Орталық жылнамасы
- 1947 жылы – облыстық өлкетану мұражайы тұсында алғашқы жас натуралистер үйірмесі ашылды
- 1955 жылы – қалалық пионерлер Үйі тұсында жас натуралистер бөлімі ашылды
- 1956 жылы – жас натуралистер бөлімі қалалық жас натуралистер стансасына айналды
- 1959 жылы – станса негізінде 150 оқушы құрамында 3 үйірме қызмет атқарды: гүл өсірушілік, көкөніс өсірушілік, қоян өсірушілік
- 1962 жылы – қалалық жас натуралистер стансасы облыстық мәртебесіне ие болды
- 1969 жылы – облыстық жас натуралистер стансасына 2 га көлемінде жаңа жер үлесі бөлінді
- 1979-1982 жылдары – облыстық жас натуралистер стансасына жаңа «Табиғат Үйінің» 4-ші қабаты берілді
- 1956-1966 жылдары - облыстық жас натуралистер стансасын Зоя Романовна Музалевская басқарды
- 1966-1972 жылдары ұжымды Светлана Васильевна Аленко басқарды
- 1979-1982 жылдары - облыстық жас натуралистер стансасының директоры Василий Ильич Кошевой болды
- 1984-1987 жылдары - станса жұмысын Уалихан Шаритденович Байгужинов басқарды
- 1987 жылы станса директоры болып Людмила Александровна Новикова - Вольф тағайындалды
- 1992 жылы – стансаға Лесозавод аумағында жаңа ғимарат және жылыжаймен қоса жаңа жер үлесі бөлінді
- 1999 жылы – ОЖНС Балалар-жасөспірімдер экологиялық мектебіне айналды
- 1999 жылы - облыс әкімдігі шешімінің негізінде БЖЭМ Мемлекеттік қазыналық коммуналық кәсіпорны мәртебесіне ие болды (МҚКК)
- 2007 жылы – қосымша экологиялық тәрбие мен білім беру желісінің кеңеюі және балалар-жасөспірімдер туризмінің кең таралуымен байланысты «Балалар-жасөспірімдер экологиялық мектебі» МҚКК «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК болып қайта аталынды
- 2011 жылы – Павлодар қаласы әкімдігінің шешімі негізінде «СЮТур» балалар аула клубы БЖЭТО МҚКК қарамағына берілді