Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әлеуметтік-психологиялық қызмет
 
Жағымды тәрбиенің ұстанымдары
 
1.  Баланың қажеттілігінде керегін түсіну.
Бала әрдайым оны жақсы көретінін сезінуі қажет. Егер ата-аналар баланың жаман қылығына емес, оның жақсылығына көп көңіл бөліп, онымен көп уақыт өткізіп, жақсы қылығын ынталандырып отырса, бала өзіне жақсы қарайды.
 
2.  Өзара сыйластық
Өзара сыйластық келесіні білдіреді: «Мен саған жақсы қараймын және маған да солай жақсы қарағанынды қалаймын».  Сіз балаңызбен бірге мәселелерді шешкенде, бірге маңызды шешім қабылдап, жалпы  қателіктерден үйренсеңіз, осылай сіз өзіңіздің балаңызға сыйластықты білдіресіз.
 
3.  Жақсы көру және оны қандай болса да қабылдау.
Сіздің балаңыз позитивті қатынасты және жеке абыройының сезіміне ие жеке адам болсын десеңіз, ол: не істесе де, қандай жағдай болмасын сіз оны әрдайым жақсы көретін боласыз. Адамның жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалап, сынау қажет.
 
4.  Тәрбиелік іс-әрекеттің тізбегі.
Шектеудің қажетті жиынтығы болып табылатын «жоқ» және «болмайды» өлшеп қарау қажет. «Болмайды» әрдайым «болмайды» болады, егер өзімізді  бір рет көндірсек, сынаудың, жанжалдын алдын алуга болады. Баланың дамуына анасының «жоқ» және әкесінің «ия» деуі көп әсер етеді.
 
5.  Әңгімелесуді дұрыс құру.
«Мен - сөздер» техникасын, баланы жақсы көретінінізді көрсететін техниканы пайдалану
 
6.  Күнделікті өмірде жағымды сөздерді пайдалану қажет:
-Маған сенімен жақсы
- Мен сені көргеніме қуаныштымын.
- Маған сенің ... ұнайды.
- Сенің бізде болғанын қандай жақсы.
- Сен менің жақсымсын.
Баланың «дұрыс» өсуіне оған осындай дәрумендер қажет: оны күніне 4 реттен кем емес құшақтап, өзіне қысу қажет.
№40 ЖОМ ММ психологы С.Г.Успанова
 
 
 
Ата-анаға айтарымыз...
1. Өз балаңыздыңерекшелігін тани біліңіз. Оныңмаңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздыңбастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысыңкеремет» деген сияқты қолдануға болады.
2. Балаңыздыңөмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оныңөзі атқара алатын ісіне араласудыңқажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздыңақыл-кеңесіне құлақасуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздыңболғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.
3. Ерлі-зайыпты адамдар баланыңкөзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. Әсіресе, бала бар жерде «Басымды қатырмашы», «Өзіңбәле болдыңғой», «Осыны саған күніне мыңрет қайталаймын» деген сияқты дөрекі сөзден ата-ана өздерін мейлінше тыйып ұстаған абзал.
4. Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істетуден, намысына тиетін сөздерден аулақболыңыз.
5. Балаңызбен жиі бірге болуға тырысыңыз. Сіздіңжан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.
6. Балаңыздыңқате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау- бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.
7. Балаңыздыңішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оныңболашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.
        
Мектеп психологі: Успанова С.Г.
 
 
 
Эмоциялық  күйзелісті коррекциялау тренингтері

  Мектеп психологі  4 «А» сынытпа эмоциялық күйзелісті коррекциялау тренингтері өткізіген, оқушылар сабаққа қуана қуана қатысты, сабаққа қорытынды жасалғанда оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, көз қарастарын айтты.
    Осы сабақтан оқушылардын оң қуат алғандары үшін өте маңызды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
(Жалпы ұсыныстар)
  • ОЖІБ алдында балаға қорқыныш, үрей туғызатын жағдайларды болдырмау керек, себебі ол тест нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Балаға ата-ананың толғанысы берілуі мүмкін, жауапты мезетте өз күш-жігеріне ие болмауы мүмкін.
  • Баланы үнемі мақтау керек
  • Бала бойына сенімділік ұялату керек, өйткені бала қорыққан сайын қате жіберуге бейім тұрады.
  • Баланың көңіл-күйін қадағалау керек, оның көңіл-күйінің жоқтығын сізден басқа ешкім байқай алмайды.
  • Баланың күн тәртібін үнемі қадағалау керек, шамадан тыс шаршауына жол бермеу керек және оқу мен демалыс уақытын алмастырып отырып отыру қажет.
  • Баланың сабаққа дайындалатын ыңғайлы орны болуы керек және ешкім бөгет жасамайтындығын қадағалаңыз.
  • Баланың тамақтануына ерекше көңіл бөлу керек, себебі бала шамадан тыс жұмыс істеген кезде оның ағзасына әр түрлі дәрумендер, құнарлы тағам қажет. Мысалы: ми жұмысын жақсартатын азық-түліктер (балық, ірімшік, кепкен өрік, жеміс, жаңғақтар және т.б.)
  • Баланы емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды жаттау міндет емес, тек соның негізгісін, логикалық мақсатын анықтап алу керек. Ең пайдалысы – шағын тірек-сызба жасау, жалпы ережелерді, формулаларды қағазға жазып алып жазу үстеліне, кереуетке, ас үйде іліп қою.
  • Пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын дайындау керек. Тестілеу бойынша баланы дайындаудың маңызы зор. Себебі ОЖІБ тест түрінде өткізіледі.
  • Тест тапсырмаларын орындауға дайындық кезінде баланың уақытты тиімді пайдалануға бейімдеңіз, өйткені бала уақытты үнемдеуге үйренеді, әрі қорқыныш, үрейден арылады.
  • ОЖІб алдында баланың толық тынығуын қамтамасыз етіңіз, баланың ұйқысы әбден қану керек.
  • Тестілеу кезінде баланың нелерге назар аудару керектігі жөнінде кеңес беріңіз: тапсырмалар мазмұнын анықтау үшін көзбен жүргіртіп өту керек, бұл жұмысқа деген ынтаны арттырады; сұрақты аяғына дейін мұқият оқу керек және мазмұнын ұғу қажет.
  • Сұраққа дұрыс жауапты білмесең немесе күмәндансаң, ол сұрақты қайта қарастыру үшін белгілеп қою керек.
  • Егер бөлінген уақытта сұраққа дұрыс жауап таба алмасаң, өзіңнің ішкі сезіміңе сеніп, ең дұрыс деген нұсқаны белгілеуге болады.
 
Есіңізде болсын: ең бастысы – бала бойындағы қорқыныш сезімін бәсеңдету және сабаққа дайындалу үшін тиімді жағдай жасау.

 

«Өз денсаулығыңды сақта»

Насыбай неге зиянды?

     Нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде насыбайдың зияны туралы әңгіме өткізілді.
Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасалатындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.
Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара ағаштың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. 
Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.
 
Насыбай ататындардың есіне: 
• Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартайтады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.
 
    Қазір елімізде Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен насыбай сатуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтеріліп, ол Үкіметтің, Парламенттің назарына ұсынылып отыр. 

 

Дарынды оқушылармен жұмыс

     Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр.

     Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

     Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

     Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала. Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

            Дарынды балалардың белгілері:

-    көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары

    Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:

- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;

-оқытудың даралану және жіктелу принципі;

- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;

- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі

Дарынды балаларға –дайын ұстаздар

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.

Мұғалім міндетті:

- жақсы тілектес және сезгіш болуға;

- дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;

- зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;

- қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;

- дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;

- пысық және белсенді мінезді болып келуге;

- әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);

- икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;

- шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;

- дені сау және өмірде тұрақты болуға;

- дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.

«Дарынды балалармен жұмыс әдістері»

    Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1.Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

 Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде

 Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:

- әр тұлғаның дамуына әсер ету;

- мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;

- дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно).

 

Сабақтың тақырыбы:«Кішіпейілділік барлық мейірімді іскерлердің патшасы»

Өткізген:мектеп психологі Салыкова Т. Т.

Сынып: 2 «А»

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:көркем әдебиет оқу;   диалог «Көңілді этикет»;  мақал-мәтелдер;  ойындар;

Көрнекіліктер:стақандар, тұрбалар, шар, түрлі түсті фломастер, шырын;  гүл пішімі, магнитофон, таспа.

Күткен нәтижелер: «Кішіпейіл» сөзінің мағынасын түсіндіру;    жекетұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;   өз қылықтарын және өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту.

Өткізу әдісі:   Білім алушылар, мен сендерді мектепке кішіпейілділік сабағына қабылдаймын. Қарандаршы, қандай ғажап гүл. Бұл ғажайып гүл. Сендер осы гүлдің ашылғанын қалайсыңдар ма? Оның бір құпиясы бар:егер сенде мейірімдіболсаңдар, ол ашылады.

Ойын: «Кішіпейілділіктің сиқырлы шеңбері»

 

 Білім алушылар жұптарымен шеңберде тұрады, өз көңіл-күйлерін бір-біріне таратады.

-         Қайырлы таң,ана!

-         Айжан, мен сені көргеніме қуаныштамын!

-         Сәлем Ансар!

-         Рахмет Айжан, маған сен ұнайсың!

     Ұл қызды отырғызады.

(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.

-        Білім алушылар, сендер жылы сөйлегенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?   Қалай ойлайсыңдар, егер адамдар бір-біріне жылы сөз айтпаса, не болады?   Қандай қылықтарды кішіпейілді деуге болады? Атаңдар.   «Этикет» сөзді оқындар. Бұл не? Қандай мінез-құлық (гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды. Мен сендердің дұрыс жауаптарыңа ризамын.     Кішіпейіл деген не?

Басқа адам сені жақсы сезінетіндей өзіңді ұстау. Кішіпейілдік болу үшін «Сиқырлы сөздер» айта білуің керек

 

Ойын «Кішіпейілділікке адымдар»

     Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.a)  тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдау; б)  әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге аралау;  в)  қызға орын беру және үлкенге;г)  ойыншықты тартып алу;д)  үлкенге көмектесу;е)  жолдастарыңмен дөрекілену; ж) далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру;з)  өтінішпен сұрау, талап етпеу;

         (Гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.

Көрініс элементімен оқу

Ертегі «Кішіпейіл қоян»

Сұрақтар мен тапсырмалар:   Қоян туралы не айтасыңдар? Неге?  Оның мінезі қандай?  Қоянға кішіпейілділік қалай көмектесті?  Қоян айтқан барлық жылы сөзді атаңдар?   Естеріңе түсіріңдер, өмірлеріңде кішіпейілділіқтің көмектескен кезі болды ма?

 

(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.

Қимылды ойын:  «Кішіпейілді тығылмақтар».

Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Жансая «рахмет» - деді).(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.

 

 

 

Шығармашылық жұмыс: «Кафеде» көрінісі

Арман бағанға келеді.

-         Мен келдім! (үнсіздік)

-         менің келгенімді көрмедіңдер ме? Ақша әкелдім! (Арман таң қалады)

-         Самал жақындайды

-         Сәлеметсіз бе! Сізден шырын алуға болады ма?Сатушы:-   Мархабат. Қандай?Самал: -   Маған шабдалыдан.Сатушы: -Мархабат. Ас болсын!Самал: -  Рахмет! Арман таң қалып:   Маған неге ештеңе бермеді?

-Арман, этикет дегенді білесің бе?

Балалар, Арманға көмектесіңдер.   Арман:Мен түсіндім! Рахмет! Кешіріңіз. Маған стақан шырын беріңізші, рахмет! Самалды үстел басына отырғызып, шырынды береді. Самал алғыс білдіреді. Білім алушылар ды кафеге шақыру. Ұлдар қыздарды қонақ етеді, шырын алып береді (ақырын ырғақты ән ойнайды)

(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.Жүрек қуанады

 Қоштасу  Рахмет, рахмет, рахмет бүгінгі күнге!

Ойын  «Кешірімді кітап»

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:  көріністі үйрену, әңгімелесіп үйрену; ойынды үйрену, өлең үйрену; мақал-мәтелдер оқып, үйрену.

Көрнекіліктер:бәрі үшін:  кітап, «күн»,  обруч, «сиқырлы таяқша», әнді сүйемел,әр бала үшін: аты жазылған күн сәулесі.

Күткен нәтижелер: өнегелілік қасиеттерін: мейірімділік, қайырымдылық іске асыру; өз қылығы үшін кешірім сұрай білуге үйрету.

Әділ туралы әңгіме

Әділ футболды өте жақсы ойнайды, жылдам жүгірді, көңілді бала болды.Бір күні, футбол ойнап жүріп, жанынан аяғын сылтып басып бара жатқан әйелді көреді. Әділ оған саусағын шошайтып, оны мазақ қылып, қатты күлді. Әйел Әділге қарап, басын шайқады да, жүріп кетті.Бірақ, бір күні доп ойнап жүріп, шұқырды көрмеді. Доп қуып жүріп, шұқырға құлап, аяғын сындырады. Әділ ауруханада өте ұзақ жатады. Сосын, жазылып шығады. Бір рет ол сондағы әйелді кездестіріп, оған жақындап келіп, кешірім сұрады. Неге ол кешірім сұрады?   Әйел оны кешірді ме?  Ол әйелге қандай сөз айтты деп ойлайсыңдар?  Ауру әйелге қандай көмек көрсету керек?  Әрқашан естеріңе нені алу керек? Қорытынды: Ауру адамға күлуге болмайды, оған көмектесу керек.

Сонымен, балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақ сендердінеге үйретті? Сау болындар!

 

«Бақытты сәт»  ойыны

Өткізген мектеп психологі: Салыкова Т.Т

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойларын дамыту, тіл байлықтарың тереңдету, оқушыларды достастыру, топпен жұмыс істеуге үйрету

Сабақты өткізу әдістері: викторина, сайыс, логикалық жаттығулар мен сұрақтар, жұмбақтар

Қөрнекті құралдар: жаттығулар, карточкалық тапсырмалар, сөзжұмбақ, анаграммалар, ребустар

1 таймжұмбақтар сайысы

Ғарыш кемесі қайдан ұшырылады?

Алғашқы ғарышкерді білесің бе ?

Қазақтың алғашқы ғарышкері кім?

Қазақтың екінші ғарышкері кім ?

Екі пілдің құйрығы нешеу ?

Үш тышқанның неше құлағы бар?

Екі санды қосқанда не шығады ?

Бөлке нанды үшке бөлу үшін пышақпен неше рет тарау керек?

Ән жазатын адамды кім дейміз?

Адамды жылататын өсімдік?

Бос ыдыста неше құлпынай бар?

Неше ай «Р» әрпіне аяқталады ?

 

 

 

 

 

 

2 тайм логикалық тапсырмалар

сөздің соңғы дыбыстарын алып тастасаң, сөз қандай дыбысқа аяқталады

қайрағы _________

көйлегі _________

шелегі ___________

тамағы __________

шөбі     __________

добы    __________

көбі     ___________          

 

Сөздің екінші бөлігін тап. Оларды меңзермен қос. Қандай сөз пайда болады .

 

3 тайм мақалдарды толықтырып жаз

Адам досымен __________

___________Тамырымен мықты.

Бетегеден – биік, жусаннан_________

Бірлік болмай,

Тірлік _____________

 

Дауысты дыбыстарды қой, қандай сөз пайда болады?

Қ-р-п        с-нд-қ

-рм-н        т-м-қ

п-рд-         н-р

к-р             б-л-п-н

 

4 тайм жоғалған әріптерді жаз

а АӘБВ ...........

ә ИЙКҚ ...... н.......

б РСТУ....... х......

в ШЩЪЫ ..ь...........

 

 

5 тайм заңдылығын сақтап, сан қатарының тізбегін жаз

 

6 тайм сөзжұмбақ құрастырып шешу

Есептер Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті, бір жұмыртқа неше минут піседі? 1 минут           4 минут        5 минут           8 минут

 

Сәния, Әлия, майра 2 алмұрттан алды, себетте алмұрт қалған жоқ, себетте қанша алмұрт болған еді

  3      5       2         6

 

 

Сабақтың тақырыбыОқушылардың  коммуникативті қасиеттерің жоғарлату»

Сабақты өткізген: мектеп психологі Салыкова Т.Т

Сабақтың мақсаты: Балалардың коммуникативті қасиеттерің жоғарлату, достастыру

Сабақты өткізу әдістері: тренингтер,жаттығулар, әнгіме ретінде

«Өрмек» ойыны.

Жүргізуші: осы ойында өзара бізді байланыстырып тұратын  үлкен бір өрмекті құрамыз.Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсыой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар. Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын  өзінің алақанына орайды. Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып : «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше математика бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін.

     Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды.

 

Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.«Біздің ғаламшарымыз және оның серіктері» Жүргізуші:Менің ойымша, сіздерге ұнайтындығын айтуға болатын адамдар әлі де табылады. Сендерге көмектесетін, сендер үшін уайымдайтын, қуанатын адамдар, олар сендердің «серіктерің». Олардың есімдерін жазыңдар және оларды сендердің сыныптарыңның ғаламшарының айналасына орналастырыңдар.

     Содан кейін балалар сұрақтарға жауап береді: серіктерде кімнің есімдерін орналастырдыңдар, неліктен нақ осы адамдарды естеріңе алдыңдар, шын мәнісінде олар үшін кім ақылшы және көмекші?

     Қымбатты балалар, қараңдар ! Сендердің ғаламшарларың тіршілік етеді ! Ол тыныс алады, ол әрекет етеді, ренжиді, және жаңа жетістіктерге ұмтылады. Бірақ сендердің өмірдегі жақсы қасиеттеріңсіз ол жетістікте болмаушы еді. Жұлдызшаларға сабақтың бірінші кезеңінде айтылған өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді жазыңдар, және оны өздеріңнің ғаламшарларыңның айналасындағы жаһанға орналастырыңдар.

Музыка ойналады.

      «Ғаламшарымызды жандандырамыз»

     Жақсылап жайғасып отырыңдар және көздеріңді жұмыңдар (музыка ойналып тұр). 2 - 3 рет терең демалыңдар және демдеріңді шығарыңдар. Өздеріңді өсімдік деп елестетіңдер. Жақсылап қарап алыңдар: сендер өсімдіксіңдер ме әлде ағашсыңдар ма? Соны естеріңде сақтаңдар.

   Ал сіздердің айналаңызда қандай өсімдіктер бар ? Олардың қайсысы сендерді қараңғылайды, ал қайсысы жылу және сәуле береді. Өздеріңнің жапырақтарыңды және бұталарыңды күн сәулесіне қарай бұрыңдар, жылы жаңбырдың астына қойыңдар. Жайлап керіліңдер және көздеріңде ашыңдар.

Ал енді өзіміздің «Ғаламшарымызды» жандандырайық. Дайын пішіндерден өздерің көз алдарыңа елестеткен өсімдікке жақын өсімдіктерді таңдап алыңдар (немесе таза қағазда өздеріңнің бейнелеріңді салыңдар). Оған өз есімдеріңді, тектеріңді жазыңдар.

Жұмысты аяқтағаннан соң, өз өсімдігіңді (желімнің көмегімен) «Ғаламшарға»  қолайлы жерге орналастыр.

Сонымен, сендердің ғаламшарларың өмірге толы. Бұл керемет!

     «Мүсін» жаттығу.

Жүргізуші:Біздің уақытымыз аяқталып келеді. Мен сендерге ойын ұсынамын, оның ережесін түсіндіру оңай емес. Бірақ мен сендерге оны қалай ойнау керектігін түсіндіремін. Әрқайсыларың қолдарыңа қалам немесе қарындаш алыңдар...

  Сендердің бірің ойынды бастайсыңдар: ол қаламды сыныптың ортасына еденге қояды. Екіншісі өзінің қаламын, алдыңғы қаламға түйісіп тұратындай етіп қояды. Үшінші қалам немесе қарындаш алдында қойылған біреуімен түйістіріледі. Ойын осылайша барлық қаламдар немесе қарындаштар қойылып болғанға дейін жалғасады.

Үлкен рахмет, маған жақсы көмектестіңдер. Енді маған ойынның мәнісін түсіндіру оңай болады. Ал енді қазір біз қалам және қарындаштарды алып тастаймыз, олардың орнына өздерің тұрасындар, сендер нәтижесінде мүсін пайда болатындай етіп тұруларың қажет. Оның өзіңде сендер топтың тым болмаса біреуіне жанасатындай тұруларың қажет (алақандарыңмен, иықтарыңмен, тізелеріңмен ...)

Жаңа ғана болған көріністі құрып, орындарыңа қайта тұрыңдар.

Сабақ аяқталады. Жүргізуші балалардың осы кездесу бойында бір-бірлеріңе, ересек біздерге ашылғандарын айтады.

Біздің кездесуіміз кезінде сізді не толғандырды ?
Не ұнады, не ұнамады ?
Не қуантты, не ренжітті ?
Не сүйкімді болды, не сүйкімсіз болды

 

Сабақтың тақырыбы:   «Кел, бәріміз дос болайық!»

Сабақты өткізген: мектеп психологі: Салыкова Т. Т.

Сабақтын мақсатты: Оқушыларды бір бірімен достастыру, әр оқушының жақсы қасиеттерің көрсету, өзін өзі бағалау қасиеттерін дамыту

Сабақты өткізу әдістері: тренинг, жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, Жаттығу «Сезіміңді көрсет».

Жүргізуші: жазылған сезімді көрсетіңдер.

Топ сезімді көрсетеді, қалғандары табуға тырысады.

 Балаларды тапсырмаларды орындағандары үшін мақтау қажет.

Ал енді сыныпқа келгенде, достарыңмен араласқанда сендерде қандай сезім жиі болағандығын естеріңе түсіріңдерші.

Олардың қайсысын біздің ғаламшарымыздың мұхиттары мен теңіздері деп атайсыңдар.

Топтар кеңеседі, сезімдердің аттарын есте сақтап сызып белгілейді.

Содан кейін әрбір топтан бір адамнан шығып, ғаламшарға жазады.

Біз егер оған өзіміздің құндылықтарымызды, шеберліктерімізді, қабілеттерімізді жазсақ, бұл сурет толық қанды болады.

Бұлар аралдар деп есептейік.

Аралдардың макеттерінде әрбір оқушы өзінің ең жақсы шеберліктерін, қабілеттерін, сыныпқа сыйлай алатын сыйлықтарын жазулары керек.

Команданың қатысушылары әр қайсысына көмектесулері, оның жақсы жақтарын естеріне түсірулері керек.

Содан кейін құрлыққа  жүргізушінің түсініктемелерімен және мақтауларымен желімделінеді.

«Мейірімді сөздер» ойыны.

Жүргізуші:Сендер бүгін қызықты көп нәрсені білдіңдер деп ойлаймын. Балалар да үлкендерде өздерің мақтағанды ұнатады.

Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.

Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды.

Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіңе қарап тұрып «Түсімде емес, өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын.

«Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.

Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.

 

Мақсатқа жетуді бағыттау тренингі

 Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.

Жүргізілу уақыты – 1 сағат

Үш бөлімнен тұрады:

1.     Танысу, күйзелісін түсіру (жаттығулар – «Есімдер», «Жетістік қаланың тұрғындары»).

2.     Жетістікке бағдарлау («Жетістік» қаласындағы жаңбыр, «Жетістік» қаласындағы атомдар мен     молекулалар, «Жетістік» қаласындағы пікірталастар, «Жетістік» қаласындағы «Ааааа және Иииии» көңілді жаттығулары.)

3.     Қорытынды   («Сілкіп тастау» ойыны, «Баспалдақ» ойыны)

І Танысу:

«Есімдер» жатығуы

     Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.

    Уақыты: 5 мин

   Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?

(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)

      Кіріспе сөз

    «Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын.

Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».

Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.

 дай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы.

 «Жетістік қаланың тұрғындары» жаттығу (5 мин.)

     Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.

     Уақыты: 3 минут

     Нұсқау:    Біздің «Жетістік» қаламызда да сондай сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.

Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:

-         бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –

-         екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,

-    үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».

    Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?

Сабақтың тақырыбы:«Жаман әдеттерге «жоқ» деп айтамыз!»

Сабақтың мақсаттары: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, шылым, нашаның адам баласын аздыратынын одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.

 Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: жарыс -сабақ

Сабақтың барысы:  Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

 Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай?

     Дүниежүзілік денсаусаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік- саулықтың толық мәнді теңдігі»

  Отамызыдың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарында.

Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз- « Жаман әдеттерге «жоқ» деп айтамыз!» деп аталады.

Жарыс бағдарламасы:
1 танысыру
2 қабырға газеттерің қорғау
3 оқушы шығармашылығы
4 мақал- мәтел сайысы
5 ситуациялық жағдайлар

«Таныстыру» кезіңде екі топ аттарын, ұрандарын таныстырады.

     Ал екінші кезеңде әр топ өздерінің шығарған газеттермен таныстырып, қандай мақсатта салғандарын айтып өтеді.

     Жарысымыздың үшінші кезеңі жас ақын деп аталсын, оқушыларымызыдың шығармаларын тыңдайық.

     Төртінші кезеңі жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп ата- бабаларымыз айтып кеткендейатадан қалған асыл сөздер мен мақал- мәтелдерден жарыс өткізілді.

1 Денсаулық – зор байлық
2 ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады
3 Жан ауырса, тән азады
4 тәні саудың- жаны сау
5 Тәуіптің жақсысы- ауруға ауру қоспағаны
6 Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті
7 Ауруын жасырған өледі
8 Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы
9 Денің сау болса, жарламын деме
10 Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі
11 Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ

 

Ситуациялық жағдайлар:

1 Егер сенің досын шылым шексе, сен ол туралы біреуге айтасын ба ата- анасына, сынып жетекшісіне ?

2 Егер саған достарың айтса –«жүр бізбен, шылым шегеміз».Сенің жауабын қандай болады ?

3 Сенің досын көшеде сыра ішіп келе жатса, сенің іс- әрекетің қандай болады?

4 Дүкенде сатушы 7 сыныпта оқитың оқушыға шылым сатса, ол дұрыс па?

Осы жағдайда кім қателік жасап отыр?

 

Сабақтың қорытындысы: балаларға  «Өзінді сақта» деген фильм көрсету.

Суреттер сайысын өткізу.

Балаларға сұрақтар қою: ең негізгі байлығымыз не? Денсаулықты біз қалай сақтаймыз? Шылым шегудің ағзаға әсері қандай ?  Жасөспірімдерінің ағзаларына ішімдіктің, шылым шегудің әсері қандай?

 

 

 

« Қиын жағдайлардын шешу жолдарын табу» - дөңгелек үстел

    8 - 9 а сыныптарға арналған дөнгелек үстел өткізілді. Мақсаттары: оқушыларды әр түрлі қоғамда болатын жағдайыларынан шешу жолдарын табуға үйрету, осы шара тренингтер, жаттығулар, сұрақ-жауаптар түріне өткізілді, оқушылармен бірге әртүрлі өмірдегі қиын мәселелердің шешу жолдарын табуға тырыстық.

Тренинг: «Мен осындаймын»

Мақсаты: Оқушылардың өзін өзі бағалау қасиеттерін жоғарлату

Оқушылар тұрып, 2 шеңбер түзеді ішкі және сыртқы шеңбер, әр бала қарама- қарсы тұрған балаға өзінің жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай керісінше, рөлдері ауысады, сосын шеңберге отырып талдау жасаймыз, бір- бірімізге мінездеме береміз

Тренинг: « Кірпі»

Мақсаты: оқушыларды біреудің қателіктерін кешіруге  үйрету.

Бір оқушы кірпі болады, рөл кезек-кезек ауысып тұрады, барлық оқушылар ренжулі отырған кірпіге  жылы сөздер айтып, кешірім сұрайды, кірпінің мақсаты тыңдап, өз сезімдерін айту.

Сыныптарда балалар арасында  жиі кездесетін жағдайлар: бәсекелестік, түсінбеушілік. Нәтижесінде конфликті жағдайлар болып тұрады.

   Коррекциялық  жұмыс ретінде балалар арасында достастық пен ынтымақтастық тудыру үшін мен  келесі жаттығуларды өткіземін:

Жаттығу: «саусақтар»

Мақсаты: қатысушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әркім қолдарын жұмып отырады, жүргізүшінің бұйрығымен бәрі саусақтарын «ашады» Топтың қатысушылары бір- біріне қарамай, бір ғана саусағын көрсетуге тырысу керек.

 Қатысушылар бір- бірімен келісүге, «заңсыз» әдістермен өз әрекеттерін үйлестірүге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді.

Талдау: Осы тапсырма несімен ұнады ? Несі ұнамады ?Тапсырманы орындау оңай болды ма ? Қандай қиындықтарға кезектіңіз?

Жаттығу: « Дәліз»
Мақсаты: топта нағыз сенімділік орнату.

1 Осы жаттығуды орындау барысында ойыншылардың біреуі өзгелеріне қаншылықты сенетінің тексереді.Топта нағыз сенімділік орнықпан кезде жаттығуды қолданып, сабақ барысында өткізген жөн. Ойыншы кез келген жағдайда, басқалары үнемі қасында екенін және ол құлауды бастаған кезде оны ұстап алатынын білу керек.

Талдау: Құлауды бастауға өзімді мәжбүр ету жеңіл болды ма?
             Тым ауыр болып көрінемін бе деп қорықтым ба?
             Топ көңіл аудармайды деп қорықтым ба?

   

 

Жаттығу: «Жанасу арқылы білу»

Мақсатты: Өзара жақындасудың дамуына ықпал ету, сыныптасының бағалауына әсер ету.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Ортада бос орындық тұр.

Жүргізүші: «Ойыншының біреуі шеңбердің ортасына шығады да, орындыққа отырады және көзін жұмып, алақанын жоғары қаратып қолын тізесіне қояды» Бәріміз кез-келген ретпен оған жақындаймыз да, өзіміздің қолымызды оның алақанына қоямыз.

 Орындықта отырған ойыншы кімнің қолы екенің табу керек. Егер дұрыс айтса, онда мен «иә» деймін, ал егер қателессе онда «жоқ» деймін. Естеріңізге саламын, біз өз еркімізше қолымызды ортадағы ойыншының  алақанына қоямыз және біреу бірнеше рет қолын немесе тіпті бір де бір рет жоламауы да мүмкін»

Талдау: жанасқан кім және қалай сезілді ? Кім қалай тапты?

 

№ 40 ЖОМ ММ психологі Салыкова Т.Т

 

«Мен- жеке тұлға»сабағы

    Биыл 2 «А»  гимназия сыныбына «Мен- жеке тұлға» деген сабақ кіргізілді. Сабақтың мақсаттары: оқушылардың коммуникативті қасиеттерін, ойлаудың қасиеттерін  жаттығулар, тренингтер арқылы жоғарлату, балалардың құзіреттілігін дамыту, қоғамда өз орнын  табуға үйрету. Сабақта арттерапия элементтері, музыкатерапия  пайдаланылады. Балалар топпен, жұппен жұмыс істейді,сабаққа өте белсенді қатынасып, қуанышпен келеді.

        Коммуникативті қасиеттерін  жоғарлату үшін «Көпір» тренингі

 

Жұппен жұмыс, оқушыларды достастыру үшін «комплимент айту» жаттығуы

 

Сабақта арттерапия элементтерін пайдалану  кезі

 

 

Бір-біріне  деген сенімділікті арттыруға арналған «сенімділік сыйлаймын»

тренингі.

№ 40 ЖОМ ММ психологі  Салыкова Т Т