Гульнара Сулейменовна Ахметова
№5 сәбилер бақшасы
Білімі : жоғары
Санаты: Жоғары, жұмыс өтілі 19ж
Сертификат№ 06068
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы : «Ертегілер елінде»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс –тәсілдері: көрсету, сұрақ –жауап, жаттығулар.
Көрнекілік: тірек-сызбалар, жануарлардың суреттері, с/о: «Сәлеметсіз бе! », «Алақандар», «Аққу-қаздар», жаттығу: «Тірек»,Ритможаттығу: «Гүлдер»
|
Іс-әрекет |
Тәрбиеші әрекеті |
Баланың әрекеті |
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып кезең:
2.Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
Сергіту; ритможаттығу
Қорытындылау
|
1.Шаттық шеңбер: Ойын: «Күлімсіреу» Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік! -Балалар,сендер ертегілерді ұнатасындар ма? -Қандай ертегілер білесіндер? -Өздерің ертегілер еліне барасындар ма? Менің қолымдағы сиқырлы таяқша көмектеседі.
2 орталыққа бөліну, «Өнер», «Әдебиет»
Ертегі айтады. Бір топқа жиналған 10 бала туралы. Ойын: «Сәлеметсіз бе!»
Ойын: «Алақандар»
-Балалар,бір шу естіледі,байқадындар ма? Ол нелер екен?балалар, тығылайық бүл аққу-қаздар екен, өздерімен алып кетеміз дейді,тығылайық. Балалар,мыстан да жақындап қалыпты,қане ол біздерді байқамай қалу үшін гүлдерге айналайық. «Гүлдер»
Балалар,арқашан бір біріне көмектеседі екен,олай болса келесі жаттығуды жасайық, «Тірек»деп аталады. Балалар,бұл елден де қайтатын кез келді,барлықтарын көздеріңді жұмыңдар,сиқырлы таяқша көмектеседі. |
Балалар шеңберде тұрып бір біріне күлімдейді. Балалар бірге қайталайды.
Балалардың жауаптары.
Балалар көздерін жұмады,сиқырлы таяқша арылы ертегіге енеді.
Балалар заттардың белгілері бойынша бөлінеді «Өнер»орталығында балалар дәстүрден тыс сурет салу техникасымен ертегі кейіпкерлерінің бейнесін бояйды.
«Сәлеметсіз бе!»деген сөзді бір бірден айтады,қалған балар дәл солай қайталайды.
1-2 мин үнсіз,қолдарын алға созып,көздерін жұмып жүріп,ұнайтын алақанды іздейді.Кімге қай баланын алақаны ұнағанын атайды.
Үнтаспадан аққу-қаздардын дауысы естіледі,балалар қашып,үйлеріне тығылады.
Балалар.шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады,еңкейіп қолдарын алға созады.Асықпай көтеріліп,қолдарын жоғары созады,артқа шалқаяды,оңға-солға тербеледі.қайта еңкейіп қолдарын төмен түсіреді.
Балалар жұптасып бір-бірінің арқасына сүйеніп тұрады.Бірге отырып,бірге тұрады.
Балалар көздерін жұмады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ертегілердің кейіпкерлерін, ұжыммен жұмыс жасауды;
Игеру керек: антоним сөздерін білу, тауып қолдану;
Меңгеру керек: жаңа сөздерді,бірігіп әрекет етуді;


