Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Сценарий "Тәуелсіздік ел Қазақстан"

Тақырыбы: «Тәуелсіз ел – Қазақстан!»

Мақсат: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік  құндылығын балаларға жеткізу

Кейіпкерлер: Шетелдік қонақтар: Ағылшын, Орыс

Безендіру: Зал іші мерекеге сай безендірілген

Жүрг:

 

 

                                                  Армандарды жақындатып тым алыс,

                                                  Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

                                                  Тәуелсіздік- ел бақыты , ертеңі,

                                                  О, халайық құтты болсын қуаныш.

Құрметті қонақтар! Сіздерді бүгінгі тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!Бүгінгі ертенгілігімізді әнұранмен бастайық

Әң ұран

Жүргізуші:Балалар, бүгінгі біздің тәуелсіздікке арналған мерекеміз ерекше болайын деп тұр,себебі біз басқа ел өкілдеріне шақыру билеттерін жіберіп, өз елімізді, жерімізді білсін деген мақсатпен шақырып отырмыз. ( шақыру билетін көрсетеді)

( Самолеттің дыбысы шығады ) 

Жүргізуші: Бұл не дыбыс, балалар, естідіңдер ме?

Балалар: Ұшақтың!

Би Стюардесса

Жүрг:Міне біздің қонақтарымыз келіп қалыпты! Қане оларды қарсы аламыз!

(музыка ойналады, 2 ұл бала шығып қызыл төсеніш жаяды,

 рейсті хабарлап, қонақтарымызды  күтіп алады)

Абайлаңыздар Лондон - Маскеу – Павлодар бағыты бойынша рейс келіп тоқтады.( дауыс шығады)

Жүрг:Салеметсіздер ме, Қазақстанға қош келдіңіздер!

Шетелдік қонақ: Hello, fanс you

Жүрг:  Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер

(Қонақтар өздерін таныстырады)

Ағылшын қонағы: Менің есімім Джон , мен сіздерге Лондоннан келдім. Мен ағылшындықпын

Орыс қонағы: Менің есімім Игорь, мен сіздерге Мәскеу қаласынан келдім. Ұлтым орыс

(қонақтардың фотосуреттерімен слайд жүреді)

Шетелдің қонақ: Йя йя, біз естідік тәуелсіздік мерекесі туралы. Бірақ несімен ол еркешеленеді?

(кезекпен жауап береді қонақтар)

Жүрг:Осыдан 27 жыл бұрын 16 желтоқсан күні біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Жеке мемлекет болдық. Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Қане, балалар, айтып берейікші.

Балалар : Ту, елтаңба, әнұран!
(Қонақтар  слайд бойынша көргендерін айтады)

Қонақтар: Ал мына күн неге керек оның астына қыздырынасындар ма, аттар неге керек, атқа мініп шабасыңдар ма?( балалар қонақтарға түсіндіреді)

-Жүр: балалар енді қонақтарға өз өнерімізді көрсетейік.

Тақпақтар

                                                           

       Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,                    Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын                

       Таулы орман , жасыл жайлау ,көлім менің                Алдымыздан барлық үміт ақталсын

       Бүгінде бар әлемге даңқың жетті                                Тату-тәтті бірлік болып қашанда

       Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.                                   Бейбіт өмір бар халықпен жалғассын

 

                                                      Ән: Тәуелсіз ел ұраны

Ойын «Асық иіру»

Шарты: Бес бестен тұрады екі топ, Топ басшыларын тағайындау, топ басшысы асық иіреді , бірінші топ,ішік, екінші топ бүк. Бүк түссе бүк тобы бір қадам алға жүреді, ішік түссе ішік тобы алға жүреді солай ойын жалғасады.

Қонақтар : Қандай өнерлі балаларсыңдар,  біз мында Павлодар қаласына бірінші рет келдік. Қандай көрікті жерлері бар?

Жүр:Біздің Қазақстан мемлекетіміз бай, жері өте үлкен, кәне балалар біздің қаламызда қандай көрікті жерлері бар айтайықшы

Слайд( Тәуелсіздік даңғылы, Мешіт, заводтарды көрсету, Ертіс өзені)

Ән Туған жер

Тақпақтар

 Сарқылмайтын қуаныш                           Отан-жақсы орман

 Тірегімсің сен отан                                   Отан өршіл өзен

 Мәңгі соғып тұратын                               Отан – асыл арманың

 Жүрегімсің сен отан                                 Аялаған өз елім

 

 Бақыт тілеп күн талабы                            Отан дейміз кең байтақ астананы

 Тоқталмайды шаттық әні                         Отан дейміз өсірген елімізді                      

 Мәңгі бақи шырқалады                            Отан дейміз туған жер атамекен

 Республика ән ұраны                                Биік тау орман тоғай көлімізді

 

Отанды жас кәріміз де                               Отанды біз атамекен

Туған жер деп сүйеміз                               Деп аялап айтамыз

Өйткені онда бәріміз де                             Өйткені оны мекен еткен        

 Бейбіт өмір сүреміз                                   Бабамыз бен атамыз

 

Екібастұз қаласы

Тәрбиеші: Балалар, қонақтарымызға облысымыздың басқа да қалаларын көрсетейік. Бірақ басқа қалаға бару үшін бізге көлік керек емес пе? Онда балалар біз пойызға отырайық. 

 ( Пойыздың дыбысы шығады,  балалар басқа қалаға  түскендей болады. Шахтер киімде,басында каскасы бар балалар қонақтарды пойыздан қарсы алады.)

 

Жүр: Сәлеметсің бе ,балақай.Біз шетелдік қонағымызға көмірлі қала - Екібастұз қаласын көрсетуге Павлодар қаласынан келдік

                                                     Би: Шахтерлер

 

Шетелдік қонақ:Сонда бұл қалада көмір көп пе?

1 Бала: Қош келдіңіздер! Екібастұз қаласы көмір өндіреді. Ертіс – Қарағанды каналы және Павлодар – Қарағанды авто­жолдары өтеді.

2 Бала: Екібастұз көмір алабы – дүниежүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұндағы қоңыр көмірді жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 жылы жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады.

Слайд (Богатырь, ГРЭС 1 және көрікті жерлерінің фотосуреттері)

Шетелдік қонақ: Екібастұз қаласы қандай керемет көмірге бай қала. Рахмет пайдалы мәлімет бергеніңе.

Бала: Сау болыңыздар. Біздің қалаға келіп тұрыңыздар!

Жүр:Сау бол, балақай, рахмет саған. Ал біз сіздермен облысымыздың киелі жері Баянауылға жол жүреміз. Ендеше жүріңдер автобусқа отырайық.

(Көліктің дыбысы шығады, барлығы Баянауыл ауданына келеді)

Баянауыл

(Басында бөрігі бар, ұлттық киім киген  балалар қонақтарды қарсы алады. )

Жүр:Сәлеметсің бе ,балақай. Біз шетелдік қонағымызға Баянауыл өңірін  көрсетуге Павлодар қаласынан келдік.

1Бала:

 Сәлеметсіздер ме, біздің өңірге қош келдіңіздер!

Слайд (Жасыбай ,көлдердің фото суреттері)

Би: Қазақша

(Келген қонақтардын арасындағы жасы үлкен қариядан бата алынады)

Шетелдік қонақ: Сендердің елді мекендерін көркем, табиғаты өте сұлу, адамдары ақ пейіл . Маған сендерде өте қатты ұнады. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендерге арнап, кішігірім сыйлығым бар. (Сыйлығын табыстайды)

Ән: Жаса Қазақстан

Тәрбиеші: Мерекемізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды! Қош сау болыңыздар!