Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Не даволен - 9
Очень хорошо - 7
Хорошо - 7
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 30
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жанындағы лагерь (жаңалықтар)

3 маусым күні мектеп жанындағы "Эврикаландия" лагері өз есігін ашты.  Күннің бірінші жартысында бізді "Свинопас" спектаклімен А.П. Чехов атындағы облыстық драма театры қарсы алды.

 

3 маусым күні 7 жасақ командасы қалалық жазғы "Керемет" жобасына қатысып, станциялар бойынша ойында 3 орынды иеленді! Алақай!

4 маусым күні "Эврикаландия" мектеп жанындағы лагерде көп қызықтар болып жатыр. Бүгін 1 және 2 жасақтар бассейнде шомылып, сергіп алды.

3 және 4 жасақтар Лазертаг ойының қызығып ойнады.

4 және 5 жасақтар "TopStar" фитнес орталығына барып, онда қызықты және денсаулыққа пайдалы уақыт өткізді.

6 жасақ № 1 өрт сөндіру бөліміне барып, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. 

7 жасақ командасы "Большие старты" атты қалалық жазғы жобаға қатысып, "Скакалка" номинациясында марапатталды. Алақай!

Лагердің ең кішкентай тәрбиеленушілері үшін күнделікті ағылшын тілінде ойын түрінде сабақтар өткізіледі,  ұйымдастырушылары  - ИнЕУ студенттері.

Түскі ұйқыдан және дәмді бесіндіктен кейін біздің балаларға Эврикаландияға" 

«Бос қиял»  шоуымен сиқыршы Д. Слепнев келді.

5 маусым күні Эврикаландияда күн қызықты және көңілді өтті. 1, 2, 3 жасақтар Оқушылар сарайына спектакльға, 5, 6 жасақтар Экологиялық мектепке, ал 4 жасақ "Колос" МСО-на барып қайтты.

7 және 8 жасақтардың балалары қалалық "Super ұлдар" жазғы жобасының бірінші турына қатысып, белсенді қатысқандары үшін грамотамен марапатталды.

6 жасақ экологияға арналған квест ойынына қатысып, 1 орынды жеңіп алды!  Балалар мен тәрбиеші мұғалім М.К. Сембаеваны құттықтаймыз!

Бүгін балалар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жалпы лагерлік асфальттағы суреттер байқауына қатысты. 

Эврикаландиядағы төртінші күн жеңістен басталды, лагердің команда құрамасы қалалық асфальттағы суреттер байқауында 2 орынды иеленді! Алақай!

1 және 2 жасақтар Лазертаг ойының қызығып ойнады.

6 жасақ "TopStar" фитнес орталығында денсаулық сағатын өткізді.

Бүгін медиа басылымдармен ынтымақтастық жоспарына сәйкес "Звезда Прииртышья" газетінде біздің мектептің бейінді лагері және мектеп жанындағы лагердің ашылуы мен жұмыс жоспары туралы мақала шықты.

 Эврикаландиядағы бесінші демалыс күні тарихты зерттеуге арналды,  біздің балалар Көркемсурет, өлкетану, Шафер муражай-үйі және Әскери Даңқ  мұражайларына барып қайтты.

Кешкісін спорттық жарыстар өткізілді, балалар өздерінің жүгіру, секіру қабілеттерін сынады.

Бүгін балалар әдеттегідей лагерде күнді көңілді бастады. 5 және 6 жасақтар бассейнде жүзді. 

7 жасақ География үйінде туған өлкенің тарихын зерттеп қайтты. 

3 және 4 жасақтардың балалары "TopStar" фитнес орталығында уақыттарын көңілді және денсаулыққа пайдалы өткізді.

1 және 2 жасақтар қала бойынша экскурсияға шықты. 

Бүгін "Мисс Лагерь- 2019" кешкі іс-шарасында қазылар алқасы және балалар маусымның ең талантты, сүйкімді, білімді аруын таңдады. 

"Мисс Лагерь - 2019" конкурсының жеңімпазы болып Байбусинова Аниса атанды. Құттықтаймыз!

12 маусым күні тамаша, қызықты және көңілді өтті. Күн 3 жасақ командасының "Танцор Диско" жазғы жобасына қатысумен басталды, онда біздің балалар 2 орынды иеленді.

3 және 4 жасақтар экологиялық мектепке барып, кедергілер жолымен жүріп өтті.

1 және 2 жасақтар География үйінде біздің өлкеміздің ерекшеліктерін зерттеп қайтты. 

6 және 7 жасақтар "Колос" МСО-да ойын бағдарламасын тамашалап қайтты.

2 жасақта бүгін "Жануарлар әлемінде» атты викторина өтті.