттыруға  мүмкіндік  жасайтын, олардың  функционалдық  сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін  бірден-бір  жағдай  секілді оқыту  үдерісіне  жаңа  педагогикалық технологияларды  енгізуді  меңгеру  арқылы  жүзеге  асырылатын  «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларды  ПДТ және СЖД) оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер» атты әдістемелік қызмет тақырыбы белгіленген.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесімен қамтамасыз етіледі:

   ҚР білім беру саласындағы заңнамамен, нормативті құжаттармен, нұсқаулықтармен, ҚР БҒМ бұйрықтарымен, ҚР БҒМ ұсынымдарымен, мектепті дамыту бағдарламасымен.

         Білім беру үдерісі жағдайының нәтижелерімен, оқыту,  оқушыларды тәрбиелеу және дамыту   деңгейімен.

           Инновацияны меңгерумен, оқыту қызметіне ИКТ енгізумен.

    Педагогтардың  кәсіби қызығушылықтары мен сұраныстарының болуымен.

 Әдістмелік жұмыстың мақсаты: педагогикалық шеберлікті  арттыруға деген қызығушылықты, педагогикалық құзыреттілік приоритетін, ұжымның шығармашылық ізденісін  қалыптастыру.

     Бұл мақсатты жүзеге асыруда мектепішілік басқару мен мектеп қызметінің жүйесімен байланысты міндеттер де қозғалды.

        Педагогикалық  ұжымның мектептегі жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту-тәрбиелеу үдерісі үшін білім беру  үдерісіне қатысушылардың барлығының денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға мүмкіндік жасайтын педагогикалық тәсілдердің, білім беру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті әдістемелер, бағдарламалар, технологиялар, дәстүрлі емес сабақтар  мен басқа да ғылыми-әдістемелік өңдеулер қажетті педагогикалық құралдарды  апробациялау мен  енгізуге бағытталған.

Әдістемелік қызметтің құрылымына әдістемелік кеңес, 8 пәндік әдістемелік бірлестіктер кіреді.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

-қазіргі заманғы  білім беру технологияларын енгізу;

-педагогикалық  кадрлардың  кәсіби құзыреттілігін арттыру;

-білім берудің жекешелендіруін және дифференциацияларын қамтамасыз ету;

-функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту бойынша әдіс, тәсілдерді меңгеру.

 Мектептің әдістемелік тақырыбына сәйкес педагогтардың өз білімдерін жетілдіру тақырыптары бойынша жұмыс жалғастырылды. Әрбір ӘБ мектептің әдістемелік тақырыбына байланысты өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасайды және өз қызметінде ең алдымен, әрбір жеке мұғалімге әдістемелік көмекті ұйымдастыруды бағдарлайды.

 ӘБ білім беру қызметіне талдау жасай келе, келесі аспектілерді атап өтуге болады:

1. ӘБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мемлекеттік бағдарламалар талаптарына сай

жүзеге асырылып, білім берудің барлық деңгейіндегі нормативті-құқықтық және басқа да құжаттар негізінде жүргізіліп, білім алушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталды.

2. Барлық пән мұғаімдері  білім беру үдерісін ҚР БҒМ жалпы білім беретін мектептерге арнап жасаған бағдарламалары   негіз болатын  жұмыс  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырды.

3. Озық педагогикалық тәжірибені ұсыну мен жалпылау бойынша жұмыс бұрынғыша тиімсіз болып қалуда. Аталмыш бағыт бойынша негізгі проблема  педагогтардың  аналитикалық материалдарды  дайындағысы  келмейтіндігі; көптеген педагогтардың өздерінің жұмыстарын жүйелендіре  білмеуі  болып  табылады.

4. ӘБ жұмыстарының жоспары мен анализінде ӘБ білім берудің аса проблемалық мәселелерін қарастыратыны, әртүрлі проблемаларды  шешу жолдарын іздеп, табатыны, өз жұмысында мектеп жұмысының нәтижелі болуына  жағымды әсер ететін белсенді формаларды қолданатыны туралы атап өтілген. Бұл мектептегі ӘБ мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырудың үздіксіз  үдерісін  қамтамасыз етуге көмек жасайтынын айтуға мүмкіндік береді.

5. Дегенмен, ӘБ басшыларының жұмысты жоспарлау мен анализ жүргізудегі жұмысын атап өту керек: міндеттерді, мәжілістердің және тіпті ашық сабақтардың  тақырыптарының қайталануы, мұғалімдердің конкурстарға қатысуы мен  мәлімет цифрлары өзгеріп тұрады.                                            6. Мектепте мұғалімдердің ақпараттық технологияларды  меңгеруіне көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде мектептегі барлық мұғалімдердің  үйлерінде компьютерлері бар, бұл әрине, аталмыш бағыттағы жұмысты жеңілдетеді. Бірақ, мұғалімдердің барлығы бұрынғыша ИКТ-ны жүйеде қолданбайды. Және де мұғалімдер жұмысында компьютердің жетіспеушілігінен ақпараттық технологияларды  қолданбайды  емес, ал мұғалімнің осы  мәселеге деген  қарым-қатынасына байланысты.

Әдістемелік бірлетіктер қызметінің тиімділігі  жұмыстың  сапасымен және өткен жылғы қызмет анализімен анықталады. Әдістемелік бірлетіктердің 2018-2019 оқу жылындағы қызметі келесілерге бағытталды:

1. Оқу және оқыту жағдайының анализіне және білім сапасына, оқушылардың пән бойынша білімдері мен дағдыларына (тақырыптық және әкімшілік бақылау жұмыстары мен олардың талдауларының нәтижелері, сабақтарға қатысу мен сабақтардың, сыныптан тыс шаралардың талдауы, тиімді педагогикалық технологиларды оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мақсатында қолдану және т.б.).

2. мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу(сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастыру сапасы, мұғалімнің пәнді оқытуға деген қызығушылықты және пәндік компетенцияларды қалыптастыруды дамыту мақсатында қолданатын оқыту әдістерінің тиімділігі).

3. мұғалімдердің өзекті тәжірибені зерттеулері және оны шығармашылық тұрғыдан қолдануы. 

4. пән бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру. 

5. мұғалімдердің ақпараттық мәдениетті дамытуы және ИКТ сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда қолдануы.

6. әдістемелік көмекті ұйымдастыру және мұғалімнің өз білімін жетілдіру бойынша қызметін ұйымдастыруға көмек көрсету.

7.қажетті әдістемелік-дидактикалық материалдарды өңдеу мен жүйелендіру және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіру.

         Педагогикалық ұжымның барлық мүшелері жеке әдістемелік тақырып немесе проблема бойынша жүйелендірілген, жоспарлы өз білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Өз білімін жетілдіру мәселелері ӘБ отырыстарында  қарастырылып, талқыланады.

 Мектептің әдістемелік жұмысында сабақты  ұйымдастыру  түрлері мен әдістерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Сабақтарға қатысу мен бақылау жасаудың басты бағыттары: оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру; оқушылардың  танымдылық  қызметін белсендендірудің әдіс-тәсілдері; пәнді оқыту жағдайы; әртүрлі деңгейдегі оқытуды қолдану; ИКТ қолдану, мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық, оқу үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс, қайталауды ұйымдастыру оқытудың сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында таңдалады, сабақтар құрылымы мен сабақтарда қолданылатын қажетті тәсілдерді таңдау.
Қорытынды: сабақтарға қатысу көрсетеді: сабақтар сауатты түрде құрастырылуымен, дидактикалық принциптерге сәйкестігімен, рационалды  құрылымымен   және ырғағымен, заманауи  педагогикалық технологияларды  қолданумен  ерекшеленеді.  Мектеп педагогтары  білім  беру  үдерісінде  заманауи білім беру технологияларын  қолдануды  білім  беру  сапасын арттыру,  оқушылардың  ақпараттық, зерттеушілік және коммуникативті мәдениетін    қалыптастыру, олардың танымдық қызметін дамыту, оқушылардың денаулығын сақтау мен  нығайту  ретінде қарастырады.

   Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыруға педагогикалық және әдістемелік кеңестердің мәжілістері көмектеседі,  жылдық жоспарға сәйкес  2018-2019 оқу жылы педагогикалық кеңестің 5 отырысы, МС 5 мәжілісі өткізілді.

2) Мұғалімдер өздерінің білім беру деңгейін арттыра отырып, қалалық шығармашылық топтарға қатысады, 2018-2019 оқу жылы 7 мұғалім қалалық шығармашылық топтарға қатысса, 5-уі – облыстық шығармашылық топтарға қатысты.

 Кәсіби құзыреттілікті арттырадың бірден-бір формасы педаогтардың  кәсіби конкурстарға қатысуы болып табылады. 2018-2019 оқу жылы мұғалімдер деңгейлер бойынша  интеллектуалды конкурстарға қатысты:

 Қалалық деңгейдің қорытындысы:

             Конкурстың «Ең таңдаулы  инновациялық жоба – 2019» қалалық кезеңіне мектебіміздің 14 мұғалімі қатысып, қалалық шығармашылық топтарда  өңделген  әдістемелік-дидактикалық материалдардың 10 жинағын ұсынды, олар: Абжекеева А.З. 3 сыныпқа  (1-орын) және 6 сыныпқа  (1- орын) арналған өзін-өзі тану бойынша, Ахмарова А.Д. биология бойынша  (1-орын), Аюпова А.А.  география бойынша (1-орын), Алинова А.А. тарих бойынша (1 -орын), Сулейменова А.С. қазақ тілі бойынша (2 -орын), Уалиханова Г.А. қазақ тілі бойынша (1 -орын), Шарбакбаева Р.М. қазақ тілі бойынша  (1 -орын). Мектеп логопедтерінің шығармашылық тобы 2-орынды иеленді (Акказенова А.Г., Аманкулова А.К.,  Амаркулова А.Д., Макашева А.С., Шу У.Г.)  және1-орын(Прокопенко Т. А. менОруналиева А.А.)

            Абжекеева А.З.  қалалық шығармашылық топ құрамында «Үздік әдістемелік-дидактикалық материал» сертификатымен марапатталды.

Облыстық деңгейдің қорытындысы:

Абжекеева А.З. областық  «Ең үздік әлеуметтік жоба» конкурсында «Ізгілік бастауы» номинациясы бойынша дипломға ие болды. Сондай-ақ, облыстық шығармашылық топ құрамында «Үздік әдістемелік-дидактикалық материал» сертификатымен марапатталды.

Ахатова Г.С. - областық конкурсқа қатысып, ПК«Өрлеу» БАИ таңдаулы оқыту-әдістемелік құралы үшін сертификатпен марапатталды.

Жанке Г.А. - облыста  КИО Республикалық қашықтықолимпиадасында 3-орын алды.

Нукушева А.С. -  «Ұстаз нұры»білім беру порталының  облыстық «Ең креативті педагогы» қашықтық конкурсында  1-дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Уалиханова Г.А. – областық «Педагогикалық бастамалар»конкурсының сертификаты.

Республикалық  деңгейдің  қорытындылары:

Шарипова З.Д. - КИО Республикалық  қашықтық  олимпиадасында 1-орын.

Абденова А.Д. - ТІО Республикалық  қашықтық олимпиадада 3-дәрежелі диплом.

Абдыгалимова Г.С. - Республикалық РИМЦ «Ағарту» «Кәсіби құзыреттілік»  олимпиадасында   3-дәрежелі диплом.

Абжекеева А.З. -Республикалық «Дарабоз» ОО «Тңдаулы ашық сабақ» онлайн конкурсында 2-дәрежелі диплом,  Республикалық НМЦ «ZIAT» «Таңдаулы ашық сабақ» педагогикалық  конкурсында  1-дәрежелі диплом.

Мектеп логопедтерінің  шығармашылық тобы  (Акказенова А.Г., Аманкулова А.К.,  Амаркулова А.Д., Макашева А.С., Шу У.Г.) «Оқуды түзету бойынша жаттығулар жинағы»  әзірлемесі сертификаты, Талдықорган, 2018ж.

Алинова А.А. -  Республикалық РИМЦ «Ағарту» «Кәсіби құзыреттілік»  олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы.

Амаркулова А.Д. - Республикалық  РИМЦ «Ағарту»  «Замануи логопед» олимпиадасының 1-дәрежелі дипломы,  2 –дәрежелі,  Республикалық  РТКМУ Қазақстан ұстазы «Таңдаулы  логопедтік  сабақ» шығармашылық тобының 2-дәрежелі дипломы.

Гюнтнер Г.Н. – биология пәні мұғалімдеріне  арналған КИО Республикалық  қашықтық олимпиадасының  сертификаты, Республикалық NIO Ұлттық  Интернет Олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат.

Зкенова Г.Ш.- Республикалық КИО қашықтық  олимпиадасының сертификаты, Республикалық «Қазан» Блиц-Турнирінің 2-дәрежелі дипломы.

Казбекова С.А. - Республикалық РИМЦ «Ағарту» «Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі»  олимпиадасының 1-дәрежелі дипломы.Камарова С.З. - Республикалық НМЦ «ZIAT»  педагогикалық

 

 

   «Таңдаулы ашық сабақ» конкурсының  1-дәрежелі дипломы,  Республикалық  «Даробоз» ОО «Сабақтың таңдаулы  презентациясы» онлайн конкурсында 3-орын,  Республикалық  NIO Ұлттық  Интернет Олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы. Капсалыкова Ш.Т. -  Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәнінен қашықтық олимпиадасы дипломы, 3-орын,  қазақ тілі бойынша Республикалық КИО қашықтық  олимпиадасының сертификаты; Республикалық  NIO Ұлттық  Интернет Олимпиадасының 1-дәрежелі дипломы; Республикалық ТІО  қашықтық  олимпиадасының 1-дәрежелі дипломы.

Кундакпаева Н.С. - Республикалық  НМЦ «ZIAT» «Таңдаулы әдістемелік әзірлеме» педагогикалық  конкурсының дипломы, 2-орын.

Кондыбаева Р.Ж. - ККО мұғалімдеріне арналған олимпиаданың 3-дәрежелі дипломы.

Манапова С.Т. -  Республикалық  НМЦ «ZIAT» «Таңдаулы ашық сабақ» педагогикалық конкурсының дипломы, 2-орын.  

Нукушева А.С. - ІІ Республикалық  «Зейін» олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы.

Омарова Г.О. -  Республикалық  НМЦ «ZIAT» «Таңдаулы «дәстемелік әзірмеле» педагогикалық  конкурсының 2-дәрежелі дипломы.

Онбаева З.А.-  Республикалық  NIOҰлттықИнтернет Олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы.

Оспанова Б.Д. - ІІ Республикалық «Зейін»олимпиадасының 2-дәрежелі дипломы.

Прегер Е.В. - Жалпықазақстандық  «Демиург»педагогикалық  олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы; Республикалық РИМЦ «Ағарту»«Кәсіби құзыреттілік»  олимпиадасының 1-дәржелі дипомы.

Рахимгожина Д.М. -  Республикалық "ИКТ заманауи білім беру"олимпиадасының 2-дәрежелі дипломы, Республикалық  NIOҰлттық  Интернет Олимпиадасының 1-дәрежелі дипломы.

Сайдашева Л.А. – бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған   Республикалық КИОқашықтықолимпиадасының сертификаты.

Смагулова З.Ж. -  XV Республикалық  НМЦ «ZIAT»  «Ұлағатты ұстаз»педагогикалық  конкурсының «Факультативті  курсбағдарламасы»номинациясы бойынша 3-дәрежелі дипломы.

Сулейменова А. С.  - II Республикалық  НМЦ «ZIAT»  «Педагогикалық  идеялар панорамасы» педагогикалық  конкурсының3-дәрежелі дипломы.

Торехан Ж. - Республикалық  «Қазан» Блиц-Турнирінің 3-дәрежелі дипломы,  Республикалық  NIO Ұлттық Интернет Олимпиадасының 2-дәрежелі дипломы.

Уалиханова Г.А. - II Республикалық  НМЦ «ZIAT»  «Педагогикалық  идеялар панорамасы» педагогикалық  конкурсының 3-дәрежелі дипломы, Республикалық НМЦ «ZIAT»   «Таңдаулы авторлық бағдарлама» педагогикалық конкурсының 2-дәрежелі дипломы,

Республикалық  «Даробоз» ОО «Сабақтың таңдаулы жоспары» онлайн конкурсының 1-дәрежелі дипломы.

Халықаралық деңгейдің қорытындылары:

Асенова Б.К. - "Х Торайғыров оқулары" атты халықаралық ғылыми-тәжіберілік конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат.

Даирова З.Б. - халықаралық «VII Ахметов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат.

Егинбаева М.А. және  Зейнуллин Г.З. -  «Қаздар қонысы» табиғат ескерткішінің ашылуына 90 жыл толуына арналған халықаралық «Жаратылыстану ғылымы білімінің өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясының дипломы, 1-орын.  

Кашенова Г.Ж. -  дін тану мұғалімдерінің ІІІ Форумына қатысқаны үшін сертификат. 

Манапова С.Т. -  Халықаралық «Педагогтардың әдістемелік өңдеулері"конкурсының дипломы, 1-орын.

Нигматуллина Г.М. -   Бүкілресейлік  «Педагогика шегі» Блиц-олимпиада конкурсының дипломы, 1-орын.

Рахимгожина Д.М. - "Х Торайғыров оқулары" атты халықаралық ғылыми-тәжіберілік конференциясына белсенді қатысқаны үшін  сертификат.

Сайдашева Л.А. мен Юзеева Д.Г. халықаралық «Үздіксіз білімберудің өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат. 

Сулейменова А.С. халықаралық «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін  сертификат.

Торехан Ж. -  1-Халықаралық«ЛИДЕР-ПЕДАГОГ-2018»конкурсының дипломы, 1-орын.

Мұғалімдердің шығармашылық конкурстарға қатысуы:

Қалалық деңгейдің қорытындысы:

Дуйсекенов Р.М. – ҚР Конституция күніне арналған гір көтеру спорты мен  армрестлинг бойынша ашық қалалық турнирдегі дипломы, 1-орын;  Құрбан айтқа арналған гір көтеру спорты мен  армрестлинг бойынша  мерекелік турнирдегі диплом, 1-орын; Қала күніне арнаған гір көтеру спорты мен  армрестлинг бойынша мереелік турнирдің дипломы, 3-орын; астананың 20 жылдығына арналған 20-аудандық спартакиада шеңберінде гір көтеру спорты мен  армрестлинг бойынша жарыстар дипломы, 1-орын; Алғашқы Президент күніне арналған қалалық турнирдің  гір көтеру спорты мен  армрестлинг бойынша дипломы, 1-орын; «Масленица» мерекесіне арналған амреслинг және гір спорты бойынша ашық қалалық турниріндегі диплом, 1-орын;   «Масленица» мерекесіне арналған амреслинг және гір спорты бойынша ашық қалалық турниріндегі диплом, 2-орын;   «Масленица» мерекесіне арналған амреслинг және гір спорты бойынша ашық қалалық турниріндегі дплом, 1-орын; Наурыз  мерекесіне арналған ашқ қалалық турнирдегі гір көтеру спорты бойынша диплом, 1-орын; Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған ашық қалалық турнирдегі аомрестлинг мен гір көтеру спорты бойынша диплом, 1-орын; Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған ашық қалалық турнирдегі аомрестлинг  пен гір көтеру спорты бойынша диплом, 2-орын; 9 Мамыр мерекесіне арналған ашық қалалық турнирдегі армрестлинг пен гір көтеру спорты бойынша диплом, 1-орын.

Областық деңгейдің қорытындылары:

Аширбекова А.С. - «Жаз кезендегі БЖҰ Жас Ұланның іс-шараны жобалау» Областық  семинарының сертификаты.

Божаканова Г.З. -  мұғалімдердің   "Менің Қазақстаным" көрмесіне қатсқаны үшін сертификат;   балалардың шығармашылық жұмыстарының 5-фестиваліне қатысушы сертифиаты  - Улкенбаева А. (6сынып);

Дуйсекенов Р.М. гір көтеру спорты бойынша облыстық чемпионаттағы диплом, 2 –орын;  Смирновтарды еске алуға арналған гір көтеру спорты бойынша облыстық кубоктегі диплом, 1-орын;  гір көтеру спорты бойынша облыстық чемпионаттағы диплом, 1-орын;   «Русская рулетка» «Эскалибур» номинациясы бойынша  диплом, 3-орын.

Идрисова А.З. - мұғалімдердің   "Менің Қазақстаным" көрмесіне қатысқаны үшін сертификат;   

Сагиев Е.Т. - мұғалімдердің   "Менің Қазақстаным" көрмесіне қатсқаны үшін сертификат;   Республикалық   деңгейдің  қорытындылары:

Айтуганов Е.А. - Ф.Дмитриевтің жетекшілігімен өткен  республикалық төрешілер семинарындағы сертификат Ф.(Россия), FIBA төрешілері.

Кумарова Г.А.- сертификат «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналарға арналған конференцияны ұымдастыру бойынша семинарда шеберлік-класын  оқыды.

Сексембаева Р.С. - Диплом – ІІ орын, Республикалық  «Қазақстан  патриоты»  журналының  ұйымдастырған  «Өнерімді  Отаныма  арнаймын!» атты  ІІ  республиқалық  өнер  фестиваліне; «Дарабоз» ОО ұйымдастырған республикалық «Сабақтың таңдаулы презентациясы» онлайн конкурсындағы 2-дәрежелі  диплом; «Дарабоз» ОО ұйымдастырған республикалық «Таңдаулы сабақ жоспары» онлайн конкурсының 3-дәрежелі дипломы;  «Дарабоз» ОО ұйымдастырған Республикалық  «Мен таланттымын» (ән айту) онлайн конкурсының 1-дәрежелі дипломы, 2018 ж. қараша (6 оқушы - «Ars Vokal»  вокалды тобы, муз. жет: Сексембаева Р.С.); республиалық «Сабақтың таңдаулы презентациясы» педагогикалық конкурсының дипломы, 2-орын.

Хлықаралық деңгейдің қорытындылары:

Аширбекова А.С. – Халықаралық ғылыми конференциясына қатысушы сертификаты -15-22.11.2018ж.

Педагогикалық тәжірибені бөлсу мен жалпылаудың әртүрлі формалары қолданылады: шығармашылық есептер, ашық сабақтар көрсетумен әдістемелік апталықтар, конференцияларға, семинарларға, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысулар.

 Оқу жылы бойы сертификатталған мұғалімдер «Практикадағы рефлексия» атты мектептік курстар өткізді.

Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі педагогтың кәсіби қызметті қажетті болып табылады. Басқаларды оқыту үшін басқалардан көбірек білу керек. Мұалім өз пәнін ғана емес, сонымен бірге оны жүргізу әдісемесін де білуі тиіс және де жақын ғылыми сала  туралы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салалары туралы да  білімдері  болып, қазіргі заманғы саясат пен экономика және басқадан да бағдары  болуы қажет. Мұғалім әрдайым үйренумен болуы тиіс, өйткені оның оқушылары алдында жыл сайын уақытша кезеңдер ауысып, тіпті  қоршаған ортаға деген түсініктері де өзгеріп отырады. Педагогтың өз білімін жетілдіруге деген қабілеті педагогикалық ЖОО дипломымен бірге қалыптаспайды. Бұл қабілет әрбір жеке мұғалімнің психологиялық және интеллектуалдық көрсеткіштерімен анықталады, бірақ бұл қабілет ақпарат көздерімен жұмыс жасау барысында, анализ бен өзіне анализ жасауда, өз қызметіне және әріптестерінің қызметіне мониторинг жасаған кезде жетіле түседі.

Сондықтан мектепте Т.А.Прокопенконың бсшылығымен жас мұғалім мектебі жұмысы жалғастырылуда. 2018-2019 оқу жылы мектеп жұмысына 5 жас мұғалім қатысып, әрқайсысына тәлімгер бекітілді. Тәлімгерлер ЖММ басшысымен бірге сабақтарға қатысып, сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау, материал таңдау, педагогиалық әдістер мен технологияларды меңгеру  бойынша кеңес берулер өткізіп тұрады. Аталмыш жұмыс жас мамандардың оқу жылы бойы өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыруға белсенді түрде қатысуға мұмкіндік берді.

 Қортындылар мен ұсынымдар: Мектептің әдістемелік жұмысы мазмұнының талдауы мектептің әдісемелік тақырыбы негізгі міндеттерге сәйкес келетінін көрсетеді. Әдістемелік кеңестің, мектептік ӘБ-дің және педагогикалық кеңестер мәжілістерінің тақырыбы мектептегі педагогикалық  ұжымының басты мақсаттарға сәйкес шешуге тырысуын көрсетеді.

 Әдістемелік жұмыстың әрекет етуші жүйесі мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға көмектесіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: әдістемелік құралдар конкурстарындағы  жүлделі орындар, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, мұғалімдердің жалпы шығармашылық белсенділігі.

Сонымен қатар, шешілмеген және туындаған проблемалар да бар: 

-мұғалімдердің мектептің білім беру үдерісін жетілдіру бойынша шығармашылық қызметке толығымен қатысушылық жоқ;

-педагогикалық тәжірибені  толығымен бейнелеу құрылымы, мұғалімдердің өздерінің педагогикалық зерттеулеріне сәйкес кезеңді қызметі пролемасы өзекті болып қалуда;

-мұғалімдерге арналған іштей өтетін интеллектуалды және шығармашылық конкуртарға қатысу нәтиесінің төменділігі, мұғалімдердің білім бөлімі, «Өрлеу», ЦИТ өткізетін конкурстарға қатысуын жоспарлау;

            3)Мұғалімдердің үздіксіз және кәсіби дамуы, олардың жаңартылған мазмұнды енгізуге дайындығы, білім берудің  инновациялық  технологиялары білім беру сапасын арттырудың бірден-бір кепілі болып табылады.

            Педагогикалық кадрлар біліктіліктерін арттыру мен қайта даярлауды  Павлодар олысы бойынша  «Өрлеу», РИПКСО, ИПК ПК, сондай-ақ, Назарбаев интеллектуалды мектебінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Енновациялық Еуразия университетінде өтеді. Педагогтардың біліктілігін және білім беру деңгейін арттыруға курстық қайта даярлықтан өту бойынша жүйелі жұмыс мүмкіндік жасайды. Мектепте педагогикалық қызметкерлердің курстық қайта даярлығын қадағалап отыратын алгоритм әзірленген және орындалуда. Жалпы, жұмыс бір жыл бойы қажетті деңгейде жүргізілді. 2018-2019 оқу жылы курстық қайты даярлықтан 32 педагог өтті.

 

 

ҚР білім берудің жағартылған мазмұны шеңберіндегі курстар 

 

Оқу жылы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

Барлығы

Мұғалімдер саны

19

21

32

72

 

83мұғалімнің 7-уі зейнеткерлік алдындағы жаста болғандықтан және  жаңадан келген 4 мұғалім  білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша  курстардан өткен жоқ.

 

  

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы курстар

 

Оқу жылы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

Барлығы

Мұғалімдер  саны

8

5

2

15

 

 

 

Инклюзивті білім беру бойынша курстардан тек қана 15 мұғалім өтті, қалғандары курстардан өтудің болашақтағы жоспарына енгізілді.

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Мектептегі педагогикалық кадрлардың 2018-2019 оқу жылы біліктіліктерін арттыруды  жоспарлау мен ұйымдастыру  бойынша жұмыс қажетті деңгейде деп танылсын. Педагогикалық қызметкерлердің  біліктіліктерін  арттырудың   болашақ  жоспары  құрылған. ҚР білім берудің жаңартылған  мазмұны шеңберіндегі  курстар мен инклюзивті білім беруді  дамыту жағдайындағы курстарға  қатысу жұмыстары  жалғастырылсын.  Кадрлық  құрамның  өзгеруінің  барлық жағдайларын, педагогикалық  қызметкерлердің  денсаулық  жағдайларына  байланысты курстардан өте алмауларын қадағалап,  білім бөліміне  ақпарат уақытылы жіберіліп отырылсын.

         4) Педагогикалық адрлардың аттестатталуын өткізу бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 сәуірідегі «Педагогикалық кадрларды аттестаттау ережелерін бекіту туралы» №152 бұйрығын орындауға бағытталған.

 2018-2019 оқу жылы аттестатталуға 12 мұғалім өініш берді, олардың:

-   педагог-зерттеушіге -  8;

- педагог-сарапшыға -  3;

- педагог-модераторға-  1;

            Облыстық, қалалық  және  мектептік аттестаттау комиссияларының шешімімен мұғалімдердің барлығы өздерінің кәсіби біліктіліктерін берген өтініштеріне сәйкес дәлелдеп шықты.

 

III.   Педагогикалық ұжымның  білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған қызметі

         Мектеп қызметінің басты көрсеткіші оқушылардың жетістіктері болып табылады. материалды меңгеру нәтижелерін қадағалап отыру мақсатында пәндер бойынша тақырыптық қорытынды және бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмыстарына талдау жүргізіле отыра, оқу үлгерімінің орташа көрсеткіштері жалпы тұрақты және рұқсат етілген деңгейде екені анықталды. Білім сапасы сыни деңгейде. ЖСД және ПДТ балаларды оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ОЖЖ зақымдануы бөгет жасайды:

 - психикалық процестердің қалыптаспауы: зейіннің төмен болуы, есте сақтау қабілетінің нашарлығы, жұмыс жасау кезінде кезеңдік бақлаудың бұзылуы;

-ақыл-ой  және сөйлеу қабілетінің қалыптасуындағы бұзылушылықтар: дыбыстарды дұрыс естімеуі, дыбыстарды  дұрыс  айта алмауы, тілдік анализ бен синтездің бұзылуы, сөздің лексико-грамматикалық қалыптасуының бұзылуы.

 Басқарушылық қызметтің негізгі міндеті әкімшілік тарапынан мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарының орындалуына бақылау жасау болып табылады. Бақылау мектеп жұмысының жоспары негізінде жүзеге асырылады. Бақылау қорытындылары бойынша аналитикалық материалдар құрылды. Мектепішілік бақылау қорытындылары талданып, әкімшілік кеңестерде, директормен өткен кеңстерде талқыланды. Қолда бар материалдар анализі оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік береді, психологтардың зерттеулері көмегімен барлық пән мұғалімдері өткізетін оқу үлгерімі төмен оқушылармен жеке түзету жұмыстарын мақсатты түрде өткізуге мүмкіндік береді.

 Білім сапасын және тәрбиелік деңгейін арттыру үшін оқыту түрлері мен әдістерін қатаң түрде сақтау қажет, сондай-ақ, оқушыға қойылатын талаптар да сақталуы тиіс.

Мектепте жыл сайын (сәуір мен қазанда) бастауы мктеп пен негізгі мектеп араындағы  сабақтастық мәселелері бойынша педагогиалық консилиум өткізліп тұрады. Консилиумға дайындық барысында төртінші сыныптықтардың эмоционалды-ерікті жүйелерінің дамуы  және олардың оқуын негізгі мектеп жалғастыруға дайындығы деңгейі де қадағаланады.  

Аталмыш  жұмыс бұрынғы төртінші сыныптықтардың оқытудың жаңа жағдайына бейімделіп кетуін жеңілдетуге және тездетуге мүмкіндік береді және пән мұғалімдеріне бесінші сыныптықтарды оқытуда психологиялық әдіс-тәсілдерді және педагогикалық әдістерді анықтауға көмек көрсетеді.

   Оқушылардың соңғы үш жылдағы білімдерінің сапасы:

 

Оқу жылдары

Оқу үлгерімі, %

Білім сапасы, %

2016-2017

100%

5,9%

2017-2018

100%

9,4%

2018-2019

100%

9%

 

Оқыту сатылары бойынша оқу деңгейі 

Сынып

Оқу жылы соңындағы оқушылар саны

«4» және«5»

Білім сапасы(%)

10

2

20%

9

 

 

12

 

-

1 г

13

 

-

12

3

25%

10

1

10%

11

 

 

12

 

 

12

 

 

11

2

18%

12

2

17%

12

1

8,3%

12

2

17%

10

2

20%

11

2

18%

12

2

17%

Барлығы

181

19

10%

9

2

22%

10

1

10%

9

1

11%

7

 

 

9

1

11%

9

 

 

8

 

 

10

1

10%

12

 

-

8

 

-

5

 

 

7

1

14%

7

 

 

8

 

-

8

 

 

8

2

25%

10

1

10%

10а

10

1

10%

10б

11

1

9,1%

Барлығы

 

165

12

7,3%

Барлығы

 

346

31

9%

 

Үж жыл ішіндегі білім мен оқу үлгерімінің деңгейі 

 

Оқу жылы

% білім сапасы

%оқу үлгерімі

Бастауыш мектеп

Негізгі мектеп

Мектеп бойынша барлығы

Бастауыш мектеп

Негізгі мектеп

Мектеп бойынша барлығы

2016-17

7%

5%

5,9%

100%

100%

100 %

2017-18

12,8%

6%

9,4%

100%

100%

100%

2018-19

10%

7,3%

9%

100%

100%

100%

 

Үш жылдағы параллельдер бойынша және оқыту сатысы бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімі деңгейі 

 

сыныптар

2016-17

2017-18

2018-19

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

1-е

-

9,5%

100%

9%

100%

4,5%

2-е

100%

6,6%

100%

11%

100%

7%

3-е

100%

2,5%

100%

19%

100%

15%

4-е

100%

10%

100%

13%

100%

18%

1-4-е

100%

7%

100%

12%

100%

10%

5-е

100%

6,6%

100%

0%

100%

11%

6-е

100%

5%

100%

6%

100%

5,6%

7-е

100%

7%

100%

3%

100%

2,3%

8-е

100%

3%

100%

11%

100%

3,3%

9-е

100%

0%

100%

9%

100%

17%

10-е

 

 

100%

11%

100%

9,5%

5-10-е

100%

5%

100%

6%

100%

7,3%

Мектеп бойынша

100%

5,9%

100%

9,4%

100%

9%

 

   Мәліметтерден әкімшілік пен пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бойынша, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың тиімділі аз екені байқалады.

   Қажет: 1) әкімшіліктің оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты қайта қарастыру бойынша жұмысты белсендендіре түсу;

2)пән мұғалімдеріне  әр оқушының өз білімін жетілдіру үшін жағдай жасау мақсатында жеке жұмысты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлу.

         Тиімді оқытуды ұйымдастырудың негізгі жағдайларының бірі мектеп кітапханасында ұсынылатын  сапалы түрдегі оқыту-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. Кітапханадағы қызмет көрсету абонементте және оқу залында көрсетіледі. Оқу залында 12 орын бар. Жалпы қоры 51596 дананы құрайды, негізі қоры – 16963 дана, оқу қоры – 34633 дана. Оқу әдебиеті қоры 16963 дана орыс тілінде және 5334 дана мемлекеттік тілде, оқушылар контингенті бойынша талапқа сай келеді. Оқулықтармен қамтылу 100%.-ды құрайды.

        

V.Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту жағдайының анализі

Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін оқыту-тәрбиелеу үдерісінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мектептің маңызды міндеттерінің ірі болып табылады.

- Мектеп ғимараты, сыныптар, сондай-ақ, құрал-жабдықтар, мектеп жиһазы СанПин талаптарына сай келеді.

- Мектептің белгілі мматериалды-техникалық базасы бар: 18 оқу кабинеттері, 12 адамға арналған   оқу залы бар кітапхана, 60 орындық асхана, 2 шеберхана, 1 компьютер сыныбы, медициналық кабинет, мәжіліс залы, спортзал.

- Мектеп жанындағы учаскіде спорттық-сауықтыру нысаны жабдықталған, оған:футбол алаңы, баскетбол алаңы, жаттығулар жасайтын нысан, жүгіру жолы кіреді. Мұның барлығы таза ауада сабақтар өткізу үшін, балалардың қызығушылықтарын арттыру есебімен қозғалым белсенділігін ынталандыру үшін  қолданылады.

- Мектеп ғимараты, кабинеттер мен мектеп аумағы қауіпсіздік техникасына сәйкес келеді.

- мұғалім-логопедтің, психологтың, әлуметтік педагогтың жеке кабинеттері бар.

- Мектепте  стандартты жабдықпен жабдықталған, алдын алу тексерулерін, жұқпалы аурулар мен т.б. алдын алу бойынша жұмыстар  жүргізіп  отыратын, үнемі медбике жұмыс істейтін медициналық кабинет бар.

- Әр балаға медициналық карта мен денсаулық паспорты ашылған; диспансерлік тексеруге жататын балалар картотекасы жүргізіледі.

-Мектепте снып бөлмелерін жарықтандыру талаптарының бұзылуына тыйым салынады.

- Сабақтар өткізу кезінде динамикалық сәттер, дене шынықтыру минуттері өткізіліп тұрады.

- Оқыту жүктемелері СанПин-де көрсетілген жас нормативтерінен аспайды.

- Оқыту үдерісі барысында күзетті ұйымдастыру үшін бейнебақылау орнатылған: спорт залында, асханада, мәжіліс залында, баспалдақтар жанында, гардеробта және мектеп ауласында.

- Мектепте балалардың жолдағы қауіпсіздігі бойынша  үгіт көрнекіліктері бар, құқық бұрышы мен ТЖ бойынша стенд те орнатылған.

 

      VI. Педагогикалық  ұжымның  тәрбие  жұмысын  құру  жүйесіне

          бағытталған  қызметі

             2018-2019 оқу жылы мектеп педагогтары алдында тәрбиелеу мақсаты тұрды – қазіргі заманғы әлеуметтік жағдайларға бейімделе  алатын адамазаматты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау болды. «Павлодар қаласының №15 ЖОББМ» ММ-де 2018-2019 оқу жылы барлық тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, Қазақстан Республикаының «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Дін бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы және балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «СПИД-пен ауырудың алдын алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «темекі шегудің алдын алу мен шектеу туралы» Заңы негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы, «Қазақстан – 2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2019 жылға дейін білім беруді дамыту концепциясының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Бала құқығы туралы конвенция, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты концепциясы, мектептің сабақтан тыс қызметі арқылы «тәрбие және білім» бағдарламасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, барлық  білім беру  ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбие компонентін үшейту бойынша  типтік комплексті  жоспар негізінде, инструктивті-әдістемелік хат, мектеп жарғысы, тәрбие жоспарлары негізінде  құрылды.

            №15 мектепте   35 комплект сыныптар бар, олардың 16-сы бастауыш буынға жатады, 19 сынып ортаңғы буынға жатады. оқу жылының басында оқушылар саны 353 адамды құрады, бұл 35 комплект-сыныпты құрайды.  Барлығы 1-4-сыныптарда – 179 адам, 5-9-сыныптарда – 152 адам, 10-сыныптарда – 22 адам бар.

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

Оқыту үдерісі республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізумен басталды. Шаралар жоспарына сәйкес көшелерде парақшалар ілініп, ұййымдардың басшылары мен кәсіпкерлерге өтінім-хаттар жібріліп, акцияны өткізу мақсаты туралы түсінірме жұыстары жүргізілді, мектепте ақпараттық стенд орнатылды. «Балаларға бірге көмектесейік» және т.б. қайырымдылық марафонары ұйымастырылып, өткізілді. Отбасының әлеуметтік деңгейін анықтау мақсатында сауалнама үргізілді және ата-аналар мен оқушылар турал мәлімет базасы құрылды.  Мектепте оқу жылының асынан бастап аз қамтамасыз етілген отасынан 75 оқушы, көп балалы отбасы 12  болды, ондағы балалар саны 16 болды, тұрмысы нашар отбасы – 9, олардағы балалар саны 9 болды.  Бекітілген кестеге сәйкес оқушылардың тұратын жерлерін тексеру, оқушылар банкін қалыптастыру, көмекке мұқтаждарды анықтау мақсатында рейдтер жүргізілді. Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына педагогикалық ұжым мен ата-аналар белсенді қатысты. Жаңа 2018-2019 оқу жылы  жалпыға бірдей оқыту қорынан аз қамтамасыз етілген отбасыларынан, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар 783,9 мың теңге көлемінде  кеңсе тауарлары, киім, аяқкиім түріне көмек алды. Демеушілер қоры есеінен 67 оқушыға  жалпы сомасы 119,0 мың теңгеге  материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер – Павлодар қаласының «Халық банкі» АҚ филиалының ұжымы, облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалы, жеке сот орындаушысы М.К-Х. Касенов, «Ақ отау» мейрамханасының әкімшілігі, «VITA Павлодар із кесушілері» мектеп өтінімінде көрсетілген отбасыларымен кездескен кезде ата-аналарлың сұранысы бойынша мұқтаж балаларға кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқкиіммен көмек көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының конференц залында салтанатты жағдайда Мұрат Қабдул Хамитұлы  Касенов мектебіміздің оқушыларына ата-аналарының қатысуымен кеңсе тауарлары салынған ранецтер табыстады. Павлодар қаласының «Халық банкі» филиалының әкімшілігі директоры А.В.Бойчиннің, директордың орынбасары О.Б.Шахматованың  басшылығымен біздің мектепте үш оқушыға кеңсе тауарлары салынған рюкзакар сыйлады.

 Жалпыға бірдеу оқыту қорынан 18 қыз бала 216,0 мың теңгеге спорт киімдерін алды, 40 оқушы – 240,0 мың теңгеге мектеп формасын алса, 56 оқушы 266,0 мың теңгеге аяқкиім алды. Мұқтаж оқушылардың барлығына 61,9 мың теңгеге кеңсе тауарлары берілді. Осы акция аясында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша бірқатар шаралар жүргізілді.

Мұғалімдер мектеп бітірген түлектердің жұмысқа орналастырылғандары жөнінде анықтамаларды уақытылы жинастырды. Осы акция қорытындысы бойынша оқумен қамтылмаған балалар анықталған жоқ, жалпыға бірдей оқыту қорынан әлеуметтік әлжуаз тізіміндегі балаларға материалдық көмек көрсетілді. Жалпымектептік ата-аналар жиналысында әлеуметтік пеагог Г.К.Сейсембаева әлеуметтік-қорғалмаған отбасыларының балаларына қайырымдылық көмек көрсету үшін және тығын байланыста болу  үшін ата-аналарға «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпарат берді.

            Мектеп жұмысының жылдық жоспарына сәйкес балалар мен жасөспірімдерді оқумен қамтуға, оқушылардың сабаққа келуіне  бақылау  жасауға  және сабақты босатуының есебін жүргізуге, оқушылар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің бақылаусыздығы мен қараусыздығының алдын алуға көп көңіл бөлінуде.  Осы мақсатта жылына екі рет жалпыға бірдей оқыту бойынша айлық өткізілп тұрады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңын  (8 б, 2-т), ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы №812 бұйрығының «Мектептерге 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың  және жасөспірімдердің толығымен кеуін қамтамасыз ету»  бөлімін, ҚР БҒМ 2016 жылғы 15 қаңтардағы «Мектепке  дейінгі және мектеп жасындағы балаларды орта білім алып шыққанға дейін есептерін жүргізіп отыруды жүзеге асыру туралы» №33 бұйрығын  және мектептің 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жалпыға бірдей оқыту бойынша айлықты және «Қамқорлық» акциясын  өткізу туралы» №1-03/21 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында.  Айлық барысында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес шаралар өткізілді.

2019 жылғы 10 ақпанда мектепте 355 бала оқыды, оның ішінде: аз қамтамасыз етілген отбасынан – 72, толық емес отбасыларынан – 138, көп балалы отбасынан – 14, өгей әкесі немесе шешесі тәрбиелеп жатқан балалар – 25, үйде оқытылатын – 71 оқушы оқыды.  Жалпыға бірдей оқыту айлығы барысында мектеп оқушыларын әрі қарай да ыстық тамақпен қамту бойынша шаралар қолданылды. Мектепте  100%-дық ыстық тамақ ұйымдастырылды. 355 оқушының 75%-ы ыстық тамақпен қамтылды және 25%-ы буфеттік тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей оқыту қорынан аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 70 оқушы,  жетім балалар мен ата-ана қамқорлғынсыз қалған 7 бала тегін тамақтандырылды. Оқушылардың сабаққа келуіне күн сайын бақылау мен анализ жасалып отырылды. Сабақты босату есебінің журналы жүргізіледі. «Қауіп» тобында және МІК-да тұрған балаларға ерекше кңіл бөлінеді. 3 «В» сынып оқушысы Сергей Штайда  еш себепсіз сабақты босатқан. Оны  сабаққа қатыстыру бойынша барлық шаралар қолданылды. Айлық барысында 2018 жылғы мектеп бітірген түлектердің жұмысқа орналастырылуы және әрі қарай оқу жағдайы тексерілді.  Барлық 10 сынып оқушыларының әрі қарай оқып жатқандықтарын растайтын анықтамалары бар.18 оқушының барлығы да колледждерде оқып жатыр.

                   Жыл сайын ел бойынша «Қамқорлық» акциясы өткізіледі, оның мақсаты аз қамтамасыз етілген отбасыларының, көп балалы отасыларының және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да санаттағы балаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетілуде. Балалардың сабаққа әлеуметтік себептерге байланысты келемеуінің алдын алу (киімінің, аяқкиімінің, мектеп заттарының болмауы).

               Акция 2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 ақпанға дейін өтті. Павлодар қаласының №15 ЖОББМ бойынша акцияны ұйымдастыру комитеті құрамы мен шаралар жоспары бекітілді.  Шаралар жоспарына сәйкес көп балалы отбасыларының, аз қамтамасыз етілген отасыларының балалары үшін, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек  көрсету  үшін гуманитарлық пункт құрылып, мұқта балаларға киімдер мен мектеп заттары берілді. Республикалқ «Қамқорлық» акциясының өткізілуі туралы ақпараттық стенд безендірілді. Мектепте «Қамқорлық» тікелей телефонының жұмысы ұйымдатырылды, оған жауапты әлеуметтік пеагог Г.К.Сейсембаева  мен бала құқығын қорғау бойынш инспектор А.К.Аманкулова болды.

Көшелерде, ұйымдар мен мекемелерде, сату нүктелерінде республикалық «Қамқорлық» акциясының өткізілуі туралы парақшалар таратылды. Акция барысында «Мейірімді іс жасауға асығыңыздар» ұранымен үгіт бригадасы белсенді жұмыс атқарды. Тұрмысы төен отбасыларына бару бойынша рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шараларға аймақтық инспектор полиция капитаны И.И.Балгужинова, ДТЖО, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері, ата-аналар жұмылдырылды. Жыл сайын оқушылардың сабаққа келуі мен  сыртқы бейнесі бойынша бақылау жүргізіледі. Әлеуметтік педагог Г.К.Сейссембаева мен психолог А.А.Хамиова әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңес берулер өткізеді. Мектеп оқушылары мектептен тыс мәдени-көпшілік шараларға беленді қатысты. Мектептің педагогикалық ұжымы «Қамқорлық» акциясына белсенді түрде қатысты. Акция барысында 23 оқушыға киім, аяқкім мен кеңсе тауарлары түрінде материалды көмек көрсетілді. Жалпыға бірдей оқыту қорынан 6 оқушыға 64 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Демеушілік көмек есебінен 17 оқушыға 55,8 мың теңгеге көмек көрсетілді. «Қамқорлық» акциясының барысы туралы мектеп сайтында, инстаграмда және «Твой мир» газетінде ақпарат жарияланды.

             

Оқушылардың оу жылы соңындағы әлеуметтік картасы  

 

Статус

Оқушылар саны

% жалпы оқушылар санынан (үйде оқытылатын оқушыларды санамағанда)

Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар

8

3 %

Аз қамтамасыз етілген

81

29 %

Көп балалы

22

8 %

Тұрмысы төмен

9

3 %

Толық емес отбасылары

138

50 %

Өгей әкесімен немесе шешесімен тұратын балалар

25

9 %

 

            Оқушылардың мектепке келуіне бақылау жасау үшін белгілі бір жүйе орнатылған, сынып жетекшілері күн сайын оқушылардың мектепке келу есебін жүргізеді, оқушылардың мектеке келмеу себептері анықталады. Мұндай есеп электронды «Күнделік» журналында және оқушылардың сабаққа келуінің есебін жүргізу журналында жүргізіледі.  Сынып жетекшілері күн сайын оқушылардың сабаққа келуі тірал есеп тапсырады және әр айдың соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.К.Қапбасовамен бірге салыстырмалы есеп жасап, анализ жасалып, оның негізінде оқушылардың сабаққа келуін есепке алу туралы анықтама жазылады. Сабақты босатудың ең көп жағдайы 3 «В» сынып оқушысы С.Штайдада, 10 «А» сынып оқушысы Н.Котовада, 8 «В» сынып оқушысы Л.Елековецте анықталды.

        Тәрбие жұмысы маңызды болып табылады. Әр ұлттың болашағы өсіп келе жатқан ұрпаққа байланысты. Және де қоғамның дамуының бірдене-бір  жағдайы әлеуметтендіруге қабілетті, жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын құрметей білетін, жоғары адамгершілігі бар, ұлттық шыдамдылыққа ие, тілдерге,  басқа халықардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметке ие азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.

            Тәрбие жұмысының тақырыбы: Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бағдарламаларын жүзеге асыру.

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бағдарламасын жүзеге асыру. «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қазіргі заманғы  жаңа өмір жағдайына әлеуметтік бейімделуі» жобасын енгізу үшін жағдайлар жасау.

            Тәрбие жұмысының мақсаты:

- оқушылардың адам өмірінің әртүрлі саласындағы өмірлік кең диапазонды, сондай-ақ, жеке тұлға аралық қатынас пен әлеуметтік қарым-қатынастарды шешу үшін мектепте алған білімдері мен дағдыларын қолдану үшін жағдайлар жасау.

- шығармашылық тұрғыдан ойлап, әрекет жасап, өзін-өзі дамыта  алуға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

- оқушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық сезімдерін, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

- ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамыту.

- зайырлы құндылықтарды бекітіп, лаңкестік пен экстремизмге деген  жағымсыз идеологияларды қалыптастыру, Қазақстандағы көпэтникалық  жағдайында қарым-қатынас жасай білу.

            Тәрбие жұмысының міндеттері:

- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны, «Қазақстан-2050»- құрылған мемлекеттің жаңа саяси курсы»  стратегиясының басты бағыттарын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  өмірде қолдану.

            Тәрбие жұмысын реттеуші нормативті құжаттар негізінде және қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін 2018-2019 оқу жылына мектептің тәрбие жұмысының жоспары құрылды. Әрбір сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен келісіліп, бекітілген, тәрбие жұмысы тирбиенің барлық приоритетті бағыттарын қамтитын тәрбие жоспары әзірленген:

1. қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; 

2. рухани-адамгершілік тәрбие;

3. ұлттық тәрбие;

4. отбасылық тәрбие;

5. еңбекке, экономикалық, экологиялық тәрбие;

6. көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

7. интелектуалды тәрбие және  ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. дене шынықтыру мен салауатты өмір салты.

            Қазақстандықпатриотизмменазаматтық тәрбиесі, құқықтық тәрбие.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі патриоттық тәрбие болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелерге байланысты барлық атаулы шаралардың маңызы бар: ҚР-дағы  тілдер  күні, Алғашқы  Президент  күні, Тәуелсіздік  күні, Наурыз  мейрамы, Жеңіс  күні.

            Азаматтық пен қазақстандық партиотизм сезімін тәрбиелеуді қалыптастыру мақсатында барлық салтанатты шаралар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталады. ҚР-дағы тілдер күніне дайындалу мен өткізуге мектептегі қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері қатысты. Пән апталықтары жақсы тәрбиелік потенциалмен өткізілді.

             Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде әр мемлекетті дамытудың мызғымас бөлігі болып табылатын мемлекеттік рәміздер ерекше орын алады. Қазіргі заманда мемлекеттік рәміздер визиттік карточка секілді, мемлкеттің ерекшеліктерін, салт-дәстүрін бейнелейді. Мемлкеттік рәміздерге деген құрмет қазақстандық халықтардың күші мен құдыретін білдіреді, партиотизм мен жоғары азаматтылықты көрсетіп, халық бірлігіне деген сезімді қалыптастырады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттегі адамдардың оның рәміздеріне деген қарым-қатынасы – адамдардың қаншалықты осы мемлекеттің азаматы екендігін сезініп, болашаққа сеніп, оның патриоты болатындығын көрсетеді».

             «Отан туым» аймақтық жоба шеңберінде жән оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Туы  Отанымыдың мемлекеттік рәміздерінің бірі екендігі туралы ұғымды  кеңейту мақсатында 2018 жылдың 18 желтоқсанында оқушылар мен ата-аналар аталмыш акцияға қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге суреттердің, жапсырудың, тігудің  әртүрлі әдістерін қолдана отырып,  ту жасап, онымен оқу кабинеттерінің терезелерін безендірді. Жобаны жүзеге асыруда бастауыш сыныптар оқушылары бесенді атсалысты.

   Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің, тәуелсіздіктің құрылуы барысындағы маңызы мен рлі туралы түсінуі тиіс.  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі нышаны ұлттық валюта – теңге болып табылады. Теңге сатушы мен сатып алушы арасындағы ауыстыру құралы ғана болып қоймай, сонымен қатар, тәуелсіздіктің өте  маңызды элементі болды және тіпті жаңа қазақстандық дүниетанымды құру құралы да болды.

             Павлодар облысында ұлттық валюта – теңгенің  25 жылдығын тойлауға арналған шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Павлодар қаласының №15 мектебі бойынша шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Шаралар мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ұлттық атрибуттар мен рәміздерге, тарих пенсалт-дәстүрлерге  деген құрмет. Біздің алдымызға келесі міндеттер қойылды: ақша тарихы туралы, Қзақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге туралы мәлімет беру; пайда болу тарихымен, негізгі құралдарымен, қорғаныс түрлерімен таныстыру; теңгенің ел экономикасындағы рөлі мен маңызын анықтау; еліміздің мәдени-экономикалық құндылықтарына деген құрметті дамыту;  ұлттық валютаға  және Отанымыздың  экономикалық тіуелсіздігіне  деген патриотизм, азаматтық сезімінтәрбиелеу. Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған шаралар жоспарына сәйкес мектепте келесі шаралар өткізілді:

            1. Сыныптан тыс шара «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері  Төрехан Ж., Зкенова Г.Ш. өткізді. Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы, оның шығу тарихы мен теңгенің негізгі қасиеті туралы білім беру, өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарына деген құрметті тәрбиелеу, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу. Шара 5-7-сыныптар оқушыларына арналды. Шарада оқушыларға ұлттық техниканың пайда болу тарихы туралы айтылды. Оқушылар арасында ұлттық валюта туралы білімге, аталмыш тақырып бойынша мақал-мәтелге арналған конкурс өткізілді.

            2. «Теңге – Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты патриотизм сабақтарының міндеттері мен мақсаты оқушылардың патриотизмге деген сезімін қалыптастыру, қазақ халқының мәдениетіне, тарихына деген құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу, оқушыларды білімге, еңбекке, үлкендерді сыйлауға үйрету сабақтарын ДТЖО Капбасова Б.К., Мукашев Д.Д 8-10-сыныптарымен өткізсе, тарих мұғалімдері  Сыздыкова Е.Б., Алинова А.А. 5-7-сыныптармен өткізді. 5-7-сыныптармен өткен патриотизм сабағындашара ұлттық валюта туралы, оның шығу тарихы туралы слайд көрсетумен басталды. 8-10-сыныптарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы мен ақша бірлігінің шығу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушлар Отан туралы тақпақтар оқыды. Сонымен бірге, оқушылар  өткізілген викторинаға да белсенді қатысты. Шара Қазақстан туралы тақпақпен аяқталды.

            Интеллектуалды-танымдылық түрде өткізілген барлқ шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ел азаматы мен патриотын қалыптастырудағы маңызды саты болды. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу тақырыбын жалғастыра  отыра, азаматтық патриотизм мен өз халқының тарихын құрметтеу сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілген Алғашқы Президент күніне, Тәуелсіздік күніне арнаған шараларды атап өту керек.

            Еліміздің өміріндегі осы маңызды жағдай алдында Алғашқы Президент күніне арналған декада өткізілді. 2018 жылдың 21 қарашасынан бастап желтоқсанның 1-не дейін шаралар жоспары әзірленді. Мектепте Қазақстан Рспубликасының Алғашқы Президенті күніне арналған шаралар жоспарына сәйкес белгілі бір тәрбие жұмысы өткізілді. Шаралар жоспарына сәйкес мәжіліс залында «1 желтоқсан – ҚР Алғашқы Президенті күні» атты тақырыптық көрме өткізілді, онда 1-10-сыныптар оқушылары өз жұмыстарын көрсетті. Кітапханада кітапханашы Т.В.Волчок «Біздің Президент» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Алғашқы Президентінің өмірбаяны, оның саяси қызметі туралы бай мәлімет ұсынылды.

                   Бейнелеу өнері мұғалімі Г.З.Божақанова «Менің Отаным – Қазақстан!», «Отанымның әсем жерлері» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. 1-6-сыныптар оқушылары өз суреттерін Қазақстанның табиғатына, Астананың әсем жерлеріне, респуликамыздың байлығына арнады. География мұғалімдері «Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы және оның қазіргі замандағы рөлі»атты бейне-журнал өткізді, оның мақсаты Қазақстанның дамуының басты тенденцияларын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік қоғамдағы орны туралы түсінік беріп, Қазақстан дамуының концепцияларын сипаттап, еліміздің құрылуы мен дамуы туралы тарихи жағдайлармен таныстыру, Президент Н.Ә.Назараевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы маңзды рөлін ашып көрсету болды.

 

 

 

             Қазақстандық патриотизмді, өз еліне, өз Президентіне деген мақтанышты тәрбиелеу мақсатында 1-10-сынып оқушылары үшін «Ғажайып тағдыры бар біздің Президентіміз», «Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», «Алғашқы Президенткүні» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Балалар Президентіміздің өмірбаяныен, оның отбасымен, қызығушылықтарымен танысты. Сынып сағаттары оқушылардың Қазақстан Республикасының нағыз азаматының жеке тұлғасы қасиеттерін дамыту үшін қажетті тәртіп үлгіері мен адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгерулеріне мүмкіндік берді.

          9-10-сыныптардың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері  Б.К.Батаева мен  О.Ф.Мережко «Біздің Президент», «Бір ел, бір Елбасы», «Біздің ел, біздің таңдау, біздің Президент» тақырыбында шығарма жазу конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының Көшбасшысы, Алғашқы Президет  туралы білімдерін кеңейту, азаматтық патриотизм сезімін қалыптастыру, өз елі, өз Президенті үшінмақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. барлығы 14 оқушы қатысты, 9-сынып оқушысы С.Витковскийдің және Д.Сүлейменованың жұмыстары аталып өтілді. Шығармашылық жұмыстың анализі оқушылардың елімізде болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамайтындығын көретті. Олар өз шығармаларында Қазақстанның ішкі саясаттағы сияқты халықаралық аренадағы жетістіктері Президентке байланысты екенін атап өті. Онкүндік мектеп ұжымына арналған салтанатты шарамен аяқталды.

            Салтанатты шарада метеп директоры Н.Ж.Шакенова сөз сөйлеп, ұлт Көшбасшысы Алғашқы Президент Н.Ә.Назарбаев  егемен Қазақстанды құру мен нығайтудағы тарихына енгенін айтты. Оның басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Ол сонымен қатар, Президенттің Тәуелсіз Қазақстанды құруға қосқан үлесі мен елді дамытудағы рөлі туралы айтп өтті. Қаақстан зор табысқа, жарқын жеңістерге жетіп, мемлекет құрылып, әлемде лайықты орын алды. Елімізде тұрып жатқан қазақстахалықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім – бұл барлық мемлекеттер үшін үлгі болып табылады. Сөзден кейін өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге зор үлес қосқан мектептің ең белсенді қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Одан соң патриоттық әндер шырқалды.

            Өткізілген барлық шаралар жоғары деңгейде өтті, балаларға қазақстандық патриотизмді, өз республикасына деген сүйіспеншілікті, өз халқының Көшбасшысына, Президентіне деген құрметті үйретуге мүмкіндік жасады.

             Отанына деген сүйіспеншілікке негізделген азаматық патриотизмді, өз еліне, халқының тарихына деген құрметті тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған бірқатар шаралар өткізілді. Онкүндік бойы мектеп кітапханасында  кітапханашы Т.В.Волчок ұйымдастырған «Тәуелсіздік шыңы» атты кітап көрмесі әрекет етті.

             География мұғалімі Е.А.Аралов 9-10-сынып оқушылары үшін Багаев атындағы мұражай-үйіне экскурси ұйымдастырды. Д.П.Багаевтың мұражай-үйінде оқушылар өзінен кейін ХХ ғасырдағы қазақ халқының этнографиясы туралы тарихи фотосуреттер қалдырған Павлодардың  алғышқы кәсіби фотографы туралы, оның өмірі мен шығармашылық қызметі туралы тыңдады.

 2018 жылғы 11 желоқсанда тарих мұғалімі А.А.Алинов өз халқының тарихын оқып білуге деген қызығушылықты ояту, өзара көмек көрсету, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, балалардың ойын дамытып, өзін көрсете алуға мүмкіндік беретін шығармашылық жағдай жасау мақсатында                      8-10-сыныптарымен «Траихты жақсы білгіш» атты викторина өткізді. Балалар интеллектуалды викторинаға беленді қатысып, тарихты, мәденетті және Қазақстан Республикасының атаул күндері қаншаықты жақсы білетіндіктерін тексерді. Викторинаның жеңімпазы 40 «Б» сыныбы болды.

            ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында 2-5-сынып оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдердің бірыңғай ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау өткізілді, онда 21 оқушы Жас ұландықтардың сертін беріп, «Жас ұлан» әнұранын орындады.

           2018 жылғы желтоқсанынның 12-нен 14-і аралығында 1-7-сынып оқушылары үшін «Бір шаңырақ астында» атты шаралар өтті. Шаралар мақсаты: патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихқа деген   және Қазақсан халқының жарқын болашағына деген  мақтанышты тәрбиелеу; балалардың «тәуелсіздік» деген ұғымын қалыптастыру, оқушылардың көпұлтты Қазақстан, достық, Қаақстан ауағында тұрып жатқан халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім  туралы білімдерін дамыту, ұлтына қарамастан оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, кез келген ұлтқа деген құрметті, болашақ азаматтың жеке тұлғасы ретінде патриотизмді қалыптастыру болды.

         Қазақстан Республикасының құрылған жолдары туралы, Қазақстан Республикасының өткені мен қазіргі кезі туралы ұғымдарын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылықты дамыту  мақсатында 8-10-сыныптар оқушылары үшін тарих сабағы өткізілді. Балалар барлық шараларда Отан туралы әндер орындап, тақпақтар оқып, билер дайындады. Оқушыларға арналып өткізілген шаралардың барлығы оқушылардың жас ерекшеліктері мен психолого-педагогикалық еркшеліктері ескеріліп дайындалып, тиісті деңгейде өтті. Онкүндік мектеп ұжымына арналған салтанатты жиналыспен аяқталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге арналған барлық жұмыстар әлеуметтік желілер мен метептің сайтында жарияланды.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ай сайын пресс-релиздер құрылып, Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың 65 жылдығына арналған «Орта жүздің шам шырағы», «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне» виртуалды саяхат, «Сүйікті кітаптағы фотосурет», «Ертіс өңірінің алтын есімдері»шаралар, Шәкен Аймановтың 105 жылдығына арналған шаралар, Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдығына арналған «Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу: Ж. Аймауытов» шарасы ұйымдастырылып, «Баянауылым-киелі жерім» қызықты серпантин, Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған интеллектуалды викторина өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарамасы бойынша жоспарды үзеге асыру мақсатында тарих мұғалімі А.А.Алинова «Тамаша адамдардың өмірі» атты үйірме ұйымдастырды, сынып жетекшілері Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барулар ұйымдастырылды.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының №15 ЖОББМ-де әр жылдардың түлектерін өскелең ұрпақтың патриотизмі сезімі мен Отанға деген мақтанышын тәрбиелеуге көмек көрсету, сондай-ақ, балаларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында  «Түлек – мектебіміздің құндылығы» жобасы басталды.

         2019 жылдың 12 қаңтарында мәжіліс залда «Ешкім де, ештеңе де ұмтылмайды» атты ерлік сабағы өткізіліп, оның барысында мектебіміздің алғашқы түлектері (1941 жыл), Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы бейнеролик көрсетіліп, 9-10-сынып оқушыларынан (Фадеев Денис, Беккер Данил) құрмет қарауылы құрылып, салтанатты митинг өткізіліп, ҰОС-на қатысушылардың мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойылды, 70 км-ге супер-марафон старты өтті. Шараға мектептің педагогикалық ұжымы мен 8-10-сыныптар оқушылары қатысты. Шара қонақтары 1979, 1980 жылдардың түлектері, Runing Pavlodar қозғалысының өкілдері, триатлоншылар, биатлоншылар, жеңіл атлетшілер болды.

         Әуесқой спортшы Евгений Белов 70 шақырым марафонд жеті саған 10 минут ішінде жүгіріп өтті, сондай-ақ, марафоншы Өміран Ошанов та қатысты. Ерлік сабағынан кейін ол жоғары сыныптықтар үшін дене шынықтыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Аға ұрпақ спортшылар патриоттық акция бойынша оқушыларға үлгі болуға тырысуда. Ақпараттық қолдауды pavlodarnews көрсетті. Шара мазмұнды болып, жоғары деңгейде дайындалып, өткізілді.

            Мектепте  құрылған жоспарға сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған шаралар өткізілді. Бұл шаралардың мақсаты: оқушылардың патриотық сезімін  және толеранттылықты

қалыптастыру болды. Кітапаханашы  Т.В.Влок тақырыптық көрме ұйымдастырып, «Халықтардың ғасырлық дәстүрлерін сқтаймыз» тақырыбында кітапхана сағатын өткізді. Облыстық «Шаңырақ» жобасы шеңберінде киіз үйлер  макетінің көрмесі өткізілді. Қазақ тілі  мен әдібиеті мұғалімі М.А.Егінбаева , 2 «А» сыныбының оқушылары, ата-аналары мен сынып жетекшісі А.А.Мамжанова, 7 «Г» сынып оқушысы Бейбіт Сардар аталмыш жобаны жүзеге асыруға қатысқандары үшін алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

            «Біздің үй» МҚ дойбы турнирін өткізді, олардың қорытындысы бойынша балалар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Дене шынықтыру мұғалімдері 5-7-сыныптар оқушылары арасында пионербол бойынша жарыстар өткізді, жеңімпаздарға грамоталар тапсырылды.  Оқушылар «Наурыз құтты болсын!» қаырға газетін шығаруға, кабинеттерді, фойе мен дәлізді безендіруге белсенді түрде қатысты.  Мәжіліс залының сахнасы киіз үй түрінде безендірілді. Мерекеге байланысты фото-зонасы да безендірілді.   Оқушылардың мектепке келгенінен бастап мерекелік көңіл күй езіліп тұрды. Балалар мерекені дайындауға беленді түрде қатысып, ата-аналарымен бірге ұлттық тағам – бауырсақ дайындады. өткізілген шаралардың барлығы жақсы дайындалып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырды. Олар мемлекеттік тілде  әндр орындап,  тақпақтар оқып, қазақ халқының салт-дәстүрлеріін көрсеті, ұлттық ойындар ойнады.  Балаларға сыйлық ретінде «Жігер» ДПК өнер көрсетті.                           

         Біз он бес миллионнан астам адам, жүзден аса ұлттар мен өлт өкілдері  бір отбасындай боп тұрып жатқан мемлекетте өмір сүрудеміз. Барлығымыз бір шаңырақ астында өмір сүрудеміз. Қазақстанда тұрып жатқн барлық халықтар – тең құқылы, өз тілін, ұлттық мәдениетін дамытуда. Көгідір ашық аспан астында әртүрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, сондықтан біз Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеудеміз. Кітапханашы Т.В.Волчок мектеп кітапханасында  «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Аға тәлімгер А.С.Аширбекова 5-7- сыныптар оқушылары үшін «Қазақстан халқының бірлігі күні» атты тақырыптық сапқа тұруды өткізді. 1-10-сыныптардың сынып жетекшілері «Біз – бір отбасымыз», «Халықтар достығы – біздің рухани байлығымыз», «Қазақстандықтардың таңдауы - бірлік пен келісім  » атты сынып сағаттарын өткізді.

              Кітапханашы Т.В.Волчок 7 Мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Егемен елдің қорғаны - Қарулы күштер» атт кітап көрмесін безендіріп, 1-4-сыныптар оқушылары үшін «Мамандық – әскери адам» атты, 8-10-сыныптар оқушылары үшін «Отанға қызмет етуге дайынбыз» атты сынып сағаттарын өткізіп, 5-7-сынып оқушыларымен Әскери даңқ мұражайына экскурсия жасады.

             Жеңіс күні қарсаңында бірқатар шаралар өткізілді. Бұл тарих мұғалімдері  Г.ЖКашенова, Д.Т.Жунусова, А.А.Алинова, Е.А.Араловтың «Ұлы Жеңіске жеткізген қиын жолдар» бейнеролигін шығару, кітапханашы Т.В.Волчок «Еске алу кітабы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Есімізде сақтаймыз» атты саяси ақпараттандыру өткізіліп, сынып жетекшілері «Жер бетіндегі өмір үшін» еске алу апталығын өткізді. Аға тәлімгер А.С.Аширбекова  мен 8-9-сыныптардың сынып жетекшілері «Қайырлы таң, ардагер!» акциясын ұйымдастырды. Еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар тапсырылып, құттықтау бағдарламалары ұсынылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіне «Құрметтейміз, сақтаймыз, есте сақтаймыз» атты патриотизм сабағы өткізілді және «Түлек – мектебіміздің құндылығы» атты мектеп жобасы да жүзеге асырылды.

              Шараға еңбек ардагерлері, ауған жауынгерлері, өткен жылдардың түлектері, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Жиналғандар бір минут үнсіздікпен болашақ өмір үшін жандарын қиған жауынгерлерді еске алып, мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, Түлектер аллеясын құрып, көшеттер отырғызды.

            Бұдан басқа, мектепте жоғары сыныптарда патриоттыз мазмұндағы көптеген әңгімелесулер, ойындар мен сынып сағаттары өткізілді. Балалар сынып сағаттарын талқылауда қызығушылық пен белсенділік танытты. Сынып сағаттарын өткізген кезде келесі міндеттер жүзеге асырылды: оқушылардың нақты құбылыстарды түсіну қабулетін  дамыту; халықтар арасындағы өзара түсіністікті тәрбиелеу; жалпы адамгершілік принциптерді бекіту; оқушыларға ҚР тәуелсідігінің құрылуының қиын жолдарын көрсету. Мектеп оқушылары бейтітшілікте, ашық аспан астында                өмір сүріп, білім алып, достарымен және туған-туыстарымен көп уақыт өткізіп жүрген жақсы                    екен деген шешімге келді. Сынып жетекшілері біздің мемлекет өте жас және барлық жақсылықтың бәрі әлі алда екенін атап өтті. Болашақ өміріміздің қандай болатыны, Қазақстанның қандай болатыны

тек бізге ғана байланысты. Тәрбие жұмысы жоспар бойынша мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып өкізілді. Шаралардың барлығы уақытылы өткізілді және балаларға өте ұнады. Патриоттық тәрбиенің барлықбағыттары бойынша құрылған жоспарға сәйкес осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

             Педагогикалық ұжым құқықтық тәрбие бойынша зор жұмыс атқаруда. Қыз балалардың білім, медициналық көмек алып, зороық-зомбылықан, мәжбүрлі түрде некелесуден қорғау, қыздар мен әйелдердің құқығын бұзатын ортаны құратын стереотиптерді болдырмау және т.б. қорғау мақсатында 2018 жылғы қазанның 4-нен 13-і аралығында Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндік өткізілді. Шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға келесілер енгізілді: «Қыздар арасында» әңгімелесу сағат, «Сенің достарың мен құрбыларың» сынып сағаты, «Неге қыз болған жақсы?» миға шабуыл өткізіліп, «Махаббат және ның қаупі» бейнеролигі көрсетіліп, Құттықтаулар күні, «Сәнді күз» шығармашылық сабағы,  «Сүйікті бәліш» отбасылық шарасы өткізілді. Әр шара бойынша шараның өтуіне жауаптылар болды. Жауаптылар сценарий дайындады. 9 «А» сынып оқушылары қыздарға арнап мереке атрибуты ретінде брошкалар дайындады. Шараларға оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар бесенді түрде қатысты. Фойе, дәліздер мерекеге сай безендірілді. Шараларың арлығы ұйымдастырылған түрде өтті. Шаралар мазмұны қойылған мақсаттарға сай болды.

        «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі балалар мен ата-аналардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мен  Конвенцияның басты ережелері туралы, оларды насихаттау мен түсіндіру, балалардың әртүрлі құқықтық мәселелер туралы қызығушылықтарын дамыту, оларың өздерінің құқыққа деген қатынастарын қоғамдық құндылықтарға сияқты қарауын арттыру мақсатында –өткізілді.

             5-7-сыныптар оқушыларының мамандықар туралы білімдерін анықтап, бекіту мақсатында тәлімгер А.С.Аширбекова «Профи-babi time» рөлдік ойынын өткізді. Шарада мамандық таңдау – бұл әркімнің өз құқығы екеніне бсты көңіл аударылды.психолог А.А.Хамитова  5-7-сыныптарының             ата-аналарымен «Отбасындағы жағдай» тақырыбы бойынша таырыптық кеңес беру өткізді. жауапкершілік, қарым-қатынас, өзін-өзі жетілдіру мәселелері қарастырылды. Кітапханашы Т.В.Волчок 7-10-сыныптар оқушылары үшін «Біз бала еңбегіне қарсымыз», «Отбасындағы зорлық-зомбылық туралы» әңгімелесулер өткізді.  Әңгімелеуер барысында оқушылар негізгі заңнамалық актілермен танысып, бала еңбегінің проблемалары мен себептерін қарастырып,  балалардың құқы мен бостандығын қорғаудың маңыздылығы мен өзктілігі түсіндіріліп, оқушылардың жеке тұлғаға деген күш көрсетушіліктің кез келген түріне, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылыққа деген жағымсыз атынасты дамытты.

 1-4-сыныптардың сынып жетекшілері «Отан отбасынан басталады»  отбасылық шарасын өткізді. Шараның мақсаты: балалардың  ата-аналары туралы, отбасындағы дәстүрлер туралы әңгімелеуге деген ызығушылықтарын тудырып, ата-анаға деген сүйіспеншілікті, үлкендерге деген құрметті тәрбиелеп, балалардың ата-анаарымен  достық қарым-қатынас жағдайын құру болды. Шара оқушылардың ата-аналарымен бірге С.Торайғыров атындағы кітапханаға баруымен аяқталды. Онкүндік шеңберінде медбике Т.В.Ващенко қыз балалармен қауіпсіз жыныстық қатынас мәселелері бойынша әңгімелесу өткізді. Гигиенаны сақтау, ЖЖТ аурулар туралы жадынамалар таратылды.  Мектеп психологы А.А.Хамитова 8-10-сыныптардың оқушыларымен дұрыс өмір жолын таңдаудың маңыздылығын, өзі туралы жағымды ойды қалыптастыруды түсіндіру, оқушылардың жаман тәртібінің алдын алу мақсатында «Бұл сенсің» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жағдайлар талқыланып, балалар сұрақтарға ауап берді.

            Ұлттық тәрбие және отбасылық тәрбие.

             Биылғы оқу жылында педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі отбасымен қарым-қатынас жасап, ата-аналарды мектептгі тәрбие үдерісіне тарту, «ата-аналар – балалар – мұғалімдер» атты бірыңғай тәрбие кеңістігін құру болды. Отбасылық тәрбие мен ұлттық тәрбие бір-бірімен өзара байланысты. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім тәрбиесі бойынша салтанатты  сапқа тұрулар, әңгімелесулер, мерекелер мен концерттер өткізілді. Жұмыстың негізгі түрі – бұл жиналыстар, жеке кеңес берулер, ертеңгіліктер және бірігіп дайындалған шаралар болды.  ата-аналар бір жыл бойы мектеп өміріне белсенеді  түрде  қатысып, Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жұмысы белсендендіріле түсті.   

             Оқу жылының басында ата-аналардың  балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсендендіру, отбасылық құндылықтарды нығайту, суицид жағдайларының құық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағындардың енгізілуінің алдын алу мақсатында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-аналар: өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар кнференциялары өткізілді. Конференцияларды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Қапбасова мектеп психологы Г.А.Кумаровамен бірге өткізді.

             Қамқоршы күнінің  өткізілу мақсаты  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім баллар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалард тәрбиесіне алған отбасыларына алғыс білдіру болып табылады. мереке қарсаңында № ЖОББМ-те Қамқоршы күні шараларының жоспары құрылып, бекіілді. Жоспарға концерттік бағдарлама, суреттер көрмесі, «Шай ішіп отыра» кездесуі, «Балалар қауіпсіздігі уралы», «Кәмелеттік жастың проблемалары туралы», «Үй тапсырмаларының орындалуы», «Балаларды отбасында мадақтау мен жазалау» атты тақырыптары бойынша кеңес беру сағаттары өткізілді.   

        Жылғы 26 қазанда мектебімізде Қамқоршы күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Бұл шараның мақсаы отбасылық шығармашылықты дамыту мен отбасы мен мектептің байланысы, оқушылардың асырап алған ата-аналарына деген сүйіспеншілігі мен құрметін, өз отбасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, оқушылардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру болды.

        Қамқоршы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, онда мектеп оқушылары ана, отбасы  туралы тақпақтар  оқыды, ал оқушылар Артур Шляпцев пен Аза Лошкина қазіргі заманғы би орындады.  Мектеп ұжымы атынан қамқоршыларға музыкалық сыйлық жасалды: ата-ана үйі туралы лирикалық әндер орындалды. Сондай-ақ, оқушылардың «Менің отбасым – менің байлығы» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Психолог А.А.Хамитова «Балалар қауіпсіздігі туралы» ақпараттық минут өткізді. 

             Қамқоршы күнін мерекелеу барысында мектеп директоры Н.Ж.Шакенова қамқоршыларға мейірімдері мен қамқорлықтары үшін алғыс хаттар табыстады. Одан басқа, Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда мен туризм  басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы  Д.Н.Шаймарданов та қамқоршыларға сыйлықтар табыс етті. Концерттік бағдарламадан кейін қамқоршылар  мектептің педагогикалық ұжымы дайындаған  мерекелік дастарханға шақырылды. Олар шай іше отырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, басты әртістері өз балалары болған концерттен алған әсерлерімен де бөлісті. Аталмыш шара мектеп  пен жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз тәрбиесіне алған отбасылары арасындағы байланыстынығайтуға мүмкіндік жасады, сонымен қатар, балалардың өз қамқошыларына деген сүйіспеншілік сезімі мен алғысын тәрбиелеуге де мүмкіндік жасады.

             Шара жақсы ұйымдастырылған деңгейде өтті. Отбасы дәстүрін отасы тәрбиесі  мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық асхана арқылы ұлттық мәдениеттің жағымды дәстүрлерін үйрету, өз шығармашылығына деген қызығушылықты тәрбиелеу және  «Family day»  отбасылық тәрбие жобасын  жүзеге асыру арқылы сақтап қалу мақсатында  отбасылық «Сүйікті бәліш» атты шара өткізілді. Шара 2 кезеңмн өтті. Бірінші кезеңде 2-3-сыныптардың обасылары қатысты, 2-кезеңге 5-8-сыныптардың отбасылары қатысты. Шарада  отбасылар бірігіп дайындаған отбасылық бәліштерді ұсынды.         

            Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде  ата-аналарды отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға жұмылдыру, олардың балаларды тәрбиелеудегі  жауапкершілігі мен рөлін арттыру мақсатында «Отбасылық тәрбие – өсіп келе жатқан ұрпақтығ азаматтылығын қалыптастыру» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыс салтанатты бөлімнен басталды, онда ата-аналарға арналып концерттік бағдарлама ұсынылды және мектеп директоры мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысқан ата-аналарға алғыс хаттар табыстады. Күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ата-аналар мен мектептің  өзара байланысын күшейтудегі отбасылық құндылықтар, 9-11-сыныптарының қорытынды аттестациясы, оқу жылының қорытындысын шығару, оқушылардың білім сапасы, қамқоршылық кеңесінің мектеп басқармасындағы қызметі сияқты мәселелер қарастырылды.

          Жұмыстың барлық түрлері балалардың, жасөспірімдер мен ата-аналардың  педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектептің, отбасының, қоғамның өзара байланысын күшейтуге, сондай-ақ, ата-аналарды сыныптағы балалардың тәрбиесіне жұмылдыруға, этноаралық құндылықтарды тәрбиелеуге, отбасына деген қарым-қатынасқа, отбасылық толеранттылық қатынастар тәжірибесін қалыптастыруға және мектеп пен отбасының, әр ұлт өкілдерінің арасындағы жағымды серіктестікті

орнатуға бағытталды.  Осы бағыттағы ата-аналармен жұмыс  жалғасырылып, жетілдіріле түсуі қажет.

            Рухани-адамгершілік тәрбиесі:  Рухани-адамгершілік тәрбие маңызды болып табылады. Рухани-аамгершілік  тәрбиеге арналған шаралар жоспарланып, өткізілді. Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша өткізілген жалпы мектептік ата-аналар жиналысында  баланың адамгершілік қасиетін қалыптастырудағы отбасы мен мектептің біріккен жұмысы туралы мәселе қарастырылды, психолог А.А.Хамитова жақсы тәртіп туралы бейнеролик көрсетті.

            «Қарттар күніне» арналған шараға педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Шаралар эмоционалды жағдайда  өтіп, педагогикалық еңбек  ардагерлеріне  естелік сыйлықтар табыс етіліп, шай ішу ұйымдастырылды.

             Балалар мен жасөспірімдердің адамгершілік тәрбиесі міндеттерін орындау бойынша метепте 2019 жылғы ақпанның 1-нен 12-сі аралығында өзін-өзі тану онкүндігі өткізілді, оның мақсаты  өмірлік құндылықтар туралы білімді кеңейтіп, оқушылардың алдына адамгершілік жағдайындағы таңдауды қойып, оқушының қалыптасып келе жатқан жеке тұлғасының адамгершілік маңызды қасиеттерін дамыту бойынша қызметті түрлендіруді қосу болды. Онкүндік шеңберінде келесі шаралар өткізілді. Өзін-өзі тану онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты сапқа тұру;  қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен спорт секцияларының жұмыстары; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беретін бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның  қызметіне арналған «Мейрірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды; жоғары сынып оқушыларының үзілістер кезінде бастауыш мектеп оқушыларымен қимылды ойындар ұйымдастыруы; «Мейірімді жүректер» қайырымдылық акциясы – облыстық балалар ауруханасында ұзақ уақыт бойы емделіп жатқан балалар үшін көркем және ғылыми-танымал әдебиетті жинау;  1-4-сыныптар оқушылары арасында «Менің отбасым» атты суреттер конкурсы; 5-9-сынып оқушылары арасында «Танысыңыз, бұл біз» коллаждар конкурсы;  8-10- сыныптар оқушылары арасында  «Менің бақыт туралы түсінігім» атты шағын шығарма жазу конкурсы; 5-сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілікке толы жүрек», «Алтын жүрек анамыз» атты оқушылар конкурсы; «Камин жанындағы әңгімелесулер» адамгершілік минуттары: сұлулық, отбасы құндылықтары, мейірім мен қатыгездік туралы, «Балаларға берілген жүрек», «Өмір туралы ойлар», «Отбасы туралы» ауыспалы ақпаратты стенд безендірілді;  «Сұлулық пен сүйіспеншілік әлемді сақтап қалады» атты тақырыптық сынып сағаттары; «Өмір сүру – Отанға қызмет ету» үгіт бригадасы; «Қазіргі заманғы  адамға  адамгершілік қажет пе?» атты жоғары сыныптықтар арасындағы пікірталастар.

             «Самал» оңалту орталығындағы балалармен дәстүрлі кездесу өткізілді. 2019 жылғы 12 ақпанда өзін-өзі тану онкүндіінің жабылуына байланысты сапқа тұру өткізіліп, оқушылар белсенділігінң қорытындысы шығарылды – қамтылу 100%,-ды құрады, таңдаулылар марапатталды, педагогикалық ұжымның ата-аналармен оқушылардың  «Біз енді ауада құстар сиқты ұшуды, балықтар сияқты су астында жүзуді  үйренгенде, бізге тек қана бір нәрсе жетіспейді: жер бетінде адамдар сияқты өмір сүру» адамгершілік тәрбиесі бойынша біріккен қызметін жалғастыру туралы басты міндет қойылды.                  

             Көпұлтты  Қазастанның бірлігін сақтау мен  дамытуды нығайтуға мүмкіндік жасау үшін   жалпы тарихы, қазақтардың  және басқа да барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға көрсеткен қолдауымен қиыншылықтарды бірігіп жеңіп шыққаны туралы естеліктері негізінде Алғыс білдіру күні өткізілді. Сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. «Мен рахмет айтамын» атты сынып сағаттары 1-4-сыныптарда қызықты да танымды болып өтті. 5-7-сыныптарда өткізілген сынып сағаттарында оқушылар  аға ұрпақтың соғыс кезіндегі өмірі туралы ақпарат алды, қазақтардың басқа ұлт адамдарын өз отбасыларына қабылдап, оларға зор көмек көрсеткендері туралы білді және соңында рефлексия өткізіліп, оқушылар алғыс білдіру күні туралы өз пікірлерін айтты.

             Шаралар жоспарына сәйкес Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Сұңқар» және «Жан жылуы» волонтерлік отрядына қатысушылар Алғыс айту күніне арналған ашық хаттарды жасау бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Мектебіміздің  оқушылары аталмыш жұмыста белсенділік танытты. Волонтерлер Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өткізді. 3-сыныптар оқушылары мерекенің шығуымен танысып, конкурстар өткізіліп, әндер орындалды, шара студенттер мен оқушылардың бірігіп мерекелік би флешмобын орындаумен аяқталды. Фойеде «Ризашылық күні – День благодарности» баннері ілінді, онда оқушылар, ата-аналар мен мектеп ұжымы бір-біріне  деген алғыс сөздерін білдіре алды. Күн «Шын жүректен алғыс айтамын» атты концерттік бағдарламамен аяқталды, онда мерекенің құрылу тарихы айтылып, достық пен алғыс туралы әндер,

тақпақтар орындалды.

            Сынып жетекшілері рухани-адамгершілік тәрбие бойынша сынып сағаттарын өткізген кезде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін авторлық бағдарламаларды қолданды. Аталмыш бағыт қоғамды дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өте өзекті болып табылады. 

            Көп мәденетті және көркем-эстетикалық тәрбие балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын дамытуға негізделген. Баллаардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қамтылуын ұйымдастыру үшін мектепте қызығушылықтар бойынша үйірме жұмысы ұйымдастырылған: «Сиқырлы ермексаз» көркемсаз – жетекшісі Л.Д.Ганзиева, көркемсаз «Ермексаз әлемі»- жеткшісі Л.А.Сайдашева, көркем саз «Ермексаз ғажайыптары» - жетекшісі Б.Д.Оспанова, көркем саз «Көңілді жапсырулар» - жетекшісі А.С.Аширбекова, көркем саз «Ермексаз қиялдары» - жетекшісі С.Т.Манапова, көркем саз «Ермексаз елі» - жетекшісі Д.Г.Юзеева. Бастауыш сыныптардағы көркем саз үйірмелері психикалық дамуы тежелген балалардың шағын моторикасын түзету мен дамыту, ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым технологиялық тәсілдерін үйрету, қиялын, шығармашылық қабілеттерін, ойлауын  дамыту, көркем-эстетикалық талғамды, еңбекқорлықты, мұқият болуды үйрету  мақсатында жүргізіледі. Үйірме жұмысының нәтижесі балалар жұмысының  сыныптағы, мектептегі көрмесі болып табылады.  Қамтылу 74 оқушының қамтиды.

            Бейнелеу өнері бойынша  Г.З.Божақанова жүргізетін «Радуга»үйірмесінің мақсаты  бейнелеу жұмысына деген қызығушылықты ояту, қолдың шағын моторикасын шығармашылық ойды, логиканы  дамыту болып табылады.  Үйірмеге 16 оқушы қатысады. Үйірме жұмысының нәтижесі: мектепегі тақырыптық суреттер көрмелері, суреттерді «Городская неделя» газетінің балалар бетінде жариялануы, балалар суретінің қалалық конкурстарына қатысу.  

            Ай сайын оқушылардың сурет көрмесі жаңартылып тұрады. Бейнелеу өнер мұғалімі Г.З.Божақанова  бастауыш сыныптарда «Теңге балалар көзімен» сурет көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеге 2-4-сыныптардан 23  оқушы қатысты. 2018 жылғы 7 желтоқсанда 2-6-сыныптарда «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты сурет көрмесі өткізілді. Көрменің басты мақсаты – балаларға  елдегі маңызды жағдайларды  түсіндіру болды. Оқушыллар ойын бейнелейтін балалар жұмысы бейбітшілік пен келісімді, мемлекет потенциалын, ұлттық бірлікті  насихаттайды.

                Бейнелеу өнері мұғалімі Г.З.Божақанованың жетекшілігімен  «Наурыз – біздің жаңа жыл!», «Біз бейбітшілік пен достықта өмір үреміз», «Әскер балалар көзімен», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты суреттер көрмелері өткізілді. Оқу жылы бойы 4-7-сыныптар оқушылары «Городская неделя» газетінің «балалар бетін» құрастыруға қатысып, грамоталармен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Отаным – Қазақстан» фестиваліне қатысқаны үшін 4-7сыныптар оқушылары сертификаттармен марапатталды. Ақ бота ҮІІ облыстық балалардың бейнелеу шығармашылығы конкурсында 1-орын алған 9 «А» сынып оқушысы Н.Пархоменко дипломмен  және Алғашқы Президент күніне арналған  қалалық «Көк тудың желбірегені» атты конкурсына қатысқаны үшін  сертификатпен  марапатталды.  7 «А» сынып оқушысы А.Табола акварельді сурет тің облыстық конкурсында мадақтау жүлдесін алғаны үшін дипломмен марапатталды.

            «Аппликация» үйірмесіне 2 «б» сынып оқушылары қатысады. Жетекшісі Г.С.Ахатова балалардың сүлулыққа деген сезімін тәрбиелеп, өнерді түсініп, бағалай білуді қалыптастырады, шығармашылық қабелеттерін дамытады. Аталмыш үйірмені жүзеге асыру нәтижесі балалар жұмысының көрмелері болып табылады.               

             «Ars Vokal» вокалды студиясының жұмыс анализі үйірме мемлекеттік тілді, оқушылардың вокалды-хорлық дағдыларын дамытуға, мерекелер мен концерттерге, конкурстар мен фестивальдарға қатысуға бағытталған. Музыка мұғалімі Р.С.Сексембаеваның басшылығымен студияға жас ерекшеліктері  бойынша 3 топқа бөлінген 40 оқушы келіп жүр. Үйірме жұмысының нәтижесі мектепте өткізілетін барлық шараларға қатысу, оқушылардың балалар шығармашылығының қалалық фестиваліне, «Мен таланттымын» атты республикалық онлайн-конкурсқа қатысулары болып табылады. музыка мұғалімі Р.С.Сексембаева 1-10-сыныптар оқушылары үшін мүмкіндіктері шектелген балалар мен жасспірімдердің шығармашылықтарын белсендендіру мақсатында «Саған ән  арнаймын менің Қазақстаным» атты патриоттық әндердің мектептік  конкурсын өткізді.

            Конкурс келесі критерийлер бойынша бағаланды: орындаушылық шеберлік деңгейі, өнер көрсету бағдарламасының конкурс тақырыбына сәйкес келуі. Конкурстық тыңдалым қорытындысы

бойынша  жеңімпаздар анықталып, грамоталармен аталып өтті. Музыка мұғалімі Р.С.Сексембаеваның жетекшілігімен оқушылар К.Кирюшин, К.Касьянова, И.Байгожина, Д.Хмарнова, А.Новгородцева, К.Мальковалар»Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастырған «Мен таланттымын» атты республикалық онлайн конкурсына конкурстық жмыстарын ұсынғандары үшін 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

            Оқушылардың қабілеттерін ашу мен олардың шығармашылыққа және өз таланттарын жүзеге асыруға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында мектепте күз мерекесі өткізілді. 5,6,7-сыныптардың оқушылары үшін «Алтын күз ханшайымы»конкурстық бағдарламасын өткізу үшін 5 «Б» сынып жетекшісі З.Б.Даирова мен 5 «В» сынып жетекшісі Г.Р.Рушанова жауапты болды, залды безендіруге жауапты 5 «А» сыныбының жетекшісі Е.Б.Сыздықова мен 5 «Г» сынып жетекшісі А.А.Алинова болды. Залдың безендірілуі шара тақырыбына сәйкес болды. Шара барысы мұқият ойластырылып, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Қыз балалардың тапсырмаларды орындау кезінде көрермендер де назардан тыс қалмады, олар үшін сұрақтар, музыкалық сюрприздар дайындалды. Қатысушылар үшін 7 конкурс өткізілді: «Сәлеметсіз бе – бұл менмін», «Күз жұмбақтары», «Өмірдің бәрі - театр», «Күзгі натюрморт», «Күзге арнаған фотосессия», «Күзгі дефиле». Қыздар кокурстық бағдарламаға жауапкершілік танытты: конкурсқа қатысушылар күзгі киім үлгісін, визитка, «Күзге арналған фотосессия» конкурсына фотосуреттер презентациясын  дайындады. конкурс қорытындылары бойынша «Күз ханшайымы» 7 «К» сынып оқушысы Аида Серік атанды. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар тапсырылды.  Сынып жетекшілері мен қатысушы қыздардың аналарының белсенді қаысқандарын атап өту керек.

             Бастауыш сынып мұғалімдері Г.М.Кабиева, Г.А.Кумарова 1,4-сынып оқушылары үшін, Г:А.Жанке мен Н.И.Савченко 2-3-сыныптар оқушылары үшін шаралар өткізді. Шаралар белгілі бір станциялары бар күзгі орман мен күзгі паркке саяхат түрінде өткізілді. Оқушылар ойындарға, тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты, тапсырмалардың барлығы балалардың қызығушылықтарын тудырды. Сценарийде басты кейіпкер Күз  болды, шараға қатысушылар онымен ойындар ойнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Белсенді қатысушыларға            смайликтер таратылды. 1-сныптардың оқушылары табиғи материалдан бұйымдар жасап, шығармашылықтары үшін грамоталарға ие болды.  4 «В» сынып оқушлары күзгі жапырақтардың  әсем биін дайындады. 2,3-сыныптардың, 4 «А» мен 4 «Б» сыныптарының оқушылары күз туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. Шараларды өткізуге барлық оқушылар қатысты. Оқушылардың барлығына алмалар таратылды.  Шаралар барысында қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.

             Күз мерекесін  8-10сыныптарда өткен 9 «А» сынып жетекшісі Б.К.Батаева дайындады. Шараның мақсаты әрбір қатысушының қоршаған ортаға деген қамқорлығын тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, жұппен ойнап білуді үйрету, сондай-ақ, сыныптық тәрбие жұмысы жүйесіне қосыла білуді, мектептің қоғамдық өміріне қатыса білуді үйрету болды. Оқушылар барлық конкурстарға белсенді қатысты, шара қызықты өтті. Конкурстарға қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шараға   барлық сыныптардың оқушылары сыйлықтармен келді. Бұл үй тапсырмасы болды. Бірде-бір сынып назардан тыс қалмады. Шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Оқушылардың барлығы өткізілген шараға қызығушылық танытты, жақсы өнер көрсетті, мереке мақсатына қол жеткізілді. 8 «Г» сынып жетекшісі Н.С.Құндақпаеваның, 8 «А» сынып жетекшісі Г.О.Омарованың, 8 «Б» сынып жетекшісі Г.С.Абдығалыованың конкурстық бағдарламаны жауапкершілікпен және сапалық түрде дайындаған жұмыстарын атап өту керек.

           Мерекелік жағдай жасау, балаларға қуаныш сыйлау, әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында Жаңажлдық ертеңгіліктер өткізілді.        Кіші буынға арналған  «Жора мен Тошаның жаңажылдық хикаялары» шарасы жоспарланған сценарий бойынша өтті. Оған мектеп педагогтары жұмылдырылды. Шара тақырыбы толығымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  болды. Өткізілген шара нақты түрде ұйымдастырылып, жауаптылардың әзірлеген бағдарламасына сәйкес болды. Балалар  шыршаны айналып, Аяз атаға тақпақтар айтып, кәмпиттер алды. Мереке бойы жаңажылдық костюмдер киген балалардың тізімдері жасалып, шара соңында сыйлықтар алды.  Шараға 183 оқушы қатысты. Мектебімізде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары үшін шырша мерекесі өткізілді, оған  43 бала қатысты. Бұл шараның ұйымдастырушысы «Ғажайыпқа сенім» жобасын дайындаушы Г.Е.Оспанова болды.  Қатысушылардың барлығы Аяз атадан хаттарында көрсеткен сыйлықтары мен тәтті сыйлықтар  алды.

           8-10-сыныптарында өткен шараға «Жігер» клубының әртістері шақырылды. Шара барысы ойластырылып, көпшілік сипаттағы әртүрлі конкурстар мен билер қолданылды. Оқушылардың барлығы белсенді түрде қатысты. Шараға 172 оқушы қатысты. Шаралардың барлығы көңілді, жағымды жағдайда өтті. Балалар конкурстар мен ойынарға белсенді қатысты. Мереке барысында қойылған мақсаттарға қол жекізілді. Шараның тақырыбы мен түрі мереке барысында толығымен ашылып, бағдарламаға  сәйкес болды.

            «Рухани жаңғыру» шеңберінде «Шаңырақ» жобасы бойыншамектептің педагогикалық және оқушылар ұжымының  қазақтың ұлттық киіз үйін құру, ұлттық шығармашылықты жандандырып, дамыту, қазақ мәдениетін арттыра түсу, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық, еңбек, отбасы, ұлттық және патриоттық тәрбиесін дамыту  мақсатында метебімізде киіз үй макеті жасалды. Макет қолда бар материалдан жасалды. 8 «Б» сынып қыздары манекендер мен ұлттық үлгідегі костюмдер  дайындады. 8 «А» сынып қыздарықазақтың оюымен жастық және киіз үй жасады. 7 «К» сыныбынан Аида Серік пен 8 «Г» сынып қыздары қазақтың ұлттық нақышындағы жастықтар жасады.

            Әрбір жалпы білім беретін мекемеде денсаулықтарына байланысты үйде оқытылатын оқушылар бар. Біздің №15 мктепте де сондай балалар бар. Әлеуметтендіру мақсатында балалар сабаққа мектепке келеді және «Адал friends» жобасын жүзеге асыру аясында олар желтоқсанның 10-да «Аяз атаның шеберханасы» атты шараға қатысты. Олардың бірі  3 «Б» сынып оқушысы Диана Жунусова , 2 «Д» сынып оқушысы Нұрдәулет Нұрбай өз қолдарымен жаңажылдық шыршаға әшекей дайындады. Надежда Цыганова да «Шағын шырша» жаңажылдық ойыншықты өз қолымен жасады. Сондай-ақ, 1 «Б» сынып оқушылары Рафаэль Маджидовке қар ұшқынын жасауға көмектесті.

            Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие.  Оқу жылының басы мен соңындакөркейту бойынша айлық өткізілді. Барлық сыныптардың оқушылары шараға түсінушілікпен қатысты, айлық сапқа тұрумен басталды, онда аталмыш шараға қатысудың маңызы мен қажеттілігі туралы айтылды. Сынып жетекшілері оқушылармен нұсқаулық пен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Таза бейсенбі, мектеп аумағын тазалау бойынша сенбіліктер үнемі өткізіліп тұрды. Жалпы қалалық және республикалық сенбіліктер де өткізілді, оларға мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.

            Еңбекке деген жағмды қатынасты қалыптастыру үшін, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында кәбіи бағдарлық қолдау жұмысы жүргізілді. Оқу жылының басында кәсіби бағдар бойынша стенд безендіріліп, өткен жылғы кәсіби бағдар қорытындысының анализі өткізілді, білім беру мекемесінің сайтында оқушыларға арналған «Қайда оқуға барамын?» атты кәсіби бағдар бойынша ақпарат орналастырылды.

             ДТЖО Б.К.Қапбасова кәсіби бағдар жұмысы бойынша Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі К.З.Куркинаның, Павлодар монтажды колледжінің тарих мұғалімі А.У.Сұрағанованың,  КГКП «ПКЦМ»  арнайы пәндер оқытушысы С.Н.Ефремованың 10-сыныптар оқушыларыен кездесулерін  ұйымдастырып, өткізді, 9-10-сыныптардың қыздарымен Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің өндірістік оқыту шебері Т.А.Сеннованың кездесуін ұйымдастырды.

               10-сыныптардың сыып жетекшілері түлектерді алдын ала жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жасады. Оқушылар болашақ мамандықтарын таңдады. 2019 жылғы 11 ақпанда  8-сыныптар оқушылары «Жастар инициативасын дамыту орталығы» ҚММ-де өткен «Профессии.Kz» шарасына қатысты. 7-сынып оқушылары үшін «Жастар инициативасын дамыту орталығы» ҚММ-не ару ұйымдастырылды. 2019 жылғы 18 наурызда «Табыс векторы» кәсіби бағдар марафонына қаланың колледждері мен мектептері қатысты.Сәуір мен мамыр айларында мектеп бітіруші сыныптардың оқушыларыкәсіби білім беретін мекемелердегі ашық есік күндеріне қатысты.

            2018 жылғы қыркүйектің 1-нен қазанның 20-сы аралығында оқушылардың экологиялық мәдениетін еңбек, рухани-адамгершілік негізінде жеке тұлғаны оқушылардың, ата-аналар мен педагогикалық ұжымның  біріккен  қызметі арқылы дамыту мақсатында мектеп аумағында «Болашақ бағы» акциясы  өткізілді. Акцияға 1-10-сыныптар оқушылары, ата-аналар мен мектеп ұжымы  қатысты. Сиреньдер мен пирамидалық теректер отырғызылды.

             2018 жылғы 5 желтоқсанда «Құстарға арналған кафе» атты экологиялық акциясы басталды. Бұл акция табиғатқа деген сүйіспеншілікті, құстарға деген қамқорлықты үйретуге бағытталды. Бұл акцияға 4-6-сыныптар оқушылары белсенді қатысты. «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Технология сабағында асаулар жасалып, мектеп жанындағы ағаштарға ілініп қойылды. Астауларға жем салынды (шекілдеуік, жарма, тары, ақ нан).

           Оқу жылының басынан бастап «Мейірімді іс жаса» атты пастикалық қақпақтарды жинау бойынша акция басталды. Акция мақсаты: экология мәдениетінің деңгейін арттыру, мейірімділік сезімін қалыптастыру болды. Біз акцияға қатысушылар болып, қақпақтарды бүкіл мектеп болып жинадық. Әр сынып қақпақтарды бес литрлік шөлмектерге жинады. Елоқсанның 7-сі күні жиналған барлық қақпақтар Добряков клубындағы пластикалық қақпақтар қабылдау пунктіне тапсырылды. 2А, 4А, 5В, 7К, 9А-сыныптарының оқушылары белсенді қатысушылар болды.

Аптасына 2 рет  «Эколог мен туризмнің балалар-жасөспірімдер орталығы» МҚКМ-де өлкетану бойынша үйірме өткізіледі, 30 оқушы қамтылған.

        Интеллектуалды тәрие  және ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

        Тәрбие жұмысының мақсаты: интеллектуалдық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру; оқушылар, ата-аналар мен мұғаімдер  арасындағы құқықтық білімді насихаттау.

            Міндеттері:

  • Тәртіп мәдениетінің құқықтық санасы мен дағдыларын қалыптастыру.
  • Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.

            СӨС, АҚ пен ТЖ құқықтық негіздері оқытылды: ҚР «СПИД-пен ауырудың алдын алу», «Темекі шегудің алдын алу мен шектеу туралы», «ҚР-дағы бала құқығы туралы», «Төтенше жағдайлар туралы» Заңдары.

             Мекепте интеллектуалды тәрбие мен ақпараттық мәдениет тәрбиесі маңызды болып табылады және «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы. ҚР мемлекеттік           жастар саясатыныңконцепциясы», «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері», «ҚР азаматтық кодекс», «ҚР еңбек кодексі», «Құқықбұзушылықтар мен қылмыстар. Кәелетке томағандарлң қылмыстық ауапкершілігі», «Ар бостандығы», ҚР «Діни бірлестіктердің бостандығы туралы», «Презаденттің Қазақстан халқына Жолдауы» атты сынып сағаттары өткізілді.

             Балалардың құрдастары арасында зороық-зомбылық қатынастарына жағымсыз қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі өткізілді.  Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Ш.Айманов атындағы кинотеатрға бар ұйымдастырылды. Кинотеатр басшысы «Фантастические твари: Приключения Грин-де-Вальда….»фильмін қайырымдылық түрінде көрсеуді ұйымдастырды. Мектеп психологы А.А.Хамитова 3-6-сынып оқушылары үшін Мейірімділік сабағын өткізді, оның мақсаты балалардың адамгершілік тәрбиесі, өзін ұстай білу және мейірімді бола білу болды. Балалармен мейірімді болу деген не деген әңгімелесу өткізілді. Сабақтың соңында балалар «Жай ғана» атты мультфильмін тамашалады.

           Онкүндік шеңберінде ДТЖО Б.К.Қапбасова мен психолог А.А.Хамитова «Тәрбие стилі» атты интерактивті сабақ өткізді. Шара мақсаты: ата-аналарға отбасылық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беріп, тәрбие стилінің ерекшеліктерімен таныстыру болды. Ата-аналар назарына отбасылық тәрбие стилі туралы презентация ұсынылды. Бұл ақпарат сабақта әр ата-анаға отбасылық тәрбие стилін тереңірек түсініп, өзінің қандац стильді қолданып жүргенін ойлануға мүмкіндік берді.

           2018 жылғы 19 қарашада 1-4-сыныптарда «Балалық шақ – мейірімділік алаңы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, 5-10-сыныптарда «Сенің жаныныңның мейірімділігі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың  мейірімділік пен қатыгездік санаттары туралы  білімдері мен  этикалық  ұғымдарын қалыптастыру, өзі мен қоршағандар үшін мейірімділік – бұл қуаныш екенін сезіндіру, мейірімді сөздер мейірімді істермен сәйкес келу керектігіне назар аударту болды. Сынып сағаттарының барлығы жоспарға сәйкес өтті, сынып жетекшілері сабаққа мазмұнды материалдар дайындады, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.             

          «Жасөспірім» клубы мүшелерінің мәжілісінің ақпараттық сағатына 10-сыныптар оқушылары шақырылды. Клуб мәжілісін әеуметік педагог, клуб жетекшісі Г.К.Сейсемаева өткізді. Шараның міндеттері: «күш көрсету», «қатыгездік», «жанжал» сөздерінің маңызын ашу, құрдастары арасында туындайтын зороық-зомбылыққа деген қарсы қатынасты тәрбиелеу, оларға қарсы тұра білу, басқа адамды кешіре білуді түсіну қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарды тәрбиелеу болды.  Оқушылар назарына «Бәрі де өз ізін қалдырады» атты өсиет ұсынылды. Мәжіліс соңында оқушылар  бір жағдаййда баланың  күш көрсету мен қатыгездік танытатыны туралы қорытынды шығарып, себептерін анықтады.онкүндік Алғыс білдіру күнімен аяқталды. Күні бойы «Жақсы тілектер поштасы» жұмыс істеді. Пошта арқылы оқушылар мен мектеп ұжымы ата-аналарына, мұғаалімдері мен мектеп қызметкерлеріне, сыныптастарына алғыстарын біліріп,

тілектерін жазып, Ағыс айту күнімен құттықтады. Жоспарланған шаралардың барлығы ұйымдастырылған, мазмұнды түрде және жоғары деңгейде өтті.

             8-10-сыныптар оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты: оқушылардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау. Сауалнамаға 34 қушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша балаларға көрсетілетін қатыгездік түрлері анықталған жоқ.

             Құқықтық тәрбие мақсатында ата-аналар жиналыстары, сынып сағаттары, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор И.И.Балгуинованың қатысуымен өткен әңгімелесулер өткізілді.  Неке мен отасы туралы заң түсіндіріліп, тренингтер өткізілді. 8-10-сыныптар оқушылары үшін Павлоар қаласының прокуроры Н.Р.Султановпен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді.   Алдын алу жұмыстары шеңберінде ДТЖО Б.К.Қапбасова, Д.Д.Мукашев мектеп формасы туралы, құқықбұзушылыққа жақын тұратын оқушылардң мектептегі тәртібі туралы жеке әңгімелесулер өткізді.

            Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мақсатты бағыттағы жұмыс жүргізілуде, қияңқылықтың әр ағдайы, құқықтық бұзылуы туралы жағдайлар алдын алу кеңесінде тіркеліп отырылады. 2018-2019 оқу жылы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің 11 мәжілісі өткізіліп, оларда  Д.Плотниковтың, Д.Втюриннің, А.Батырбаевтың, Р.Айтуаровтың, Е.Никитченконың, Н.Котованың бақыауы туралы мәселе қаралды, қоғамдық тәриешілердің «тәрбесі қиын» балалармен жұмыстары да қаралды. Сабақты жиі босатқаны үшін 3 «В» сынып оқушысы С.Штайда мектепішілік есепке қойылды. Биылғы оқу жылы мектеп оқушыларымен құқықбұзушылық болған жоқ. Құқық бұзудың алдын алуы оқушылары қызығушылықтары бойынша мектеп үйірмелеріне және спорт секцияларына жұмылдыру болып табылады, «тәртібіқиын» балалардың 2-уі қамтылған, бұл  оқушылардың жалпы санының 1,6%-ын құрайды.

             МІК-да тұрған оқушыларға тәртібін түзету, бос уақытын бақылау, мектепке келуі мен оқу үлгерімін есепке алу, ата-аналарға тәрие ісінде көмек көрсету мақсатында қоғамдық тәрбиешілерді бекіту дәстүрге айналған.  Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі жұмысында жағымды динамика байқалады

- қоғамдық тәрбиешілер сынып жетекшілерімен бірге оқушылардың күнделікті сабақты босатпай, кешікпей келулерін қадағалайды;

оқушылардың құқыққа қарсы тәртібінің алдын алу;

- мектепте күш көрсету жағдайлары болдырылмайды;

 -оқушылардың сыныптастарына деген агрессивті болуына жол берілмейді;                                                                                                                 - балалар мен ата-аналардың өзара  дұрыс  қарым-қатынастары қалыптастырылады;

 -ата-аналардың беделі жасөспірімдер алдында артып, туыстық қатынастар орнап, нығая түседі;

  -ата-аналарға өз балалры үшін жауапкершілікті орындау міндеттері жүктеледі.

          Жыл ойы мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері бірігіп «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд өткізді. Рейдтер мақсаты әртүрлі болды: кешкі уақыттағы қамтылу; каникул кезіндегі қамтылу; құқық бұзушылықтың алдын алу; тәрбиелік бақылау.

 Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқыққа қарсы тәртіпті, қайыршылықты және қараусыздықты болдырмау мақсатында күн сайын мектептің шағын ауданына рейдтер жүргізіледі, Павлодар қаласының ЦОП ІІБ-мен бірігіп өткізілетін жедел-алдын алу шаралары бойынша есеп жасалады.

             Бала құқығын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында мектепте отбасын қолдау қызметі құралды. Оның  құрамына әлеуметтік педагог Г.К.Сейсембаева, медбике Т.В.Ващенко  кіреді. Қызмет жұмысының барысында 131 шара өткізілді: кеңес берулер – 281, оларың ішінде заң мәселелері бойынша – 61, психолог-педагогикаық мәселелер бойынша – 220; оқыту семинарлары – 15, 249 адам қамтылды; дөңгелек үстелдер – 1, қатысушылар саны – 10 адам болды. Жыл бойы  оқушылар мен ата-аналардан 741 адам қамтылды.

            Жыл бойы экстремизм мен лаңкестік саласындағы алдын алу тшараларына көп көңіл ьөлінді: оқушылармен тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, ата-аналар жиналстары өткізілді. Шаралардың барлығы бекітілген жоспар негізінде өткізілді.

         Оқушылардың көше мен жолдағ қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру жағдайларын құру үшін 8 оқушы М.Н.Кургузенконың жетекшелігімен «Жол қозғалысының жас инспкторлары» үйірмесіне қатыстырылды. Сабақтар теоиялық және практикалқ бағытта өтеді, онда жол қозғаысы ережелерін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеуді  үйренеді.

            Ақпараттық мәденет шеңберіндегі шаралар оспарына сәйкес 2019 жылғы 23 қаңтарда ДТЖО Б.К.Қапбасова педаогикалық ұжымды «Мен OFFLINE» атты халықаралық интернетсіз күнге арналған республикалық кең масштабты балалардың акциясының  концепциясымен таныстырды. 1-10-сыныптардың сынып жетекшілері интернетті қолдану мәдениетін арттыру, интернет-қызметті қолдануға ересектердің жауапкершігін арттыру мақсатында концепция ата-аналарға 2019 жлдың 25-26 қаңтарына жарияланды, сынып жетекшілері  интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Мен OFFLINE» тақырыбы бойынша сынып сағаттарын өткізді.Өткізілген шаралар қорытындылары бойынша 1-4-сынып оқушылары «Мен күнді қалай интернетсіз өткіздім» атты сурет көрмесін ұйымдастырды, 5-10-сынып оқушылары  «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе жазды.

           Республикалық «Қауіпсіз интернет» ақпараттық компаниясының концепциясы негізінде және агрессивті Инернет-контент проблемаларын түсіні деңгейінің артуына, инернет ресурстарын қолдану мәдениеін арттыруға, кәмелетке толмағандардың инернет белсенділігіне бақылау жасауда ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағыттаған мақсатта онкүндік өткізілді. Сынып жетекшілері сыныптарда сынып сағаттарын өткізіп, 3 буклет шығарды, 9-10-сыныптар оқушылары шығарма жазды, мектеп психологы А.А.Хамитова «Оқушылардың интернетке тәуелділігі» тақырыбында психологиялық сағат өткізді, информатика мұғалімі Е.В.Прегер «Интернетте жұмыс істеген кезде қадай қауіптер болады?» атты ақпараттық минуттар өкізді. Шараға 277 оқушы қатысты.

            20196 жылғы 26 сәуірде цифрланыру күні шеңберінде 9-10-сынып оқушыларына арналған Мемкорпорация (ХҚКО) маманы Р.Р.Ахмеджанов қатысқан құықтық сауаттылық мәселелері бойынша сынып сағаты өткізілді.  Ол  Egov.kz. сайтының презентациясын ұсынды.

        Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

            Мақсаты:денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін ортаны құру жолымен барлық континенттің салауатты өмір салтын ұстануына қол жеткізу.

            Міндеттері:

1. оқушылардың жеке қасие сезімін арттыру үшін  психологиялық және әлеуметтік потенциалын жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер жасау.

2. білім мен өмірлік дағдыларды алуды қамтамасыз ету.

3. оқушылардың денсаулығы үшін  және жұмыс пен оқу кезінде тиісті қауіпсіздік шаралары үшін қолайлы орта құру.

4. әркімнің өзінің және айналасындағылардың денсаулығын қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмек көрсету.

5. мектеп оқушылары мен жұысшылары үшн салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктерін  құру.

6. оқушылар мен жұмысшылар, сондай-ақ, оқу мекемесі мен үй  арасындағы өзара қарым-қатынаста жағымды жағдай орнатуға көмек көрсету.

 Қойлған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «СҚСҚО!» АҚҚ-мен біріккен жоспар құрылды. Шаралар жоспарына сәйкес, 2018-2019 оқу жылы ұлттық бағдарламаның белгілі бір тақырыптары бойынша айлықтар өткізу қарастырылған.

        Оқу жылының басталардан бұрын мектептің санитарлық жағдайы тексерілді. Мектептің барлық бөлмелері санитарлық және гигиеналық нормаларға, өрт қауіпсіздігі нормаларына, денсаулықты және оқушылардың еңбегін қорғау талаптарына сәйкес келеді. Мектепте  саақ кезінде ыстық тамақты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін асхана жұмыс істейді. Мектепте  ыстық тамақты ұйымдастыру

бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік-қамтыылмаған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамты және материалдық көмек көрсету мақсатында мектеп комиссиясын құру туралы, тамақтың жағдайы мен сапасын бағалау бойынша комиссия құру туралы, бракеражды комиссия құру туралы бұйрықтар бар. Бракеражды комиссия бекітілген ережеге және жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары кестеге сәйкес тамақтандырылады, үзіліс кезінде, үшінші және төртінші сабақтардан кейін бірінші ауысымда және екінші ауысымда бірінші және екінші сабақтардан кейін. Бұл үзілістердің ұзақтығы 10 минут. Сыныптардың барлығы асханаға сынып жетекшісімен бірге барады. Асханаға кірмес бұрын оқушылар қолдарын сұйық сабынмен жуып, бір реттік қағаз сүлгімен сүртеді.

            Бекітілген кестеге сәйкес, мектеп асханасында тәртіпті сақтау үшін мектеп әкімшілігінен кезекшілік құрылған. Балаларға берілетін түскі ас есебін сынып жетекшілері жүргізеді, оқушылардың мектеп асханасына келу табелі толтырылады және әр айдың соңында есеп құжатыр рәсімдеу үшін әлеуметтік педагогқа тапсырылады. Тамақпен қамтудың жалпы пайызы - 100%, оның ішінде ыстық тамақпен қамту (үйде оқытылатын балаларды санамағанда) – 68,6%, буфеттік тамақтандырумен – 31,4%.  Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген отасылары балалары – 77-84 оқушы тегін тамақтандырылады, оның ішінде жалпыға бірдей оқыту қорынан – 74-81 оқушы,  жалға алушы ЖК  «Ветвицкая А.А.» демеушілік көмегі есебінен- 3 оқушы тамақтандырылады. Мектепте ай сайын «Тегін ыстық тамақ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы» бұйрықтар шығарылып, мектеп оқушыларын  ыстық және буфеттік тамақандыруды ұйымдастыру бойынша аналитикалық анықтама жасалды, оқушылардың ыстық және буфеттік тамақтандырылуен қамтылуының мониторингі жүргізілді.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамақтандыру бойынша құжаттама, тоңазытқыш құралының температуралық режимі есебінің, шикі өнімнің бракеражды журналы мен кулинарлық және дайын өнімнің бракеражды  журналы дұрыс. Тез бұзылатын өнімді жеткізу тапырыс есебі бойынша жүргізілді. Ас әзірлейтін бөлік жұмысшыларының медициналық кітапшалары, күнделікті тексеру журналы нормативті құжаттар талаптарына сай келеді. Мектепке метептікбазалық асхана қымет көрсетеді. ЖК «А.А.Ветвицкаямен» кеісімшарт заңды түрде дұрыс жасалған.  Ас мәзірі көрінетін жерде,  түскі ас ішетін  залда                        ілінген, онда тағамдар атаулары мен өнімнің шығысы көрсеілген. Перспективті ас мәзірі 10 күнге

жасалып, мектеп директорымен бекітіледі. Аз қамтамасыз етілген отбасылары балалары, жетім балалар үшін  жеке ас мәзірі құрылып, бекітіледі. Ас мәзірінің анализі ұсынымдарға сәйкес келетінін көрсетеді. Тамақтанатын балалардың 73%-на  мектептегі тамақ ұнайды. Асхана буфеттік өніммен қамтамасыз етілген. Күн сайын 87 оқушы осы өнімдерді сатып алады. Асханада азық-түлік пен тамақты сақтауға арналған қажетті құрал-жабдық бар. Күн сайын тамақтың жағдайы мен сапасына, ас  әзірлейтін бөліктің жағдайына, дайн өнім бракеражына  анализ жасалып тұрады.

       Іші режимі, кабинеттерді желдету режимі сақталады. Қызмет бөлмелерін жинастырушылар ылғалды жинастырулар жүргізіп ырады. Білім беру үдерісін   гигиеналық нормалар мен оқу және  оқудан тыс жүктеме көлемін ұйымдастырумен құрылады (үй тапсырмаларын орындау, сабақтан тыс қызмет, үзілітер ұзақтығы). Оқушылардың міндетті жүктемесі белгіленгеннен аспайды. Оқу жылының ұзақтығы – 33 апта 1-сыныптарда және 34 апа 2-10-сыныптарда, оқу аптасы бес күндік. Сабақ кестесі СанПин талаптары есебімен құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.

 Мұғалімдер сабақтарда денсаулықсақтау технологияларын қолданады. Бұл үшін тиімді қозғалыс режимін ұйымдастырады. Дене шынықтыру минуттары барлық сабақтарда шаршағандықты басу, көздің көруі нашарлауының және т.б. алдын алу мақсатында өткізіледі.

  Әрбір айлық бойынша ұлттық бағдарламаны орындау үшін шаралар жоспары құрылады. Практикалық әрекеттер жоспарында  СӨС-ның комплексті бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқушылардың дене денсаулығын, СӨС дағдыларын дене шынықтыру құралдары арқылы  дамытуға көп көңіл бөлінеді. Мұғалімдер оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша шаралар өткізеді: мектепішілік спартакиада шеңберіндегі спорт жарыстары, Денсаулық күндері, оқушылар мен мектеп ұжымына арналған көңілді старттар, таза ауадағы ойындар, балалар қалалық спорт жарыстарына қатысады.

  Мектепте 9 спорт секциясы ұйымдастырылған: жас шаңғышы, жеңіл атлетика, футбол, үстел теннисі, волейбол, асық ату, тоғызқұмалақ, баскетбол. Оларға 122 бала қатысады.  Секциялар күшті, шыдамдылықты, жылдамдықты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға  бағытталған. Оқушылар өздерінің денелерін дамытып, нығайтуда. Сабақтардың тақырыптары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес келеді, сабаққа келуді белгілеу журналы күнде толтырылып отырылады, оқушылардың секцияларға қатысу есебі жүрізіледі. Оқушылардың секцияларға қатысуы – төмен. Орташа алғанда секцияларға 15-17 бала жазылған, ал келетіні 1-10 адам. Бесенді өмір ұстанымын қалыптастыру  мақсатында және жаман әдеттердің денсаулыққа  зияны  туралы дене шынықтыру мұғалімі Р.М.Дүйсекенов 5-7-сыныптарға арналған «Алкоголь, темекі мен есірткінің зияны – мен салауатты өір салты үшін» атты денсаулық сағатын, шаңғы жарсы бойынша жарыстар, 8-9-сынып оқушылары үшін «Кәнеки, жігіттер!» атты әскери-спорттық ойын өткізді. А.Б.Омаров пен Е.А.Айтуғанов «Ертіс өңірінің алтын есімдері» атты сыныптан тыс шара өткізді, онда оқушылар Павлодар облысының белгілі спортшыларымен танысты. Спорт секциялары жұмыстарының нәтижесі оқушылардың мектеп жарыстарына қаысу болып табылады. Қалалық жарыстарда  оқушылар дайындықтың төменгі нәтиесін көрсетеді. Оқу жылы бойындағы нәтижелер: 9а сынып оқушысы П.Мельников шаңғы жарыстары бойынша 2-орын үшін және қысқы Президенттік көпсайыс бойынша 2-орынды иеленгені үшін грамотамен марапатталды, мектеп ұлдарының командасы ЖОБМ оқушылары арасында өткен 48 қалалық қысқы Презиенттік көпсайыс бойынша спартакиадада 3-орынды иеленді.

Мүгедектердің «Бідің үй» қоғамдық бірлестігі аптасына 4 рет  дойбы ойынын өткізеді. Оларға қатысатын балалар саны 10.                  

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мұғалімдер мен оқушыларды үнемі спортпен айналысуға тарту мақсатында педагогикалық ұжым үшін үстел теннисі бойынша жарыстар өткізілді, 8-10-сыныптар оқушылары үшін баскетболдан дарстыр өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2-4-сынып оқушылары үшін дене шынықтыру мұғалімі О.А.Хациева  көңілді старттар өткізді, МҚҚ «Біздің үй» 2-10-сыныптары оқушылары үшін дойбыдан турнир өткізді. Ұжым қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсідігі күніне арналған көңілді старттар өткізілді. Мектеп қызметкерлеріне арналған көңілді стартты дене шынықтыру мұғалімі Р.М.Дүйсекенов өткізді. Жарысқа қатысушылар өздерінің ептіліктерін және дайындықтарын көрсетті.Көңілді старттардың қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар ӘБ жеңімпаз атанды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің  салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметіне келесілер кіреді:

- сынып сағаттары, лекциялар, әңгімелесулер, денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша проблемаларға, зиянды әдеттердің алдын алуға кеңес берулер. 

-  салауатты өмір салтын насиаттауға бағытталған конкурстар, мерекелер өткізу.  

-жол қозғалысы ережелерін жаттау;

-оқушыларға  тиімді тәртіп стратегиясын үйрету: өмірлік проблемаларды шеше білу, эмоцияларын ұстай білу және т.б.

-ата-аналар жиналыстарының  жүйесіне баланың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тақырыптарды енгізу.

            Өрт  және жол қауіпсіздігі  ережелері, ПАВ алдын алу бойынша көпсатылы бағдарлама, Спид-тің алдын алу бойынша бағдарлама жоспар бойынша  толық көлемде  жатталды.

             «Павлодар облыстық наркологиялық диспансерімен» бірігіп жасалған жоспарға сәйкес ПАВ алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Медициналық психолог А.А.Небельцова «қауіп тобындағы» балалармен жеке кеңес берулер өткізіп, тұрмысы төмен отбасылары балаларымен әңгімелесулер, қауіпті тәртіптің алдын алу, эмоционалдық бұзылушылықтар бойынша лекциялар, рөлдік ойындар, «СПИД-21 ғасырдың қатері», «Темекі шексең өзіне зиян», «Менің эмоцияларым» атты темекі шегудің алдын алу бойынша, энергетикалық сусындарды, электронды темекіні  қолданудың алдын алу бойынша тренингтер өткізді. Жұмыс 6-10-сыныптар оқушыларымен жүргізілді, оған 10-нан 32 балаға дейін қамтылды. Кризисті орталық психологы Е.А.Глотовамен  бірге 5-10-сыныптарды сынып жетекшілерімен және   ата-аналарымен  «Өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Оқушылар Павлодар облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті өткізген әртүрлі тақырыптағы инфо-сабақтарға белсенді қатысты.

  ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 желтоқсандағы  №528  бұйрығымен  бекітілген орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысының ережелеріне сәйкес, мектепте мектеп психологы А.А.Хамитова жетекшілік ететін психологиялық қызмет құрылды.

      Психологтың қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- оқушылармен жұмыс;

- оқушылардың ата-аналарымен жұмыс;

- педагогикалық ұжыммен.

            Ата-аналарға кеңес беру, олары мектеп өміріне жмылдыру, балалардың мазасыздық деңгейін төмендету, балалардың мектептегі жағымды жағдайын бойынша мектептік психологиялық қызметі мен кризисті орталықтың ОПНД жемісті жұмысын атап өту керек.

 Медбике Т.В.Ващенко туберкулездің, ОРВИ, гепатит, ішек аурулары, қызылшаның алдын алу бойынша әңгімелесулер өткізді.  Мектебімізде  7-сыныптың қыздары үшін «Procter & Gamble» компаниясы «Сенімділік» тақырыында лекция өткізді. Лекция аяқталған соң қыздарға компания атынан сыйлықтар таратылды. №1 емхананың акушер-гинекологтары 8-10-сынып қыздарына «Жыныстық тәрбие. Ерте жүтілік» тақырыбында лекция оқыды. Лекция мазмұнды болды. Лекциядан соң қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

 Өткізілген барлық шаралар бойынша жинау материалы құрастырылды. Мектепте ақпараттық стенд бар, онда ай сайын ақпарат жаңартылып тұрады, оқу кабинеттерінде «Денсаулық бұрышы» бар. Материалдар бойынша бағдарламаны жүзеге асыру тиімді деген шшешім шығаруға болады. Бағдарламаның тиімділік критерийлері оқушылардың денсаулық мәдениетін  және денсаулықсақтау білім беру кеңістігін  қалыптастыру болып табылады: санитарлық-гииеналық нормативтердің орындалуы,  білім беру үдерісінде  денсаулықсақтау технологияларының қолданылуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс анализі шаралардың жоспар бойынша өтетінін, оқушылардың қамтылуы 100%.-ды құрайтынын көрсетеді. Мұғалімдердің оқушылардың өз денсаулығына деген дұрыс  қатынасын  қалыптастыруда әртүрлі формаларды қолданатынын атап өту керек.    

Мектепте медициналық кабинетбар, онда оқушылардың барлық жоспарлы егулері тексеріліп отырылады. Жоспарға сәйкес  жоспарланған медициналық тексерулердің барлығы жүргізілген. Мектеп ұжымы салауатты өмір салын қалыптастыру бойынша зор жұмыс атқарып жатқанына қарамастан, медициналық тексерулер қорытындысы бойынша барлық аурулар бойынша статистиканың артқаны байқалады:

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                      

 

 

 

 

                          

 

 

 

 

 Дене шынықтыру сабақтарынан босатылған оқушылар

               

2018-2019 оқу жылы мектеп бойынша  оқушылардың аурулары

 

 

 

Аурулар атаулары

Оқушылар саны

жалпы оқушылар санының %   (үйде оқытылатын оқушылар есебінсіз)

Созылмалы аурулар

121

44%

Көздің көруінің бұзылуы

91

33 %

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы

34

12 %

Тубвиражды

15

5 %

ОРВИ, ОРЗ, тұмау аурулары

69

25 %

д/ш босатылған оқушылар

22

8 %

Аурудың ең көп пайызы баланың жүйке жүйесі бойынша ауру пайызының көп болуында.  

Тәрбие жұмысының анализі сынып жетекшілерінің азаматтық-патриоттық тәрбие мәселелерінде, оқушыларды сауықтандыру, құқықтық тәрбие және тәрьие жұмысының анализі  мәселелерінде жақсы бейімделгенін көрсетеді. Оқу жылы бойы сынып жетекшілері  ашық сынып сағаттары мен сыныптан тыс шараларды кесте бойынша өткізді. Аталмыш жұмысқа сынып жеиекшілері шығармашылық тұрғыдан келді: сынып сағаттары өткізу түрі мен мазмұны бойынша әртүрлі болды.  Онда балалар қызығушылық, белсенділік, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді, бір сөзен айтқанда, толығымен ашыла алды. Шаралардың барлығы жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Әрбір ашық тәрие шарасынан кейін талдау жүргізіліп отырылды: жағымды сәттер аталып, кемшіліктер көрсетіліп, оларды түзету үшін ұсынымдар берілді.

 Сынып ұжымдары тұрақты, даулы жағдайлар болған жоқ. Оқушылардың эмоционалды жағдайы қанағатанарлық. Жалпы, ата-аналар да, оқушылар да мектептегі білім беру және тәрбие жұмыстарына қанағаттығын білдіреді.

 Тәрбие жұмысының қорытындысын шығара келе, бірқатар жағымды сәттерді атап өту керек:

  • Алға қойылған тәрбие міндеттері орындалды;
  • Сынып жетекшілерінің кәсіби және олардың өткізген шаралар деңгейі, әсіресе сыныптан тыс шаралар деңгейі арта түсті.
  • Сынып жетекшілерінің шығармашылық белсенділіктері арта түсті;
  • Тәриелеудің жаңа технологиялары енгізілуде;
  • Оқушылармен жұмыстың  аса тиіді түрлері әзірленуде;
  • Тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралардың жаңа сценарийлері әзірленді. 

Бір жыл бойы сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі  әдістемелік бірлестік ішіндегі және мектептегі педкеңестерде баяндамалар жасай отыра жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 Тәрбие жұмысының анализі бойынша 2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмысының алға қойған міндеттері жалпы алғанда шешілді деп санауға болады, мақсаттар орындалды. Жұмыс барысында анықталған үш проблема негізінде әрі қарайғы жұмыстың міндеттерін қарастыруға болады:
-Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің қызметін белсендендіру;
- Ата-аналармен және қоғаммен жұмыс жүйесін қаыптастыруды және дасытуды жалғастыру.
-Мектептік және оқушылардың өзін-өзі басқарудың бірыңғай жүйесін дамыту.

- Оқушылардың адамгершілік мәдениетін, олардың азаматтық ұсанымын, дүниетанымын кеңейуге, интеллектуалдық дамуын  қалыптастыруға, оқыту материалын меңгеруді жақсарта түсуге бағытталған сабақтан тыс қызметін дамыту.

-  Балалардың конкурстарға, түрлі деңгейдегі фестивальдарға қатысуын белсенденіру.

VII. Ата-аналармен жұмыс.

         Педагогикалық ұжымның  2018-2019 оқу жылы  ата-аналармен  жұмыс мақсаты  әрі қарай оқып, еңбек етуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында еңбек пен оқудың тиімді жағдайларын құру болды. Мұғалімдер ұжымының алдында маңызды үш міндет тұрды:

- Мемлекеттік стандарт талаптарына сай келетін білім берудің базалық  деңгейін қамтамасыз ету.

-  Білімді жалғастырып, еңбек етуге дайындықты қалыптастыру. 

- Жеке тұлғаның  тұрақты  моральдық-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, өмірге дайындық.

        Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен аталған міндеттерді шешуден басқа мектеп педагогтарынан басқа жалпымектептік ата-аналар комитетінің мүшелері мен мектептік қорғаушылық кеңесінің мүшелері де жұмылдырылы.  Ата-аналардың қатысуымен жалпымектептік ата-аналар жиналыстары, тұрмысы төмен отасыларына рейдтер, мектептің шағын ауданына патруль жасаулар  өткізілді. Ай сайын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептік кеңестің отырыстары өткізілді.

          Мектеп пен отбасының тығыз  байланыста болуы мақсатында тұрмысы төмен отаылардың тізімі  және рейдтер жоспары мен ондағы педагогтар мен ата-аналар тізімі жасалды. Оқу жылы бойы сынып жетекшілері қажеттіліктерге байланысты сабақты босататын, тәртіпті бұзатын, оқу үлгерімі нашар жасөспірімдердің отбасыларына рейдтер жүргізді.

          Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына құқықтық білім беру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлеріен кездесулер өткізілді.  

VIII.Мектепішілік бақылау жүйесі.

         Өткен оқу жылындағы жұмыс қорытындысының анализі есебімен оқушылар контингентінің, педагогикалық ұжымның сапалы құрамымен мектепішілік бақылау жоспарланды, оның  мақсаты мектептегі басқару мен өзін-өзі  басқардың әрі қарайғы тиімділігі бойынша конструктивті шешім қабылдау болып табылады. Мектепішілік бақылаудың міндеттері:

  • Мемлекеттік стандарт талаптарын енгізу, жағымды өзгерістер мен кемшіліктер бойынша мектеп жұмысы қорытындысының анализі.
  • Жағымды өзгерістер мен кемшіліктердің анықталу себептері.
  • Ұжымның ұйымдастырушылық-пеагогикалық қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын болжау. 

         Мектепішілік бақылау дәстүрлі бес блок бойынша жүргізілді:

- нормативті құжаттардың орындалуына бақылау;

- мектеп құжаттамасының жүргізілуіне бақылау;

- оқыту үдерісінің сапасына бақылау;

- тәрбие жұмысының сапасына бақылау;

- әдістемелік жұмыстың сапасына бақылау.

         IX.      Мектептің оқыту  материалдық-техникалық базасын нығайту

         Мектеп 1939 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан. Материалдық базасының, кітап қорының  жағдайы лицензиялық талаптарға сәйкес келеді, 18 оқу кабинеті, техникалық еңбекке арналңһған бір шеберханасы, қызмет көрсететін еңбек кабинеі, спорт залы, 160 орындық мәжіліс зал, 60 орындық асханасы бар.

         Барлық қажетті құрал-жабдықтары бар медициналық және егу кабинеттері  жұмыс істейді. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.

            Ұжымның оқыту материалдық-техникалық базасын нығайтудағы қызметінің мақсаты оқыту-тәрбие үдерісінің аса тиімділігі үшін барынша жағымды жағдайлар жасау болып табылады. Негізгі міндеттері:

- қолда бар оқыту материалдық-технкалық базаны сақтап қалу.

- оқыту материалдық-техникалық базасы құралдарына сапалы жөндеу жұмыстарын жасау.

- оқыту материалдық-техникалық базаны бюджетті, бюджетті емес және демеуші қаражаты есебінен жаңарту және толықтыру.

         Өткен 2018-2019 оқу жылы мектеп мүлкі 100%.-ға сақаталған. Мектеп ішіндегі бөлмелерге косметикалық жөндеу жұмыстары жасалып, сан.желі мен жылу жүйесі ауыстырылды.

         Жалға беру жұмыстары аспаз А.А.Ветвицкаямен жасалды.

          2018-2019 оқу жылындағы мекеп кітапханасының қоры 105 698.00 теңгеге толықтырылды.         Жылу және жарық режимінің бақылауы әрдайым жүрізіліп отырады. Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауға да бақылау тұрақты болып табылады.

X.Қорытындылар мен ұсынымдар.

1. Қорытындылар.

1.2018-2019 оқу жылындағы пеагогикалық ұжымның оқыту-тәрбиелеу жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Балалардың тегін жалпы білім алуы толық көлемде сақталған.

3.  ПДТ және ЖСД балаларға арналған сыныптардың көбеюі ерекше білім беруді қажет ететін балалары бар ата-аналардың мектепке деген сұранысының артуын көрсетеді.

4.Педагогикалық ұжымның сандық, сапалық құрамының анализі педагогтардың білім беру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі 69,8%.

5.Білім сапасы критикалық  деңгейд тұр.

6.Мектепте денсаулықсақтау қызметін дамыту үшн барлық қажетті жағдайлар жасалған.  

7.Мектеп оқушыларының сабақтан бос уақыттағы, каникул кезіндегі қамтылу көрсеткішінің өсуін атап өткен жөн.

2. Ұсынымдар.

  1. Педагогикалық ұжымның білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша және оқушылар санын сақтап қалу мен арттыру  және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды мектепте оқытуға тарту мақсатында мектеп имиджін құрубойынша жұмысиы жалғастыру.

2. Мектеп әкімішілігі пелагогикалық ұжымның кадрлық потенциалын сақтау мен арттыру мақсатында жас педагогтарды жұмысқа тарту бойынша жұмысты жалғастыру.

3. Мүғалімдердің әдістемелік және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, озық пеагогикалық тәжірибені қалалық/облыстық деңгейде жалпылау бойынша жұмысты белсендендіру.

 

2018-2019 оқу жылындағы жүмыс қорытындысын жалпылай келе, мектепті  2019-2024 оқу жылдарына дамыту бағдарламасының  негізгі бағыттары анықталды:

       -Мектептің тәрбие жүйесін құру;

       -Педагогтың білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы жаңа жүйені қалыптастыру. 

       -Мектептің функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын білім беру ортасын құру   (білім   

      беру, денсаулықсақтаух, ақпараттық-коммуникативті технологияларды енгізу).

      -Оқушыларға білім беру сапасының компонентті тәсілге сүйене отырып, критериалды бағалануы.

      -педагогикалық қолдауға мұқтаж ООП оқушылардың табысты  түрде білім алуына жағдайлар жасау.

 Мектептегі инновациялық менеджмент процесі болжамы:

  • Инклюзивті білім беру жағдаындағы инновациялық қызмет жоспарларын әзірлеу.
  • Жаңа ғылыми-әдстемелік қамтамасыз еу мен оның енгізілуі барысын қадағалау.
  • Жаңа білім беру қызметерн құру жобаларын қарастыру.
  • Бірыңғай инновациялық саясат өткізу: осы салада құрылған кластерлі топтардың қызметін реттеу.
  • Инновациялық қызмет бағдарламаларын қаржымен және материалда ресурстармен қамтамасы ету.
  • Білікті қызметкерлерді инновациялық қызметпен қамтамасыз ету.

      

 Бағдарламаны жүзеге асыру үшін біз 4 жоба әзірледік:

 

Мектеп       «Әлеуметендіру мектебі, тәрие жүйесін құру»

жобасы»

Оқушы            «Әркім үшін жке бағдарламаны жобалау»

 жобасы»

  «Оқушылардың  функционалды сауаттылығын қалыптастыру»жобасы

Проект  «Мұғалімнің ілім берудің  жаңартылған мазмұны жағдайындағы  және инклюзивті білім беру жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы.