Телефон доверия
8 771 532 8223
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Твое настроение после посещения школной столовой?
Голосовать
Очень плохое - 12
Очень хорошее - 11
Хорошее - 5
Плохое - 5
Всего проголосовало: 33
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарына білім дамуының мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» бөлімінде:

«Бағдарламалық мақсаттар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«қосымша білім беру жүйесін жаңғырту»

«Міндеттері» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«балаларға қосымша білім беру ұйымдарының желісін ұлғайту, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту арқылы;

балаларға қосымша білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру;»

«Нысаналы индикаторлар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«барлық меншік нысанындағы қосымша білім беру ұйымдарының саны- 660 бірлік;

«қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі - 70%».

оныншы абзац келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстандық білім алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері: халықаралық оқушылардың біліми жетістіктерін бағалау бағдарламасы (PISA) – 480 баллдан кем емес, 4-8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 4 және 8 сынып оқушылары үшін 520 баллдан кем емес, халықаралық «Оқу сапасын және мәтінді түсінуді зерттеу» (PIRLS) зерттеуі – 450 баллдан кем емес, халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеу (ICILS) – 450 баллдан кем емес.»;

Он сегізінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі- 90%»;

он екінші абзац келесі редакцияда жазылсын.