Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Твое настроение после посещения школной столовой?
Голосовать
Очень хорошее - 11
Очень плохое - 11
Хорошее - 5
Плохое - 5
Всего проголосовало: 32
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Атамекен» кіші бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Кіші бағдарламаның мақсаты - әрбір қазақстандықты өз мүддесіне пайдалы әрекет етуге үйретуге, бәсекеге қабілеттілін арттыруға және тұтастай алғанда қоғамның эволюциялық дамуына бағытталған, азаматтық жауапкершілік пен халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

«Атамекен» кіші бағдарламасы жергілікті қоғамның мәселелерін шешуде азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, волонтерлер, меценаттар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар күшін біріктіруге бағытталған.

Басқа кіші бағдарламаларға қарағанда, «Атамекен» кіші бағдарламасының іске табысты асырылуы мүдделі тараптардың қатысу деңгейіне байланысты. Әрбір қазақстандыққа өз Отанын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға, оны шешуге көмектесетін, интеллектуалды, адамдық және материалдық ресурстарды тартуға, әлеуметтік жетістіктердің «қозғалтқышы» болуына, сондай-ақ тәжірибе мен білім арқылыөз елді мекенінің белсенді, жауапкершілікті азаматы болуына ынталандыру - «Атамекен» кіші бағдарламасының негізі болып табылады.

"Атамекен" бағдарламасы 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады: "Әлеуметтік бастамалар картасы» мен «Жомарт жүрек»

Бірінші.«Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты 7 республикалық жобадан тұрады:


1. Интерактивті платформа

2. «Асар» форумы

3. «Туған жерге тағзым»

4. Өңірден шыққандардың слеті мен форумы

5. Өңірлік ресурстық орталықтарды дамыту

6. Краудсорсингтік платформа;

7. Еріктілер корпусы

Интерактивті платформа- интерактивті картада көрсетілген азаматтардың бастамаларын іске асыру үшін жаңа арналарды құруды көздейтін, «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытының негізгі жобасы. Жоба республиканың 16 өңірінде жүзеге асырылатын болады.

Интерактивті платформаның негізгі идеясы - өңірлердің өзекті қажеттілігін айқындап, оларды шешу үшін азаматтардың белсенділігін ынталандыру арқылы жергілікті тұрғындардың бастамаларын ілгерілету болып табылады. 

Интерактивті платформа - меценаттар, мемлекеттік органдар мен бизнестің, үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлер мен азаматтардың қатысуын талап ететін өңірлік жобалардың ашық, қол жетімді дерек қоры.

 

Интерактивті платформа аясында жобаларды іске асыру өңірлік ҮЕҰ-ларды және бизнесті жергілікті халықпен үйлестіреді - бар мәселелерді шешу үшін тараптардың күшін біріктіреді.

 

Мұндай азаматтық бастамалардың карталарын жүзеге асыру бойынша ұқсас тәжірибе Ресей Федерациясында, Канадада және Еуропалық Одақ елдерінде бар.


ҮЕҰ және азаматтар ұсынған бастамалар тек жобалар ретінде қалмау үшін, келесі жұмыс схемасын ұйымдастыру жоспарлануда.

Жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізуді, кіші бағдарламаны басқару офисі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесе атқарады.

Облыстық деңгейде жұмыс өңірлік кіші бағдарламаны басқару офисі мен  жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ азаматтық (ресурстық) орталықтармен және қоғамдық кеңеспен бірлесе атқарылады.

Қалалар мен аудандар деңгейінде жұмыс ҮЕҰ-мен бірлесе жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық (ресурстық) орталықтармен және қоғамдық кеңеспен атқарылады.

Өз жобаларын ұсыну үшін әрбір азамат немесе ҮЕҰ авторизациядан өтуге және бекітілген нысан бойынша жобаны ұсыну керек. Жобалар келесі критерийлерге байланысты орналастырылады:

- түрлері (әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалар, материалдық көмек көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша және т.б.);

- бағыттар (экология және абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік және мәдени нысандарды салу және жөндеу, туристік әлеуетті дамыту, халықтың әлсізтоптарын қолдау және т.б.);

- территориялар(облыс, қала, аудан, елді мекен).

Басталатын жобалар Картаға екі санат бойынша жүктеледі:

- А санаты - қолдауды қажет ететін бастамашылық жобалар (меценаттар, демеушілер, бастамашыл азаматтар, еріктілер, мемлекеттік бюджет);

- Б санаты - донорлар ұсынған жобалар (меценаттар, демеушілер).

Өзекті мәселелерін шешу бойынша өңірлік деңгейдегі барлық ұсынылған жобалар «Бастамашылық  жобалар» деген бөлімде  орналастырылатын болады.

 

Жобаны іске асыру және іске қосу үшін қажетті көздер, ресурстар табылған жағдайда және жоба туралы толық ақпарат алу үшін "іске асырылатын жобалар" бөліміне ауысады.

 

Кейін іске асыру Жобасы "жүзеге Асырылған жобалар" бөліміне ауысқанда, жобаның қорытындысы, қоғамдық бағалау және қанағаттану деңгейі,   тартылған меценаттар, ҮЕҰ және еріктілер туралы мәлімет алуға болады.

 «Асар» форумы– мемлекеттің, коммерциялық емес сектор және бизнес арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа тиімді алаң құру болып табылады.

 «Туған жерге тағзым»- әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлердің және жергілікті бизнестің табысты тұлғалары есебінен жаңа технологияларды тарту. Жоба республиканың 16 өңірінде жүзеге асырылатын болады.

Өңірлердегі тұрғындардың слетібарлық 16 өңірде өткізу жоспарланып отыр.

Өңірлік азаматтық ресурстық орталықтарәлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бастамашыл азаматтарды тартуға қатысады.

 

Краудсорсингтік платформа- әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін қосымша интеллектуалдық ресурстарды тарту. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысында және одан кейін бүкіл ел бойынша пилоттық жобасы енгізу жоспарлануда.

 

Еріктілер корпусы- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жобаларын іске асыру үшін еріктілерді тарту. Жоба республиканың 16 өңірінде жүзеге асырылатын болады.

Еріктілер бастамалары бірнеше индикаторға бірден әсер етеді:

  • азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және насихаттау;
  • азаматтардың ұлттық және жергілікті проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
  • тұрақты қоғамды дамыту.

Екінші.«Жомарт жүрек» базалық бағыты - «Әлеуметтік бастамалар картасы» жалғасы.

«Жомарт жүрек» базалық бағыты Әлеуметтік бастамалар картасының логикалық жалғасы болып табылады.

Базалық бағыттың негізгі мақсаты - белсенді азаматтар мен демеушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді және кәсіпкерлерді туған жерін дамытуға ынталандыру. Жоба аясында 16 өңірде меценаттарды ынталандыру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.

Осыған байланысты, бизнесте, мәдениетте және әлеуметтік қызметте танымал болған азаматтардың қызметі ақпараттық желілер арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілер, аймақтық және республикалық БАҚ және бұқаралық іс-шаралар арқылы насихатталуы керек. Бұл адамдар Рухани жаңғырудың критерийлеріне жауап беретін мінез-құлықты «маяк» болуы керек: бәсекеге қабілеттілігі; прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білімге табынушылық; сананың ашықтығы.


Жоба аясында жоспарлануда:

- өңірдің танымал меценаттары мен қайырымдылық жасаушыларын өз елді мекенің дамытуға тарту;

- Кіші Отанына деген азаматтық борышын күшейту және патриотизм сезімдерін дамыту;

- басталған жобаларға инвестицияларды енгізуге жағдай жасау;

- әлеуметтік дамуға бағытталған аймақтық және жергілікті стратегиялық бастамаларды қолдау;

- жергілікті әлеуметтік жобаларға қатысатын меценаттарды, демеушілерді, қайырымдылық жасаушыларды және белсенді азаматтарды одан әрі ынталандыру үшін, сый құрмет көрсету.

- облыстағы елді мекендердің әлеуметтік дамуына белсенді қатысу үшін, өңірдегі меценаттар мен демеушілерді ынталандыру.

Үшінші. «Атамекен» кші бағдарламасынан күтілетін нәтижелерожидается:

- қоғамдағы патернализмдік көңіл-күйді төмендету;

 

- туған өңірдің дамуына азаматтық жауапкершілікті арттыру;

 

- жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

 

Осылайша, кіші бағдарламаны іске асыру барысында қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - қоғамның жаңа азаматтық мәдениетін қалыптастыру шешілетін болады.

 

«Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуымен әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтардың белсенділірілуі ғана емес, мемлекеттік саясатқа өзара сенім деңгейінің артуы күтіледі.