Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 980
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1487
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мақала

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамашылығы мен мектеп директорларының ұсыныстары бойынша тамақтану сапасына әсер ететін бағалардың демпингінің болуына байланысты, сондай-ақ мектеп директорларында өнім берушілерге тікелей бақылаудың жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты, мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша өнім берушіні таңдау мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінен шығарылды.

Бүгінгі күні тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті және тауарларды сатып алу тәртібі «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларымен» реттелген (ҚР БҒМ 31.10.2018ж. № 598 бұйрығы).

Балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануына кепілдік беру мақсатында, Қағидаларда білікті қызметкерлер штаты бар (еңбек өтілі, аспаздың біліктілігі, технологтардың, диетологтартардың, оң сипаттамалардың, тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы,энергияны үнемдейтін жабдықтардың болуы), аталған қызметті сапалы көрсетуге неғұрлым дайын өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар көзделген.

2018 жылдан бастап азық-түлік өнімдерін сақтау жағдайына, қауіпсіздігіне және сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі енгізілді.

Сонымен қатар Қағидаларға сәйкес конкурстық комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің, ата-аналар қауымдастығының, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кіреді.


Өнім берушілермен табиғи және жаңа тамақ өнімдерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қағидаларда мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) және отандық өндірушілердің тамақ өнімдерін сатып алу, қосымша баллдарды алуға мүмкіндік береді.

Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалық қасиеттерi, әзірлеу және дайындау технологиясы балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.

Өнім беруші шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт өнім берушімен сот тәртібінде бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп танылады(БҒМ 31.10.2018ж. № 599 бұйрығы).

Оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. № 320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.

Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.

2018 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары оқушыларының дұрыс (ыстық тамақ) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарт әзiрледi.

2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.

Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгiнгi күнi мектеп қызметкерлерінің де, ата-аналар қауымдастығының да көрсетілетін қызметті ұсынуда тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда көзделген. Әрбір мектепте балалардың тамақтануын бақылау жөніндегі комиссия құрылған. Комиссияны мектеп директоры басқарады, оның құрамына мектептің медициналық қызметкері, педагогтер, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің мүшелері кіреді.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.

Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.

Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.