Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 229
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 351
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тамақтан улану


ПОТЕНЦИАЛДЫ ҚАУІПТІӨНІМДЕРДІҢ ТІЗІМІ

1. Жұмыртқа.
2. Ет (тауық еті, үйрек еті, шошқа еті, сиыр еті және т.б.).
3. Сүт және сүт өнімдері.
4. Әбден қуырылмаған котлеттер, паштет, өкпе-бауырдан жасалған шұжықтар, ветчина.
5. Сілікпе, оны дірілдек деп те айтады — кез-келген микробтың көбеюіне өте қолайлы орта, бактерияларды өсіру үшін ғалымдар бұны зертханаларда жайдан жай пайдаланбайды.
6. Картоп пен жұмыртқасы бар салаттар. Ол да микробтар үшін қолайлы орта: картоп крахмалы - қоректік көмірсу.
7. Кремі бар торттар мен пирогтар.
8. Шала тазаланған және жуылған тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша және т.б.). Олар кеміргіштер тасымалдайтын микробтармен жиі ластанады. 
9. Теңіз өнімдері (мидиялар, асшаяндар, кальмарлар және т.б.).
10. Күріш және одан дайын тағамдар.

Сальмонеллез және алтын түстес стафилококк бірінші орында.

Біріншісі азық-түліктерге - жеке гигиеналық ережелер сақталмаған кезде, жануарлар мен құстардан, сондай-ақ науқастардан, екіншісі – терінің мен мұрын – жұтқыншақтың іріңді ауруларымен ауыратын адамдардан, сонымен қатар маститке шалдыққан сиырлардан түседі.

 

ТАЗА ЖӘНЕ ЖИІ ЖУУ КЕРЕК.

                                       Қараса, түк емес сияқты.

Қарапайым ережелер.

Барлық өнімдерді пайдаланар алдында мұқият жуып, тазалау қажет. Әрбір өнім түріне жеке турау тақтайлары болуы тиіс — шикі өнімдерге және дайын өнімдерге.

Тамақты әбден пісіріп, қуыру керек. Тамақты ұзақ сақтауға болмайды, тіпті тоңазытқышта болса да!

Кейбір әйелдер тоңазытқышта екі күн тұрып қалған сорпаны қауіпсіздік үшін қайта қайнатып ішуге болады деп санайды. Бұл қайта термоөңдеу кезінде өз улылығын жоғалтпай кейбір микробтардың токсиндарды өндіретіндігі шығар. 

Салаттарды, крем жағылған пирожный мен торттарды, десерттерді мүлде сақтамай, дайындағаннан кейін бірден жеп қою керек. Қалдығын аямай, лақтырып тастаған жөн.

Ас үй мүліктерін, пышақтарды, үккіштерді, тақтайларды жиі жуу.

Тек қана жуылған ас үй сүлгілерін, әсіресе – қағаз сүлгілерін пайдалану.

Қолды да жуу керек!

Ас дайындаған, ас бергенде және әрқашан ас ішер алдында қолды жуу, жуу және жуу. Егер ірің инфекциясымен ауырсаңыз, қай жерде пайда болмасын, жақындарыңызға ас дайындаудан бас тартыңыз — одан да сізді олар күтсін, сіз оларға ас үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы жолшыбай айта кетіңіз. Оларға да пайдалы болады.

Тамақтан уланудың және жіті ішек

инфекцияларының алдын алу бойынша

жадынама

Павлодар облысы

қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

2018 жыл