«БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - АТА-АНАЛАРЫНЫҢ МІНДЕТІ»
Ата-аналарға арналған жадынама.
«Балалардың салауатты өмір салты - ата-ананың міндеті». Ересектер балаға ең маңыздысы - жақсы оқу ғана, деп санайды. Ал егер басыныңыз айналып, ағзаңыз сырқаттан кейін әлсіз болса, оқуды жақсы оқи аласыз ба?
Баланы отбасында тәрбиелеуде біз жиі «әдет» сөзін қолданамыз. Оқушылардың жаман әдеттеріне көбінесе жауапсыздық, ұйымдастырушылықтың жоқтығы, жалқаулық жатады. Бұл проблемалардың негізінде рухани және физикалық тұрғыдан сау болу деген әдеттің жоқтығы жатыр. Салауатты өмір салтын ұстануды ерте жастан бастап қалыптастыру қажет. Балаларға спортпен шұғылданбайтын болсаң, білім алуда табысқа жету қиын болады, күшті және сау бола алмайсын деп, айтып отыру қажет!
Қазіргі замаңғы адам уақыт өткен сайын физикалық еңбектің, не екенін білмей келуде. Аз қозғалмалы өмір салты (мектептегі сабақтар, үйдегі сабақ, компьютер мен теледидар алдында отыру) балалардың жалпы денсаулығына әсер етеді. Дене шынықтыру сабақтары дене белсенділігінің жетіспеушілігін тек 11% -ға ғана өтейді.
Мектепте: ата-аналар жиналыстарында дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығын насихаттау; үнемі спорттық жарыстар мен спорт күндерін өткізу және дене шынықтырумен айналысатын оқушылар мен олардың ата-аналарына құрмет көрсету; спорт ардагерлерімен кездесу; спорттың тарихы мен дамуы, олимпиадалық қозғалыс жөнінде әңгімелесулерді жүргізу қажет.
Салауатты өмір салты - әрбір адамның өз денсаулығына деген қоғамның алдындағы жауапкершілігі.
Ата-аналар балалардың проблемаларын жиі елеусіз деп есептейді. Дегенмен, сыртқы келбетін, сымбатын өзінше бағалау жасөспірімге алансыз өмір сүруге мүмкіндік бермейді, достарымен еркін қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді және тіпті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайда ата-аналар өз балаларын қолдауға, дене шынықтырумен айналысып, сыртқы келбетін қалай жақсартуға болатынын жеке мысалмен көрсетуге міндетті екенін түсінуі керек.
Егер ата-ана денсаулығын күтсе, онда бала да белсенді өмір салтын ұстанып, әрдайым еліктеуге дайын: таңертеңгілік жаттығу, демалыс күндері белсенді демалу, ағзаны шынықтыру. Бірлесіп өткізген серуендер, жорықтар - бұл жан мен дененің сырқаттардан емі.
Ата-аналарға: баланы дене шынықтыру сабақтарынан босатуға тырыспау, себебі бұл сабақ мектептегі кез-келген басқа пән сабақтары сияқты маңызды; спорт секциясында жүйелі түрде қатысуларына жәрдемдесу; мектептің барлық спорттық іс-шараларына қатысу (мұғалімдермен бірге) қатысушы ретінде де, жанкүйерлер ретінде де қатысу; отбасында салауатты өмір салтын ұстану; жаман әдеттерден арылуу және белсенді өмір салтын жүргізу қажет.
Адамның ең басты байлығы – денсаулығы.
Адам денсаулығы неге байланысты?
50% өмір салтына;
20% тұқым қауалаушылығына (онкологиялық аурулар, гипертония, қант диабеті тұқым қуалаушылық арқылы берілуі мүмкін)
20% экологияға
10% денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына.
ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗДЕР!
Дене шынықтыру балалардың өмір салтына айналу қажет!
Әрбір адамға спорттық-сауықтыру өмір салтын ұстанып, денсаулықты жақсы әдетке айналдыру қажет. Салауатты өмір салтын ұғыну арқылы моральдық қағидалар практикалық әрекеттермен біріктіріледі. Дене шынықтыру сабақтары ерлік, ерік-жігер, еңбекқорлық, жомарттық пен мейірімділікті дамытуға ықпал етеді.
Еңбек, спорт, денсаулықты нығайту, жақсы физикалық пішінді сақтау жаман әдеттерге орын қалдырмайды!
Сіз таңдаған кез-келген спорт түрі сіздің балаңыздың бастапқы физикалық дамуын қамтамасыз етеді, уақыт өте келе баланының саналы таңдау жасауына негіз болады.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысу ккүн тәртібін рационалды қалыптастыруға көмектеседі, сондықтан қанық және табысты өткізу үшін, физикалық белсенділікті демалыспен сәтті үйлестіру керек: олар тәртіпке келуге, рухани және физикалық дамуына үлес қосады.
Салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы, өз дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа таратады.