Әрбір көшенің өз тарихы бар
ПАВЛОВ КӨШЕСІ
Димитров пен Ломов көшелерінің аралығында орналасып, телеорталықтан Апюминстрой кентіне қарай жалғасады.
XX ғасырдың 50-жылдары пайда болып, академик, физиолог ғалым Иван Петрович Павловтың (1849-1936 жж) қүрметіне аталған. Екі қабатты және көп қабатты үйлер салынған. Көшеде №1 автобус паркі, облыстық телерадио компаниясы, радио-телевизиялық орталық, №27 ЖОМ, №6 балалар кітапханасы, көптеген дүкендер, оның ішінде ірі «Алатау» дүкені, наубайхана, шаштараздар, салондар, дәріханалар, медициналық, қаржылық қызметтер және де тағыда басқа қызымет көрсету сервисі, онымен қатар халыққа қызымет көрсету орталығы орналасқан.