«Мен – Патриотпын»отансүйгіштікке тәрбиелеу
Мақсаты: Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың ерлігі рухында оқушылар бойында азаматтылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу, өз мемлекетінің тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Ауғанстан елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жылына орай Павлодар облысының білім Басқармасының дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшісі Әленов Тимур Мұсабекұлы біздің мектепті бірінші дәрижелі дипломмен марапаттады.
25 жыл болады. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шығарылғаны тарихтан белгілі.
ауылымыздың ауған соғысы жауынгерлері, Павлодар облысы білім Басқармасының дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшісі Әленов Тимур Мұсабекұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Тасыбаев Назымбек Жәпішұлы, Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі Басқарма бастығы Олег Владимирович Николашин, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі, Павлодар және Ақтоғай аудандарының алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты.
сынып сағаты өткізілді.
Мектебімізде «Зарница» әскери-спорттық ойынын өткізу әстүрге айналған. Ойын ерекше болды, себебі шараға № 13 ЖОМ, № 30 ЖОМ,№ 35 ЖОМ
атты ән сайысы өткізілді Біздің мектептен 6 «В» сыныптың оқушылары Дунаев Миша мен Камзин Тимур 9 «г» сыныптың оқушысы Толегенов Адиль сайысқа қатысып «Сәлем, анашым» деген ән орындады.
«Жас ұлан»Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау Қазақстанның тәуілсіздік күніне арналып өтті. Мектептегі 40 ең үздік оқушы, ғылыми жобаларға қатысқан, қалалық, метеп ішілік олимпиадаларға қатысқан оқушылар тандалды
Жыл сайын мектепте Зарница
әскери патриоттық ойыны өткізіледі,биыл «Зарница» Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне арналып өткізілді. Қаладағы мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімдер қонақ ретінде осы ойынға қатысты. Ойынға 7,8,9 сынып оқушылары қатысқан, жалпы алғанда қатысқаны-50 бала, барлық оқушылар екі топқа бөлінді «қызыл» және «көк», сайыс осы екі топ арасында өткізілінді, ұйымдастырушылар 10,11 сынып оқушылары, сайыста «қызыл»тобы женімпаз болып шықты.



2013 жылғы 20-24 мамыр аралығында мектебіміздің 10 сынып оқушылары «Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде» оқу-жаттығу жиындарынан өтті.
Оқу-жаттығу жиынына 10 сыныптың 4 оқушысы қатысты. Бозбалалар төзімділік таныта отыра, практикалық сабақтардан өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша 10 сынып оқушылары Янбулатов Филипп пен Елқуатов Ерниязбек грамоталармен марапатталды.
Отан дегеніміз – кіндік қанымыз тамған жер, айналамызды қоршаған шалқар көлдер, ну ормандар, егіс алқаптары. Адам баласына ерекше жылылық ұялататын туған өлкемізді кіші отанымыз деп айтсақ та болады
кешуде. Нақтылап айтсақ, ауылымыздың 5858 тұрғынының құрамында 32 ұлт өкілдері бар. Мамыр айының шуақты күнінде мектебімізде
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреміз» атты шара өткізілді. 5-7 сынып оқушылары Қазақстан халықтарының ән-билерін орындады, салт-дәстүрлерін көрсетті. 7 «Б» сынып оқушылары қытай
халқының шай ішу дәстүрімен таныстырып өтті.
Жарқын болашаққа бастаған біздің Президент
«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалықққа айналды.Ел болып, еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып, дамыған елдер қатарынан көріндік, көсегемізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныттық. Осының мәні - Керей мен Жәнібек бастаған сара да дара жолды, елді бір тудың астында ұстай білген білгір саясатын Елбасымыздың,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, асқан көрегенділікпен жалғай білуінде десем, артық айтқаным емес.
Елбасы деген кім? Елбасы дегеніміз – туған халқына, жеріне деген жауапкершілікті өз мойнына алған, ел ішіндегі тепе – теңдікті сақтаушы, халық өміріне тиімді деген бастамаларды бастайтын және елді бір жүйеге бағындыратын адам. Менің президентім бүгінге дейін өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындады. Бұл дәстүр әрі қарай жалғасатынына кәміл сенемін. Менің елбасым мөп – мөлдір таза суға ұқсайды: ішсең, шөлің қанады; қарасаң, көзің тояды әрі сол судан дидарыңды көре аласың. Бұл нені білдіреді? Бұл президенттің өзгеге үлгі болар асыл қасиеттерін,халқына деген кіршіксіз таза пәк махабббатын аңғартады. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді» дейді арғы аталарым. Көш басындағы елбасының асыл қасиеттеріне, ел билеудегі небір дана ойларына қарап, ел болашағының жарқын болатынына, жас ұрпақтың қисық емес, түзу ағаш болып өсетініне сенімім мол.
Адам баласы тәуелсіз, еркін, дербес өмір сүргенде ғана жан рахатына бөленеді. Елбасы сол рахатты халқына сыйлай білді. Соның арқасында біз бүгінгі күнде тәтті шәрбәттің(тәуелсіздіктің) дәмін татудамыз.
Елбасының жүргізген саясаты мен ел өміріне арналған бастамалары арқылы жарқын болашақтың есігін айқара аштық. Елбасы назарынан ештеңеде тыс қалмады. Тіпті қандас бауырларымыздың өзі президенттің арқасында Отанына, Қазақстанға, оралуға мүмкіндік алды. Өзінікін қойып, өзге ұлттың баласын емірене бауырына басқан қазақ елінің жан жылуы, президенттің сындарлы саясаты, елі үшін жасаған батыл қадамдары қандас ұландарын еліне шақырды. Қазіргі күні еліне оралған оралман бауырларымыз туған жердің жұпар ауасымен тыныстап, бақытты ғұмыр кешуде.
Өзім де жас болғандықтан, басшымыздың жастарға арналған бастамаларын түбегейлі қолдаймын. «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» жобасы және тағы да басқа сан алуан істері жастар өмірін түбегейлі өзгертіп, болашаққа нық қадамдар жасауына септігін тигізді. Осы арқылы мен өзіме,жастарға, деген қамқорлықты сезінемін. «Жастарға қамқорлық – ел болашағына деген қамқорлық».
Еліміздегі қалыптасқан ұлыстардың арасындағы береке мен бірлік, сыйластық, достық қарым – қатынастың орын тебуі,қазақ жұртының руға, жүзге бөлінбей, тәуелсіздіктің нұрлы шапағымен бойындағы адамгершілік деген дегдар сезімін өмірлік жарық жұлдыз етіп тұтынуы президентімнің сындарлы саясатының арқасы екені хақ.
Үлкен сарайды жарықтандыру үшін,алдымен жан – жақты жетілдірілген электр желісін орнату керек. Алайда сарайды жарықтандыру үшін қарапайым ғана тетікті басу керек. Елбасы сол тетікті дөп басты, жүрегімізге шамшырақ орнатты. Сондықтан елбасыма деген құрметім шексіз. Елбасының ел билеудегі үлгілі әрі өнегелі істері маған ерекше әсер ететіні соншалық – менің де саясатқа араласып, ел сүйетін, қадірлейтін басшы болғым келеді.
№ 40 ЖОМ бойынша Тұңғыш Президент Күніне арналған
шаралар жоспары
|
№ |
Шаралар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
«Астана жәнеПрезидент» шығармалар сайысы 8-11 сыныптар |
01- 15.11 |
Қазақ тілі мен орыс тілі ӘБ |
|
2 |
«Біздің Елбасы» шығармалар сайысы 3-7 сыныптар |
01-15.11 |
Бастауыш сыныптар ӘБ
|
|
3 |
«Менің Қазақстаным» сурет сайысы 1-7 сыныптар |
01- 07.11 |
ДОТО, Бейнелеу өнері мұғалімі |
|
4 |
Президент туралы фильм көру1-11 сыныптар |
08.11 2012 |
ДОТІО, сынып жетекшілері |
|
5 |
«Н.Ә.Назарбаев- еліміздің тұңғыш Президенті»сынып сағаты 5-7сыныптар «Олимпиада 2012 – елімнің мақтанышы» 8-11 сыныптар «Мен өз елімнің патриотымын» 1-4 сыныптар |
15.11.2012 |
ДОТІО, сынып жетекшілері |
|
6 |
«Н.Ә.Назарбаев –біздің көшбасшымыз»кітап көрмесін ресімдеу |
01- 09.11 |
ДОТІО, кітапханашылар |
|
7 |
«Президенттікэстафета» спорт сайысы 8-10 сыныптар |
12 -17.11 |
ДОТІО, дене шынықтыру ӘБ |
|
8 |
«Болашаққа ел президентімен бірге»аттыдөңгелек үстел9сыныптар |
23.11.2012 |
ДОТІО, тарих және география ӘБ |
|
9 |
«Жас Ұлан»және «Жас қыран» қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау |
27.11.2012 |
ДОТІО, аға вожатый
|
|
10 |
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жиын |
30.11.2012 |
ДОТІО, сынып жетекшілері |
|
11 |
ҚР Тұңғыш Президенті кабинетін ресімдеу және тұсаукесері |
24.12.2012 |
Тарих және география Әб, кітапханашылар |
