Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2019-2020 оқу жылындағы 1-сыныпқа қабылдайтын мұғалімдер

Ата-аналардың назарына!!

2019-2020 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдайтын мұғалімдер:

 

Шакаргалиева Торгын Кондыбаевна

      Шығармашыл, мақсатына талпынушы педагог. Сабақ барысында түрлі инновациондық технологияларды тиімді қолданады. Өздігінен дамуға, кәсіби құзыреттілігін арттыруға талпынады.  «ХХІ ғасыр педагогикасы» халықаралық білім жобасында «ХХІ ғасырдың инновациондық мектебі» жобасында оқудан өткен «Еуразиялық полиэтникалық кеңістіктегі тілдердің қалыптасуы» халықаралық ғылыми-теориялық семинар және «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қасиеттерін дамыту» баяндамасымен «Үздіксіз білім мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық  конференция қатысушысы. Біліктілігін үшінші деңгей бағдарламасы бойынша жаңа форматты курста арттырды. Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша бақылау жұмыстар жинағының авторлар құрамында. «Бақылау үзіктерін құру» және «Оқытудың жаңа түрлері» қалалық шығармашылық топ құрамында жұмыс жасайды. Жұмыс тәжірибесін қалалық тамыз педагогикалық конференциясында, «Бағалау түрлерін сабақтарда тиімді пайдалану» тақырыбы бойынша қала мұғалімдеріне арналған семинарда ұсынды. Халықаралық «Кенгуру» ойын-конкурсының жүлдегерін, 3-ші сыныпта қазақ тілі бойынша қалалық олимпиада жеңімпазын  және қалалық «ІІІ Абай оқуларының» жүлдегерін дайындады. 

Шығармашылығы мен нәтижелігі әріптестерінің арасында жоғары бағаланады.

 

Мукатаева Алия Науановна

Шығармашыл тұлға. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда инновациондық технологияларды ұтымды қолдана біледі.              2016 жылы «Пони» халықаралық турниріне оқушыларды дайындағаны үшін «Перспектива» білім орталығының алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Инфосабақ», «Сабақтар жинағы» халықаралық сайттарында дүниетану бойынша «Отбасы мүшелері және олардың міндеттері» ашық сабақ, «Қош бол, сүйікті әліппе» ертеңгілігінің авторы. 2015 жылы «Инфосабақ» жобасында персоналды сайтын құрды. Математика бойынша 2, 4-ші сыныптарға арналған тақырыптық бақылау үшін тестілеу материалдарын дайындады.      

Сыныптың алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру оқудағы жоғары нәтижелерге әкеледі. Оқушылары  «Пони» халықаралық турнир және «Кенгуру - математика барлығы үшін» халықаралық интеллектуалды конкурсының қатысушылары.

Орындаушылық қасиеті жоғары, өзіне және оқушыларға талапшыл. Әріптестері, оқушылар мен ата-аналар арасында жоғары беделге ие.

 Алимбаева Раушан Иманбековна

Тәжірибелі, кәсіби құзыреттілігі жоғары ұстаз, инновациондық технологияларды тиімді қолданады, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістерін меңгерген.

Өздігінен дамуға, кәсіби құзыреттілігін арттыруға талпынады.  2016 жылы жұмыс тәжірибесін «Жоғары педагогикалық мектептегі инновациондық білім институонализациясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда және қалалық тамыз педагогикалық оқуларында «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту» мақаласымен ұсынды. 2015 жылы«Ұлағатты ұстаз» VIII республикалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен, «Сабақ" номинациясында аталмыш конкурстың жүлдегері. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы.

«Инфосабақ» халықаралық сайтында «Сабақ жоспары. Тасымал. Отан. Ж. Әбдірашев»,  «Ана-өмір шырағы тәрбие сағаты» әдістемелік басылымдардың авторы.

 Жыл сайын«Пони» халықаралық турниріне о0ушыларын дайындап6 ал5ыс хаттармен марапатталады.  Бастауыш сыныптардағы негізгі ғылымдар бойынша ХІ халықаралық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Дарынды оқушылармен жүйелі түрде жұмыс істейді. Оқушысы бастауыш сыныпта негізгі пәндер бойынша (математика) ХІ халықаралық олимпиадада І дәрежелі диплом иегері. Оқушылары «Пони» халықаралық турнир және «Балалар Жеңісті суреттейді» жалпыресейлік конкурстың қатысушылары.

          Мақсатына талпынысы, еңбекқорлығы, шығармашылығы – педагогтың жұмысының айқын бейнесі. Оқушылар, әріптестер, ата-аналар арасында жоғары бағаланады.