Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлттың жаңа саясат курсы

 

2050 жылға дейін жаңа саясат курсы өзіне келесі бағыттарды қосады:

 

1. ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ - ПАЙДА АЛУ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН ҚАЙТАРЫМ АЛУ ПРИНЦИПІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ТҮГЕЛ ҚАМТИТЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРАГМАТИЗМ.

2. КӘСІПКЕРЛІКТІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ.

 

3. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК.

 

4. БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ, КАДР ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ

 

5. МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ.

 

6. ДӘЙЕКТІ ЖӘНЕ БОЛЖАМДЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУ МЕН АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ

7. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫ ЖӘНЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМЫМЫЗ ТАБЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ.

 

Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?


Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары
.

 

Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!


Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!
Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.


Ортаңғы буын отандастарым!
Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді.
Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына.


Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.
Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.


Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.