14 ақпан — кітапсүйер қауым үшін тамаша күн — Халықаралық кітап сыйлау күні. Кітап сыйлау — игі дәстүр. Әсіресе бүгінгі таңда балалар мен ересектердің кітап оқуға деген қызығушылығы төмендеп жатқан кезде бұл дәстүрді сақтау аса маңызды. Себебі кітап оқу ұлтты бәсекеге қабілетті, ал елді өркендеген етеді.
Кітап сыйлау күні қарсаңында мектеп кітапханасы 3 «А» сынып оқырмандарын мерекелік шараға шақырды. Бұл сынып кездейсоқ таңдалған жоқ: өткен оқу жылында ол мектеп кітапханасы тарапынан мектептегі ең көп кітап оқитын сынып ретінде танылған болатын. Ағымдағы оқу жылы осы сынып оқырмандары 211 кітап оқыды, 21 оқушы мектеп кітапханасының тұрақты оқырманы болып табылады.Бұл жолы мектеп кітапханасы да сый беруші ретінде қатысты: ең белсенді оқырмандар мен «Кітапты кітапханаға сыйла» акциясының қатысушыларына кітаптар, грамоталар және тәтті сыйлықтар табысталды.
Кітап сыйлаңыздар! Кітап оқыңыздар!
