Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс
ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстың бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап оралған Мектеп басшысы Ажар Төкенқызы мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы кезеңі - Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс бітірген мұғалімдер қоғамдастығымен кездесуге дайындық үстінде. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 1-КҮНІ. Мектепішілік "Балбұлақ" қоғамдастығы мен мектеп әкімшілігі бірлескен ауызша бетпе-бет талқылар арқылы сауалнамада мәліметтердің не үшін жиналғандығын қарастырдық. Отырыс барысында оқушы, ата-ана, персонал тарапынан алынған мәліметтер талқыланып, сауалнамаға қатысқан әрбір респондент жауаптарының жалпы мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үдерісінің маңызды элемент екендігіне көз жеткіздік. Сауалнаманың неге алынғанын, онымен әрі қарайғы жұмыс ретін айқындағаннан кейін қоғамдастық мүшелері ұжымға шығу жолдарын қарастырды. 26.04.16 ұжыммен аталмыш мәселені коучинг түрінде зерделеу шешіліп, оның жоспары құрылып, жауапты көшбасшы айқындалды. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 2-КҮНІ. Мектепті дамыту жоспарына негіз болатын мектептің оқу мен оқытудағы бүгінгі хал-ахуалын сараптау бойынша «Балбұлақ» қоғамдастығының мүшесі, ІІ деңгей бағдарламасын тәмамдаған, мектеп басшысының тәлімгерлігіндегі тарих мұғалімі Б.Б.Накупова коучинг-сессия өткізді. Мақсаты: Мектептің педагогикалық...
Оқушылар қаламынан
Тәуелсіз елдің баласымыз бақытты ..... Тәуелсіздік құтты болсын, халайық! Өлең айтып, жырдан шашу шашайық. Егеменді еліміздің төрінде, Масаттанып, ойнап асыр салайық! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Зиявдин Тумара Жасасын қазақ даласы! Бақытты болсын баласы. Елбасымыз аман боп, Көркейсін әр қаласы! Құттықтаймын елімді, Сүйемін туған жерімді! 4 «А» сынып оқушысы Самиева Дильназ Көк аспандай жайдары, Желтоқсанның бұл күні. Тыныштық болып елімде, Жайнасын ту көгімде! 4 «А» сынып оқушысы Жолдыбай Асқар Тәуелсіз елім, Қазақстан! Президентім Нұрсұлтан. 25 жыл мерейтойды тойлаймыз, Азамат боп, ер жетіп, Қазақстанды қорғаймыз! Желбірейді көк байрақ, Таңбасы оның қыран құс. Сүйемін мен елімді, Сүйемін мен жерімді. Елім үшін аянбай, Төгемін мен терімді . 4 «А» сынып оқушысы Кеңес Наурыз Жиырма бес жылдық мерейтойды тойлаймыз, Елімізді жамандықтан қорғаймыз. Әрдайым кішіге ізет көрсетіп, Бабалардың өсиетін тыңдаймыз! 4 «А» сынып оқушысы Дайырбек Асанали Көк туына басымды мен иемін, Туған жерді, елімді мен сүйемін! Бақыт сыйлап, құрбан болған жандарға, Шын жүректен басымды мен иемін! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Амангелді Фарида «Еңсесі биік- егеменді ел!» Барша қазақ жұрты, елі үшін айтулы мереке – тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Тәуелсіздік алу- қиын жол екені бәрімізге...
Ұялы телефонды пайдалану ережесі
1. Жалпы ереже Бұл ереже мақсаты оқу үрдісінің жақсы жүруіне жағдай жасау, оқу үрдісіндегі барлық тұлғалардың азаматтық құқықтары қорғау: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің. Ережені сақтау білім алу сапасын көтереді, ыңғайлы психологиялық жағдай жасайды, мектеп аумағын зорлық-зомбылықтан қорғайды.
2. Негізгі түсінік
Ұялы телефон –қарым-қатынас және заманауи адамның беделі, бірақ мұны белсенді түрде көрсетуге болмайды.
Пайдаланушы – білім алу үрдісінде ұялы телефонды пайланатын тұлған.
Мектеп беделіне саналы түрде зиян келтіру – мектеп қарбырғасында жүріп басқаларға көрсету үшін телефон бейнекамерасына түсіру.
3. Мектепте ұялы телефонды қолдану шарттары:
3.1. Мектеп ғимаратында ұялы телефонды міндетті түрде дыбыссыз режимге қою қажет. 3.2. Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, сөмкеге салып қою қажет.
3.3. Телефонның бүтін болуына, жоғалмауына тек қана иесі жауапты ( ата-анасы, заңды тұлғалар).
4. Пайдаланушылар құқығы 4.1. Пайдаланушылар сабақтан тыс уақытта байланыс құралы ретінде пайдалана алады:
4.2. Қоңырау шалу, хабарлама жіберу.
4.3. Ойнау.
4.4. Ақпарат алмасу.
5. Пайдаланушыға тыйым салынады: 5.1. Сабақ барысында қандай режимде болмасын, пайдалануға ( есептеуіш, қойын дәптер ретінде де) .
5.2. Мектепке келгенде полифонияны...
Пайдалы сайттар
Ата-аналар үшін http://stranamasterov.ru/ http://diafilmy.su/ сайтында қызықты диафильмдер топтамасы ұсынылған. Диафильм – тақырыптық бір- бірімен байланысқан қадрлар және жүйелі иллюстрациясымен таныстыратын позитивті фотоүлдір. Диафильм деген не екенін біздің уақытта көбі білмейді, бұл ақпараттық технологиялар даму уақытында танданбайтын жағдай. Өсіп келе жатқан ұрпақ теледидарлардан фильмдер мен бағдарламаларды көріп, әлемге қатысуын бастайды. http://deti-lit.ru/ сайт сіздің үйдегі мейрімді отбасылық дәстүрді жандандырады. Отбасылық үйдегі оқулар – бұл игілікті тәрбиелеуші құрал. Сайтта түрлі уақытта жазылған өлеңдер, әңгімелер, тақпақтар жиналған. Шығармаларды іріктеуге жоғарғы және орта, бастауыш мектептердің мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мамандары қатысты. http://ourkids.info/?page_id=67 сайтта түрлі тақырыпта балаларға арналған көптеген түрлі-түсті кітаптар ұсынылған, балаңызға ұнағанын тегін жүктеңіз. Балалар үшін http://kids.quintura.ru/Балалар үшін іздеу сайты QUINTURA "Отличник» тренажері " – орыс тілі мен математикадан тапсырмаларды шешуге арналған тренажерлер. Бағдарлама 1-4 сынып оқушылары үшін математикадан есептерді, теңдеулерді және орыс тілінен жаттығуларды құрастырады. http://filin.vn.ua/ иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://viki.rdf.ru/ балалардың тұсаукесерлері....
Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы
Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы 1921 жылы 25 мамырда Павлодар облысы Қашыр ауданы Сұлуағаш аулында (Қазақстанда) туған. Әкесі – Сұрағанов Мағзұм (1901 ж. туған). Анасы-Бетимова Камила. Қызы – Сұрағанова Гүлмира (1948 ж. туған). Ұлы-Сұрағанов Серік (1951 ж. туған). Құдайбергеннің ата-анасы ерте қайтып, әжесінің қолында тәрбиеленді. Ол жасынан ерекше ұқыпты және жауапты болып өсті. 5 сыныпта оқып жүргенде радиодан Отанға артиллеристер қажеттігін естіп, ал артиллерист болу үшін математиканы жақсы білу керек еді. Сондықтан Құдайберген бір жылда 5,6 сыныптардың бағдарламасын меңгерді. Мектептен кейін Павлодардағы В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үздік аяқтады. Негізгі орта мектепте физика және математика пәндерінен сабақ берді. 1940 жылдың қазан айында Құдайберген әскер қатарына шақырылды және Монғолиядағы взвод командирлерін даярлаушы 185 артиллериялық полкының оқыту батареясына жіберілді. Соғыс басында ол монғол-манжүр шекарасында әскери қызмет атқарды. Одан кейін Сталинград түбіне жіберілді. 1111 РГК артиллериялық полкінің оқ взводының 6-ші батарея командирі кіші лейтенант Сұрағанов 1942 жылдың шілдесінде Қалаштан батылырақ орналасқан Доннан өту өткелінде алғашқы ұрысына кірді. Одан кейін қорғану және қарсы шабыс ұрыстарына қатысты. 10 желтоқсанда Бекетовка ауданы аумағында Құдайберген жауға 20 снарядтай...
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағановтың марапаттары
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағановтың марапаттары Ұлы Отан соғысының батыры Ленин ордені Ұлы Отан соғысының І даңқ ордені Ұлы Отан соғысының ІІ даңқ ордені Қызыл Жұлдыз ордені «Сталинградты қорғау» медалі «Варшаваны босату» медалі «Берлинді алу» медалі
Сенім телефоны
Сенім телефоны
Қымбатты балалар!
Егер сізде тартысты жағдай туындаса және сіз өз бетімен оны жеңе алмасаңыз, сізге кәсіпқой психолог пен заңгердің көмегі қажет болса, балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны 150 қоңырау соғыңыз немесе е-mail bala-ana@rambler.ru бойынша хат жазыңыз.
Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны ТӘУЛІК БОЙЫ, АҚЫСЫЗ, АТЫ- ЖӨНІН КӨРСЕТПЕЙ (АНОНИМДІ) жұмыс істейді!
Балалар мен жастарға арналған бірыңғай Ұлттық сенім телефон желісін енгізу – қызметі, тәулігіне 24 сағат әр балаға ашық, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсете алады.
Басқа сенім телефондары:
Павлодар облысының білім беру басқармасының бала құқықтарын қорғау бөлімі 321242
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сенім телефоны 321937
Мектептің сенім телефоны 332662
WhatsApp +77785858313
Мұғалімдердің желілік қауымдастығы
Желілік қауымдастық Желілің қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді. Желілік қауымдастықтың мақсаты: Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу. Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату. Күтілетін нәтиже: Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады, Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады, Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.
Сертификатталған мұғалімдер
Накупова Бақыт Барашқызы Тарих мұғалімі. Білімі: жоғары, Семей педагогикалық институты. Педагогикалық еңбек өтілі: 23 жыл. Санаты: жоғары. Екінші деңгей. Жаркенова Зауреш Бокенбайқызы Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі. Білімі: жоғары, С.Торайғыров ат. ПМУ. Санаты: екінші. Үшінші деңгей. Сағатбекова Құралай Оразқызы Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Білімі: жоғары, С.Торайғыров ат. ПМУ. Санаты: І. Еңбек өтілі: 13 жыл. Үшінші деңгей. Шанашова Сауле Боранбаевна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Білімі: жоғары, ПМПИ. Санаты: ІI. Еңбек өтілі: 6 жыл. Үшінші деңгей. Акылбаева Гульмира Калимулаевна Ағылшын тілі мұғалімі. Білімі: жоғары, ПМПИ. Санаты: IІ. Еңбек өтілі: 8 жыл. Үшінші деңгей.; Искакова Роза Айткалиқызы Бастауыш сыныптар мұғалімі. Білімі: жоғары, ИнЕУ. Еңбек өтілі :7 жыл. Санаты: бірінші. Үшінші деңгей. Нұрғалиева Бақыт Қаирслямқызы Бастауыш сыныптар мұғалімі. Білімі: жоғары, ПМПИ. Еңбек өтілі :28 жыл. Санаты: бірінші. Үшінші деңгей. Машимов Бауржан Шарафатұлы Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Білімі: жоғары, ПМПИ, Санаты: ІІ. Еңбек өтілі: 8 жыл. Үшінші деңгей.
Семинар-коучинг жоспарлары
Коучинг жоспары "Возрастные особенности учащихся Талантливые и одарённые дети"
Коучинг жоспары "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары"
Коучинг жоспары. "Топ және топта жұмыс жасау"
Коучинг жоспары "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау және АКТ"
Коучинг жоспары"Lesson studу"
Үштілдік – заман талабы
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы.
Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамның ажырамас компоненті болып отыр. Осының өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын...
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы
Ашық сабақтар
2015-2020 жылдары үштілді білім беруді дамытудың жол картасын іск асыру бойынша іс-шаралар жоспары барысында мектебіміздегі пилоттық сыныптарда ашық сабақтар өткізілуде. 6 В орыс сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ 8 Б орыс сыныбында хмия пәнінен ашық сабақ Садвакасова Л.А. 4 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен "Отбасы - шағын қоғам" тақырыбына ашық сабақ өткізді
Пайдалы сілтемелер
ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ИННОВАЦИОННЫЙ ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
АКИМАТ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ИНФОРМАТИЗАЦИИ
ПАВЛОДАРСКИЙ ОБЛАСТНОЙ ЦЕНТР ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
РЕГИОНАЛЬНЫЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ЦЕНТР ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ "ЕРТІС ДАРЫНЫ"
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ "ӨРЛЕУ"
ПОРТАЛ ЭЛЕКТРОННЫХ РЕСУРСОВ
ЕДИНАЯ ЭЛЕКТРОННАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДА
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ТЕСТИРОВАНИЯ
Бала құқықтары
Қазақстан республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жоспары Бала құқықтары туралы конвенцияҚазақстан республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жоспарыжүктеуKonventciia_OON__o_pravakh_rebenkaжүктеу
Абитуриент
2016 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА! ЖОО түсу үшін құжаттарды тапсыру мерзіміне көңіл аударуыңызды сұраймыз! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Ұлттық тестілеу сайтында (http://www.testcenter.kz) қорытынды аттестаттау тапсырмаларының үлгілері берілген. Шығармашылық мамандықтары бойынша оқуға түсуді қалайтын мектеп түлектері, абитуриенттер үшін (бейнелеу өнері, сызу, музыка, білім беру, АӘД, спортфак), құжаттарды тапсыру мерзімі – 2016 жылы 1 шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектерге – 2016 жылы 4 шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықтар үшін әңгімелесу – 2016 жылы 5-14 шілде аралығында. 2016 жылы 17-23 шілде аралығында колледж немесе өткен жылдың түлектері үшін АКТ жүргізіледі.
Кәсіби қоғамдастықтар
Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үрдісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Қоғамдастық жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Қоғамдастық қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығын.ың жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс. Тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар сенімділікке негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар бұл болашақ оқыту үшін, өзінің мүддесінде, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың мүддесінде иновациялық тәсілдерді құруі үшін аса қажет деп есептейді. Бастапқы кезеңдердегі іс-әрекеттер неғұрлым көп топтардың қатысуын қамтамасыз ете отырып ортақ мақсаттыдамытуға арналуға тиіс және жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, қарқын алып дами беруі керек. Тиімді мектеп аралық кәсіби қоғамдастықтар ересек адамдарды оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Осы орайда оқушыларды оқыту бағдары кәсіби қоғамдастық ішіндегі мектептерді біріктіретін...
Балбұлақ
Бүгінгі қоғамда білім саласын ақпараттандыру ерекше іргелі мәнге ие. Қазіргі мектепке қойылатын талаптар баршаға мәлім, бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық оқу құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану; мектепті басқарудағы жаңа тұрғылар. Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Желілік қоғамдастықтың мақсаттары әртүрлі: бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру; тәжірибемен алмасу, қолдау көрсету және ынтымақтастық; нәтижелі педагогикалық практиканы тарату; кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастыру; виртуальды өзара...
Азаматтарды қабылдау кестесі
Білім беру ұйымының қызметіне байланысты толғандырған сұрақтар бойынша сіздер директор Ажар Төкенқызы Текжановнаға хабарласуыңызға болады:
қабылдау бөлімінің телефоны 8(7182)332662,
электрондық пошта (e-mail): pavlschool30@mail.ru
виртуалды қабылдау бөлімі http://bilim-pavlodar.gov.kz/soch30/faq/
Ледовской көшесі 18/3 мекен-жайы бойынша қабылдау күндерде жеке жолығуға болады
сейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін
сенбі 09.00-ден 11.00-ге дейін


