Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 43
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 216
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА, ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ҮШІН ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ "МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫНАН КӨШІР

ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫНАН КӨШІРМЕ

. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде-қолхат алу үшін бес жұмыс күні;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:

Күндізгі және кешкі оқу түріне-30 тамыздан кешіктірмей;

Бірінші сыныпқа - 1 сәуірден 31 тамызға дейін

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және оқу жылының басына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

7. Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өзге өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құжаттамасында тіркелген"(бұдан әрі - № 052/2у нысан) дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды № 052/2у нысан.
  4. Көлемі 3х4 см 2 дана фотосуреттер;
  5. Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса).

Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

  1. Шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  2. Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  3. Босқын-босқын куәлігі;
  4. Пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;
  5. Оралман – оралманның жеке куәлігі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Порталға:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
  2. Егер оның туған күні 2008 жылға дейін болса, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
  3. Дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытындының электрондық көшірмесі, № 086/е нысан.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см мөлшеріндегі сандық фотосуреті;
  5. Электрондық көшірмесі педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (егер бала 2008 жылдан кейін туған болса) деректері туралы мәліметтерді "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ – мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.