12 қаңтарда америкалық жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл толды. Тағдыры күрделі болған бұл тұлға өмірінде жұмысшы, матрос, алтын іздеуші болып та үлгерген.
22 қаңтарда 7 «В» және 7 «Г» сынып оқушыларына арналған «Романтик белых снегов» атты әдеби саяхат өткізілді. Іс-шараға қатысушылар Джек Лондонның шығармашылық әлеміне еніп, оның ең танымал туындыларын – «Белык клык», «Зов предков», «Морской волк», «Мартин Иден» шығармаларын еске алды. Бұл кітаптар жай ғана қызықты оқиғалар емес, олар – өмірдің мәні, тіршілік үшін күрес, рух күші және адамды адам ететін қасиеттер туралы терең ой-толғамдар.
Шара барысында Лондонға әлемдік даңқ әкелген «солтүстік» әңгімелеріне ерекше назар аударылды. Бұл шығармаларында жазушы Алясканың қатал да сұлу табиғатын, ұшы-қиыры жоқ ақ қарлы кеңістікті, адамның жабайы табиғатпен және өз-өзімен күресін бейнелейді. Дәл осы туындылар Джек Лондонға «ақ қардың романтигі» деген атақ әперді.
#балаларкітапханасы
