Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Кішкентай тышқанның саяхаты

мақсат: Ш дыбысын буында және сөзде автоматизациялау.

міндеттер:

1. Ш дыбысын артикуляциялық жаттығуларда жаттықтыру

2. Ш дыбысын буында, сөзде дұрыс айтуға үйрету.

3. Зат есімді жекеше және көпше түрде  жаттықтыру.

       4. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін , ұсақ моториканы дамыту.

Қолданылатын құралдар: Кішкентай тышқанның ойыншығы, саяхатқа баратын  тірек - картасы, жапырақтардың трафаретті суреттері, артында символдары бар заттық суреттер,  «Сатып алынған заттар»  жаттығуға  арналған заттық суреттер, қарындаштар, жеке дәптерлер,

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Логопед.  Бүгін сендер кішкентай тышқанмен кездесесіңдер.Сендердің адаспауларың және  ештеңені ұмытпауларың үшін  тірек - картасын қалдырыпты .Сендер  картаның  басында  нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Үйді.

2. Логопед.   Бұл үйде кішкентай тышқан тұрады.

Тышқан оянды, терезені ашты, сыртқа шықты  «Күрек» жаттығуын жасайды , «Тістерін тазалады»,  «тәтті тосап» жеді (3 рет),  «кесе» шай ішті. Сонан соңойнады «Мақтаға үрлеу» тыныс алу жаттығу.

3. Логопед қарандаршы балалар, үйдің жанында не жатыр? Тышқан құрғақ жапырақтың үстінен жүгірді:   (жапырақтардың сыбдырын салу)

Балалар:  Ш-Ш-Ш дыбысын шығады.

Ойын: «Мен бастайын, сендер аяқтаңдар...»

                        ша....        қала...        аға ...       қарында....

4. Логопед.   Бұл жол қайда бара жатыр?

Әріптерге.  Бізде   осындай  әріптерді  құрастырып  көрейікші.Не шығады?

Балалар: Ша –шо- шу- ши

5. Логопед.  Тірек-картада келесі не?  Бұл қандай ағаш?  Шырша. Шыршада қандай құс отыр? (торғай). Ол қалай шиқылдайды?  ШЫҚ-ШЫҚ-ШЫҚ.

Тақпақ:

Торғай,торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап.

Бөтегесі бұлтыйып,

Шық, шық, деп ол отырмақ.

6.  Тірек-картамыз нені көрсетеді? Алдымызда ағаштар жатыр ,жол салу үшін текқана  Ш  дыбысы бар суреттерді алу керек.

  Машина

  ілгіш

қарындаш

шырша

ойыншық

     шар

Балалар жолда жасырынған суреттерді кездестіреді.

7.Жолмен тышқан бізді дүкенге әкелді. Айтындаршы, ол дүкеннен нені сатып алды?

Бала: Тышқан көп ойыншықтар сатып алды.

Бала: Тышқан көп машиналар сатып алды.

Бала: Тышқан көп шарлар сатып алды.

Бала: Тышқан көп қарындаштар сатып алды.

Логопед:  Жарайсыңдар,бұл тапсырманы өте жақсы орындапсыңдар.Үйге қысқа жолмен қайтамыз.

8.Дәптермен жұмыс. Қарындашпен сызықтарды сызамыз.

9. Міне, тышқанның үйі де.

 Ойын: «Дыбысты тап ».М: Көру, ойлау қабілеттерін дамыту. Фонетикалық түсінігін қалыптастыру.

 Бірінші терезеге  Ш дыбысы сөздің басында, ортасында, сонында бар суреттерін орналастырыңдар.

10.Қорытынды:  

Тышқанмен қоштасайық. Сендер оған көп  көмектестіңдер. Ал сіздерге қандай дыбыс көмектесті?

Балалар: Ш-Ш-Ш