ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Электрондық оқулықтар
Электрондық оқулықтар
Стандарттар
Стандарттар
Оқулықтар
Оқулықтар 5 сынып Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі мен әдебиеті 1 бөлім  Орыс тілі мен әдебиеті 2 бөлім English Students book  5 сынып  English Workbook 5 сынып Математика Информатика Жаратылыстану Қазақстан тарихы Дүниежүзі тарихы Өзін-өзі тану Музыка   6 сынып Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі мен әдебиеті 1 бөлім Орыс тілі мен әдебиеті 2 бөлім  English Students book  6 сынып  English Workbook 6 сынып  Математика Информатика Жаратылыстану Қазақстан тарихы Дүниежүзі тарихы Өзін-өзі тану Музыка Көркем еңбек ұлдар Көркем еңбек қыздар     7 сынып Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі мен әдебиеті English Students book  7 сынып  English Workbook 7 сынып  Алгебра  Геометрия Информатика Физика Химия Биология География Қазақстан тарихы Дүниежүзі тарихы Өзін-өзі тану Көркем еңбек ұлдар Көркем еңбек қыздар    8 сынып Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі мен әдебиеті 1 бөлім Орыс тілі мен әдебиеті 2 бөлім  English Students book  8 сынып  English Workbook 8 сынып Алгебра Геометрия Информатика...
2020-2021 оқу жылына арналған мектеп кітапханасы жұмысының жоспары
Жаңа (уақытша) нормаға тап болған жасөспірімдерге арналған 6 стратегия
Коронавирус (COVID-19) пандемиясы кезінде жасөспірімдер психикалық денсаулығын қалай қорғай алады?   Жаңа (уақытша) нормаға тап болған жасөспірімдерге арналған   стратегия   Жасөспірімдік жас – адам өміріндегі күрделі кезең, ал коронавирус жұқпасы (COVID-19) оны одан бетер күрделі етеді. Мектептердің жабылуына және іс-шаралардың өткізілмеуіне байланысты жасөспірімдер өмірлерінің балғын шағындағы көптеген маңызды оқиғалардан, соның ішінде, күнделікті достарымен көрісуден және мектепке барудан бас тартуға мәжбүр. Таралып бара жатқан сырқаттың кесірінен өмірлерінің үйреншікті барысы өзгеріп жатқан, әрі үрейге, түңілуге және оқшаулық сезіміне бой алдырған жасөспірімдер есте сақтағаны жөн: олар жалғыз емес. Біз жасөспірімдермен жұмыс жасайтын психолог маман, бестселлерлер авторы және ай сайынғы «New York Times» басылымының колумнисі д-р Лиза Дэймурмен жасөспірімдер өздерін және психикалық денсаулықтарын қалай күте алатынын білу үшін әңгімелестік.   Алаңдау – толығымен қалыпты реакция екенін мойындаңыздар   Егер сіздерді мектептердің жабылуы және үрей ұялататын жаңалықтар алаңдатса, біле жүріңіздер, сіздер жалғыз емессіздер. Шындығында дәл осындай эмоцияларды бастан кешіру қажет. «Психологтар бұрыннан біледі, үрей сезімі...
"ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШЫН" ҚҰРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру мақсатында Павлодар қаласының №41 ЖОББМ-де электрондық мемлекеттік қызметтердің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Мұнда мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы мүмкіндік алады (www.е-gov.kz) мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы, жылжымайтын мүліктің жоқтығы/болуы туралы анықтама, баланы мектепке қабылдау, балабақшаға кезекке қою және т. б. сияқты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға құқылы.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
 
Қашықтықтан оқытудағы ата-аналарға және 1-4 сынып оқушыларына арналған іс-әрекеттер алгоритмі
Көркем еңбек кабинеті
Teacher office
Домбыра кабинеті
Температуралық режим
Короновирустың виртуалды көрмесі. Не білу керек.
ҚАМАР СҰЛУ
АЙҚАП 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.   "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.      ҚАМАР СҰЛУ (роман) Жіңішке сымға тартқан әні қандай. Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай. Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып - биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп...
ЗАРЛАНДЫМ
ЗАРЛАНДЫМ (Әңгіме) Роман деуге болады мұның өзі, Фельетон тәртібінше әрбір сөзі. Құрылған надандарға мысал - айна Не шара соқыр болса көңіл көзі. Қаны бір, мұны оқыған қарындастар, Қалып тұр қараңғыда ғазиз бастар. Өзі мас, көңілдері тас болмаса, Ағызар, халін аяп қанды жастар. Иесі білім - өнер туысқаным, Жан қиып жұртың үшін ту ұстадың. Тез, жылдам, бар шамаңша ұмтылып қал, Барады отқа күйіп туысқаның. Күл болып, қарасы өшіп жойылған соң, Артынан не болады қуысқаның? I Сахарада өмір кешіріп жүрген қазақ балалары үш түрлі жолда болады. Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ цеп те білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңқып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездері мен қараңғылықта күнін өткізіп барады. Екіншісі: бұрынғы «аян», молда, надан - қожа ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз өтпейтін миларын шатастырған қияли болады. Нұры шашылды деп біліп, қуанышымыз қойынға сыймайды. Бұрын мұндай жақсылықты мың ұйықтасаң, түсімізде бір көре алмай, мың иіскесек, бір сезе алмай жүрген сорлы басымыз - ай, енді несін  сұрайсың! Көңіліміз тасып, қайратымызды асып, күн сайын ілгері басып, қараңғыдан жарыққа қарай ұмтылып, надандықтың туманы серпіп тастап алды-артымызға қарамай зырқыратып бара жатқанда, надандықтан болған бір кісіге...
АДАСҚАН ӨМІР
АДАСҚАН ӨМІР (поэма) Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма? I МЕН БАЛА Мен сәби мейрімді ана құшағында, Ақ мамасын сүйемін, құшамын да: Алтын ана жек көрер шамасы жоқ; Былғанам ба, мейлі құсамын ба. Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза, Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза. Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза. Қастық деген не нәрсе: көрінген дос; Қайғы деген не нәрсе: көңілім хош; Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін, Жүрегімде түпкір жоқ сүюден бос. Мен білмеймін: жалыну, жағынуды, Ресім, ұлық, құдай деп табынуды, Өз еркімнің қылығы өзіме жөн, Айтшы маған не нәрсе жаңылуды? Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам Бәрі де айырмасыз бауыр маған. Пайда зиян, ұят немен білмеймін Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман. Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ, Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ - Бай, кедей, cay, кем-кетік бәрі бір бәс, He нәрсе айтшы: кәрілік, ауру, азап? Мен білмеймін: не нәрсе өлім деген, Қорқу деген, көму деген, көрің деген. Тамағыма пышақ таяп тұрған жан да, Күлуден басқа жауап алмас менен. Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей, Жақсы түрге кіремін өзім білмей. Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы, Күліп сәуле шашамын жазғы...
КЕДЕЙ
КЕДЕЙ (поэма) Все, что существует в мире, есть результат, известных действий, условий и среды. Человек может творить эти условия, что и отличает его от животных. На этом основано все, что изобретено человеческим умом. Отсюда цель моего произведения может быть, пожалуй, ясна. 1919. Султанмахмут ҚЫЗМЕТІ ҺӘМ АЯНЫШ XAЛІ I Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген. Қарадағы, итпен бірге қой күзетіп, Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген. Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа, Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа. Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ, Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық, Бір жағынан қышытып, биттер буып. Бит жеген ескі күпі жабағысы, Жөргекке оралғанда іштен туып. Бұл битке сонан бері денем азық, Көбінесе сондықтан да жүрмін азып. Туысымен көргенім бәрі бейнет, Тумай жатып қылып ем қанша жазық?! Жұрт айтады: "Еңбек қып, ерінбесең, Маңдай термен ас тауып адал жесең. Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң, Ол сені алдап, арбап, кетсе де есең. Сонда сен көгересің", — дейді халық, Көп өмір өтпеді ме бұған нанып? Ес біле басталғаннан бері қарай Бір күн тыныш жаттым ба ұйқым қанып? Адамға аса қымбат балалық шақ, Ойға кіріп, шықпайтын сор менен бақ. Қозы қуып, бұзауға құрық салып,...
Жас жүрек
Жас жүрек   Жас жүрек, қайда сенің ыстык қаның; Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін? Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп, Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін. Қызған темір жатқандай көкіректе, Сыймайтын мезгіл қайда қанға, жаным? Нанғыштық, құлай сенгіш, тәтті үміттен Бұл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?.. Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді-өзің, Қамығып неге осынша құрыды әлің? Әлде сенің кең жайлау жазың жоқ па? Шалқар көл, қиқу салған қазың жоқ па? Жел жетпес, қолда қыран, алтын дабыл, Құс-аңды құтқармайтын тазың жоқ па? Әлде алдында жүрмей ме сылаң қағып, Даланың еркелері үкі тағып. Табиғат өксімей ме әдемі үнмен, Бозторғаймен қосылса әнге салып. Сен сонда ұқпаймысың оның сөзін, Көмір деп ойлайсың ба қара көзін? Мағыналы сол қара көз бір жалт етсе, Жынданбауға етерсің қалай төзім. Жас жүрек айтты сонда: сөзіме нан, Сол себептен ішімде жылы емес қан; Шындық, достық таппадым, сандал қағып Өмір бойы алдандым тапқанымнан. Бүгінге адасудан көз ашпадым, Не нәрсені көздесем, тап баспадым; Дүниеден басқа рақат тілемеймін, Кеш, арым, мен білместің адасқанын.
Шәкірт ойы
Шәкірт ойы Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! Еңбек, бейнет тарауы Рақатқа сарқылар. Қыздырып күннің қарауы Надандық теңізі тартылар. Орны отайып көгерер, Қызығын жайлап ел көрер. Тұрмыс, тағдыр - бірі де Бұл мақсаттан бұра алмас; Қаһарман, Рүстем, Әлі де Бұрам деп жолда тұра алмас. Сыланған жардың күлісі, Алдандырмас бірісі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров-көрнекті қазақ ақыны-демократ. 1893 жылы 29 қазанда Көкшетау облысының Қызыл-Тау ауданында дүниеге келген, 1920 жылы 21 мамырда сол жерде қайтыс болған. Төрт жасынан бастап Сұлтанмахмұт Павлодар облысының Баянауыл ауданында тұрды. 13 жасынан бастап өлең жаза бастады. Оны мәдени орталықтарда оқуға деген құштарлық жеңді, ол көп оқыды, заманауи толыққанды білім алуға ұмтылды. Алайда, ол жұмысты бастауға мәжбүр болды - алдымен мектепте мұғалім, содан кейін 1913 жылдың күзінен бастап Сұлтанмахмұт алғаш рет ақын, публицист және эссеист ретінде сөз сөйлеген "Айқап" қазақ журналының редакциясының хатшысы. 1914 жылдан бастап тағы да Баянауыл мен Катонқарағайда мұғалім болып жұмыс істейді, 1916 жылдың күзінде Томск қаласындағы курстардан сабақ алады. Осы жылдары Торайғыровтың жазушылық сенімі жетіліп келеді." Шындықты іздеу жолына түсіп, мен шегінбеймін, барлық сынақтардан Өтемін, шаршауды жеңемін, қателіктерден Өтемін. Бірақ мен ойлағаныма адал боламын", - дейді ақын. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ол халыққа жақын болуға ұмтылып, Семей қаласына келеді. Ол сол кездегі қазақ қоғамының барлық зиялылары сияқты қуанышты сезіммен қамтылған. "Мен қараңғылықты халқымның басына шашатын күн болғым келеді". Сұлтанмахмұт бостандықтың таңы келді және әр халық өздігінен сауығып, өз...