Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖОМ №24 Инновациялық оқыту жобасының мазмұны

                                                                        «БЕКІТЕМІН»      

                                                    Мектеп директоры

                                                        Н.Ш. Рахимғожина

                                                                    20__ жылғы      «___»__________

 

Инновациялық оқыту жобасының мазмұны 

 

  1. Білім беру ұйымының атауы

«Павлодар қаласы № 24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

 

  1. Жоба бағыты

Қазақстан Республикасындағы көптілділік білім беру бағдарламасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру.

 

Жоба атауы  «Тілдердің үштұғырлылығы – табыс кілті» жобасының

 

4.Білім беру жүйесін дамытуға арналған мазмұнның практикалық маңызы, жобаның негізгі идеясы мен мәселенің өзектілігі

Бүгінгі таңда шет тілін меңгеру жаһандану үрдісіндегі маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан көшбасшы болу үшін қазіргі күні өз тіліңнен басқа қосымша тіл білу қажеттілігі туындап отыр.

Шет тілі сияқты қоғамнан оқшауланып өмір сүріп жатқан жоқ және ол өз бетінше өмір сүру қабілетіне ие емес. Ол өз тіліміз іспетті қоғамның өміршең салаларында дамып жатыр: экономика,саясат, қорғаныс пен өнер саласы.

Тілді төмен деңгейде білу халықаралық туризм, спорт, өнер саласындағы байланыс аясын тарылтып біздің ұлттық байлығымызды көбейтуге кедергі болады.

    5. Жобаның мақсаты мен міндеттері.

Жоба мақсаты:

Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық өсуін қамтамасыз ететін тілдік білімдерін дамыту, білім алушының жалпы мәдени құзыреттілігін дамытуға ықпал ету.  

Жоба міндеттері:
1. Сөйлеушінің өз ойы мен сезімін жеткізу құралы ретінде қазақ тілі мен орыс және ағылшын тілдерін тереңінен зерделеуге жағдай жасау;

2. Шет тілінде ауызша сөйлеу, түсіне білу, оқу және жаза білу үшін базалық білім беру аясында екі немесе одан да көп тілдерді меңгеруге ынталандыру.

3. Жобаға қатысушылардың қарым-қатынастық құзырыреттілігін дамыту. 

 

6. Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың қазақ тілі мен орыс және ағылшын тілін меңгеруге ынтасын арттыру.

2. Шет тілдер аясында білім алушылардың мәдени аралық қарым – қатынастық құзыреттілігін арттыру.

3. Тіл бойынша шығармашылық сайыстар мен зияткерлік жарыстар, олимпиада жүлдегерлерін, жеңімпаздарының санын арттыру.

4. Жоғары ынтасы бар және дарынды балалармен жұмыс барысында инновациялық формаларды енгізу.

5.  Дарынды балалармен жұмыс барысында педагогтердің ынтасын арттыру, олардың кәсіби шеберлігін дамыту.

 

I. Жалпы ереже


1. Аталған Ереже «Қанша тіл білсең соншалықты адам болғаның» кішігірім жобаға қатысушы сыныптар мен қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін терең меңгеріп жатқан  сыныптарға арналған мектептік «Үштілділік – болашаққа бастар жол» жобасын ұйымдастыру тәртібі мен оны өткізу барысын айқындайды (бұдан әрі сайыс).

2. Бұл сайыс қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге талпынған дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету мен дамыту мақсатында, және де жоғары білім деңгеуі мен біліктілігін көрсеткен оқушыларға қолдау көрсету үшін өткізіледі. 

3.Мектептің әдістемелік кабинеті, қазақ тілі мен  әдебиет мұғалімдерінің ӘБ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ, шет тілдері мұғалімдерінің ӘБ-і аталмыш сайыстың ұйымдастырушылары болып табылады.

4. Сайыстың қорытындысын шығару, ұйымдастыру және оны өткізу мақсатында ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия мен қазылар алқасы қалыптастырылады.


II. Сайысты ұйымдастыру және оны өткізу тәртібі


5. Сайыс жыл сайын 3 кезең бойынша өткізіледі:
- алғашқы кезең. Лексикалы-грамматикалық тест   (Use of English) және  оқу (Reading)  -  ақпан;

- екінші кезең.Тыңдалым(Listening). Халықаралықвикторина (Қазақстан,Ресей,Ұлыбритания, АҚШ)  -  март;

- үшінші кезең.Шығармашылық кезең – (сахналау ,үш тілдегі музыкалық қойылым) - сәуір

 

III. Сайыстың ұйымдастыру – әдістемелік барысын қамтамасыз ету

 

6. Сайысты өткізудің жалпы жетекшілігі мен оны ұйымдастыру – әдістемелік барысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

7. Ұйымдастыру комитеті атқарушы орган болып табылады және сайыстың өтуі мен ұйымдастырылуына жауапты болып табылады.

8.  Ұйымдастыру комитетінің құрамы мектептің ағылшын, қазақ тілі мен орыс тілдері мұғалімдері қатарынан жасақталады.

 

IV. Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия мен қазылар алқасы қызметі


9.Сайыстың ұйым комитеті:

- сыныптардан сайысқа қатысуға өтініш қабылдайды;

- әдістемелік комиссия мен қазылар алқасының жұмыс барысын, құрамын бекітеді;

- сайыс тапсырмаларының орындалу бағасын айқындайды;

-сайыстың өткізілуін ұйымдастырады;

- сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің марапаттауларын өткізеді.


10. Әдістемелік комиссияның құрамытілдер пәнінің мұғалімдерінен жасақталады.

  • Әдістемелік комиссия сайыстың тапсырмаларын әзірлейді.

11. Сайыстың қазылар алқасы   қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері мұғалімлері қатарынан жасақталады.

- сайысқа қатысушылардың жұмыстарын бағалайды;

- рейтинг негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;

-  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді.



V. Сайысқа қатысу тәртібі


12. «Қанша тіл білсең соншалықты адам болғаның» кішігірім жобаға қатысушы сыныптар командалары (4-9 сыныптар), сондай-ақ барлық тілек білдірген командалар қатыса алады. Команда құрамы – 5 адам.


VI. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау және сайыс қорытындысын шығару


13. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және мектептің бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

14. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтер мектеп әкімшілігінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталады.