Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналар назарына

АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР НАЗАРЫНА

     Мектеп бітірушілер үшін сапалы білім алу маңызды болып табылады, алайда қалаған оқуға түсуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Бұл отбасындағы қаржы жағдайына да байланысты болуы мүмкін.

Бүгінгі күні студенттердің қалаған мамандығы бойынша Қаржы орталығының кепілі арқылы білім беру несиесін алуға мүмкіндіктері бар.

Білім беру несиесі 9%-дан және АЛЬЯНС БАНКІ, ХАЛЫҚ БАНКІ, БТА БАНКІ және РЕСЕЙ ЖИНАҚТАУ БАНКІ арқылы 17 жылға дейін беріледі.

 

     Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының сақтық шараларын сақтау туралы

ЖАДНАМА

Құрметті ата-аналар және мектеп оқушылары!

 

Қысқы демалыс кезінде 30 желтоқсан - 8 қаңтар аралығында қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

-     жолдың жүргінші бөлігінде өте сақ болыңыз, жол жүру ережелерін сақтаңыз.

-  қоғамдық көлікке мінгенде немесе түскен кезде, аялдамаларда  өте сақ болыңыз.

-     жер көк тайғақ болса, жылдам жүрмеңіз, жаяу жүргіншілерді қуып жетпеңіз.

-  мұз айдындарда, сырғанақ басында абай болыңыз, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

-     ойын ережелерін сақтаңыз, қаршық ойыны кезінде оның бетіңіз бен басыңызға тиюінен қорғаныңыз.

-      ғимарат бойымен жүрмеңіз - қардың немесе сүңгілердің құлауы мүмкін.

-      су қоймалары маңында жүрсеңіз, мұз бетіне шықпаңыз. (мұз жарылып кетуі мүмкін)

-      бенгал оттары, отшашулар, майшамдар, мақта және басқа да тез жанғыш заттар үлкендердің рұқсатымен арнайы бекітілген жерде ғана қолданылсын.

-      үйден қыдыруға шыға қалсаң, ата-анаңды үнемі хабардар етіп отыр.

-      үлкендерсіз кешкі сағат 21.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды.

Құрметті ата-аналар!

   Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар және қысқы демалыс кезінде балаларыңызды қатаң бақылауға алыңыздар!

 

Мектеп әкімшілігі

 

«5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ» 

       Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.

      Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.

      Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар  жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

      Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.

Баламен  мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:

       Өзіңіздің қызығушылық сұрақтарыңызды «Сенің мектептегі күнің қалай өтті?» деген қарапайым сұрақтармен шектемеңіз. Әр жұма сайын балаңызбен мектеп жайлы әңгімелесіңіз. Балаңыз айтқан әр есімді, болған оқиғаларды есте сақтаңыз. Бұл есімдерді балаңызбен мектеп жайында әңгілемелескеде қолданасыз. Сонымен қатар балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз.

    Сынып жетекшімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста болыңыз. Сынып жетекшімен өз балаңыздың тәртібі, үлгерімі, сыныптастарымен қарым-қатынасы жайлы сұраңыз. Қажет болмаған жағдайдың өзінде сынып жетекшімен кемінде бір айда бір рет кездесіп отырыңыз. Сынып жетекшімен әңгімелесу барысында балаңыздың оқуы үшін барлық жағдай жасайтыныңызды айтыңыз. Егер сынып жетекшімен келіспейтін жағдайда мәселені ұрыссыз шешуге тырысыңыз.

      Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің  жазалау немесе мақтау  жүйесі есебінде қолданбаңыз.

      Сіздің балаңыз үлгерімі үшін алған жақсы бағаны  мақтау ретінде, нашар бағаны жаза ретінде есептеуі тиіс. Егер балаңыздың үлгерімі жақсы болса, өзіңіздің қуанышыңызды көрсетіңіз, кейде бұл үшін кішігірім мерекелер де ұйымдастыруға болады. Бірақта өзіңіздің қамқорлығыңызды мектепте барлығы ойдағыдай болмаған жағдай да көрсетіңіз. Ата-ана үшін баға емес, баланың алған білімі маңызды екенін түсіндіріңіз. Сондықтан да балаңызға білімнің қашан және не үшін керек екендігін түсіндіріңіз.

     Балаңыз оқитын мектептің ерекшеліктері мен бағдарламасын білгеніңіз жөн.

     Балаңыздың мектептегі өмірін, жақсы жағдайда жақсы білім алып отырғанына көз жеткізіңіз. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысыңыз. Сонымен қатар мектеп ережесінмен толық танысыңыз.

     Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз.

     Балаңызбен мектепте үйге берілген тапсырманы орындау үшін арнайы уақытты белгілеңіз де, сол уақыттың әркез орындалуын қадағалаңыз. Бұл оқуға деген жақсы әдеттің қалыптасуына көмектеседі. Берілген тапсырмаларға қызығушылық танытып, осы тапсырманың орындау үшін барлық жағдайдың жасалғандығы туралы көз жеткізіңіз. Егер балаңыз үй тапсырмасын орындауда сізден көмек сұраса, шешімін өзіңіз тауып бермей, жауапты табуға түрткі болатын сауалдарды қойып көмектесіңіз.  

      Балаңыздың орта буынға көшуіне байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып,  жанұяңызда қалыпты атмосфераны орнатуға тырысыңыз.

      Мектептегі алғашқы айлар, әр жыл сайынғы оқу жылының аяқталуы, бастауыш сыныптан орта буынға ауысуы мектеп жасындағы оқушыға стресс болып табылады. Осы құбылыстар барысында жанұяңызда жағымды атмосфераны сақтап, күрт өзгерістерден сақ болыңыз. Жанұядағы жайлылық балаңыздың мектептік шақта болатын қиындықтарды шешуге көмегін береді.

     Балаңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, тамақтануына баса назар аударыңыз.

       Қозғалысты аз жасау, таза ауада аз демалу баланың физиологиялық дамуына әсерін береді. Қозғалыс жаттығулары мен ой еңбегін алмастырып отыруға жағдай жасаңыз.

      Үй тапсырмасын орындауда дұрыс отыруына, жарықтың дұрыс  түсуіне баса көңіл бөліңіз. Жақыннан көруді, түзу отыруын бақылап, түзетіп отырыңыз. Баланың тамақ мәзіріне жеміс-жидектерді міндетті түрде енгізіңіз. Дұрыс тамақтануын ұйымдастырыңыз.

 

Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологтың ұсынысы

1.  Жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз.

2.  Шыдамды болыңыз. Баланың  жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз.

3.  Жағымдылықты қолдаңыз. Баланы  қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстаса қандай жақсы Өзіңіз емес, балаңыздың  жасағысы келетін істерге  көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол бересіз.

4.  Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз.

5. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.

6.      Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз.

7.   Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз.

8.   Бала бойында  сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».

9.    Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.

10.  Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.

11.  Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!

 

Ата-аналарға психологиялық кеңес

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

  • Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?
  • - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
  • - Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

 

Күн тәртібі:

  • * күнді үш бөлікке бөл;
  • * Тестке күніне 8-сағат дайындық;
  • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
  • * 8-сағаттан кем ұйықтама;
  • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
      Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

  • 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.
  • 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.
  • 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.
  • 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз,  керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.
  • 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.
  • 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.
  • 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

  • 1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.
  • 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық  жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
  • 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

  • 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және  мүлдем тамақтабауғада болмайды.
  • 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
  • 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

       Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау,  ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

  • 1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
  • 2. Есте сақтаудың төмендеуі
  • 3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
  • 4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
  • 5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
  • 6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
  • 7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
  • 8.  Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
  • 9. Жүрек айну, іш ауру

                                    Сәттілік тілеймін!

 

 

Ата-  аналармен жұмыс

  Мақсаты:  ата-ана мен бала, мектеп арасындағы қарым-қатынасты орнықтыруды., әлеметтеннуіне үлес қосып отыр

.  Тәуелсіздікке  орай    2 «А» гимназия сыныбында жексенбі күні  2011ж  4 желтоқсанда   сынып жетекшісі Алимхан Серікгүл   спорттық      шарасын  ұйымдастырды  «Мен және  менің отбасым».

Осы шараға  16 ата - ана қатысты.

Әр ата –ана  өз номинация бойынша  грамоталармен марапатталды.

Мысалы:  Әдепбай  және Вахиттовтар отбасылары «Тату отбасы» деген номинацияға ие болды

Жюри ретінде :  оқу ісі меңгерушісі Кожахметова А

 және оқу-тәрбие меңгерушісі Ма Г.М  қатысты