Законы
Нормативные документы по размещению государственных символов Нормативные документы по размещению государственных символовскачатьМемлекеттік рәміздерді орналастыру туралы нормативтік құжаттарскачать
Объявления ГорОО
Объявление о размещении госзаказа в частных дошкольных организациях Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков4.rus Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них.rusправила проведения гос закупок.rus закон о государственных закупкахОб определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков4.rusскачатьзакон о государственных закупкахскачатьОб определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков4.rusскачатьОб утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них.rusскачатьправила проведения гос закупок.rusскачатьМемлекеттік сатып алу туралы занскачатьОтандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы.kazскачатьОтандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы.kazскачатьЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы.kazскачатьМемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарландырускачатьОбъявление о размещении госзаказа в частных дошкольных организацияхскачать
Құттықтаймыз
Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелерлеріңіз - «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Мұғалім – қай қоғамда болмасын құрметті қызмет болған және бола береді. Барлық адамзат баласы «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» ұранына бас иеді және «білім беру рухын» естерінде мәңгі сақтап келеді. Әрбір саналы азамат үшін, қадірлі мұғалім-ұстаз атының мәртебесін одан әрі биіктету - сіз бен біздің негізгі ұстанған басты бағытымыз болуы тиіс. Еселі еңбектеріңіз, тәжірибелеріңіз, ұрпақ тәрбиесіне арналған игі істеріңіз көпшіліктің құрметінде, ыстық ықыласында мәңгілік қалады. Ел үшін атқарған қызметтеріңіз өзінің лайықты жоғары бағасын алатынына сенімдіміз. Осы мерекеде, зор денсаулық, асқан бақыт, отбасыларыңызға амандық және білікті де дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! Сіздерге, шынарлы шың жетістіктері мен тың шығармашылық табыс, одан әрі қарай көркейе берулеріңізге тілек білдіреміз! Павлодар қаласының білім беру бөлімі [embed]https://youtu.be/9KxC7QB3r7c[/embed]
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген...
Какой-то заголовок на казахском языке
Какой-то отредактированный текст на казахском языке
Құттықтау
5А 8 В 8 марта 7В 11А 5А СОШ №16 https://youtu.be/22ebchl7xuY СОШ №43 https://youtu.be/IEjfSJqTjpY Видеопоздравление к 8 марта https://youtu.be/YBDXJjxsHhk
100 нақты қадам
Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевпен 5 президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам анықталды. Бес президенттік реформалар: - Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру; - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету; - Индустриалдандыру және экономикалық өсім; - Біртектілік пен бірлік; - Есеп беретін мемлекетті құру. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ 1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс. 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу. 4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау). 5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ. 6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық...
Мектепке жол
Құрметті педагогтар, ата-аналар! Ағымдағы жылғы 18 – 28 тамыз аралығында Естай атындағы ҚМС мектеп жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке таңертеңгі ағат 10.00 ден 17.00 ге дейін жұмыс істейді. Сіздерге, кеңсе тауарлары мен мектепке арналған киім-кешектерді төмендетілген бағалармен сатып алу мүмкіндігі бар. Жәрмеңке кезінде кеңес беру пунктілері жұмыс істейтін болады, онда Сіздер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары мамандарының, психологтардың білікті көмегін аласыздар, сондай ақ балаңызды спорт секциясына, аула клубтары мен өзге де мектептен тыс мекемелер үйірмелеріне жазып қоюыңызға болады.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
АҚПАРАТ Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша білім беру бөлімінің жұмысы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде регламенттеледі. Сонымен қоса, білім беру бөлімі мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрліктің аймақтық департаментімен бірлесе 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты өткізуді қамтамасыз ету бойынша бірлескен жоба әзірленді және бекітілді. Білім беру бөлімі ведомстваға бағынысты мекеме басшыларымен білім беру саласында сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізілді. Ведомстваға бағынысты ұйым басшыларымен өткізілген соңғы кеңестің қорытындысы бойынша: бюджеттік қаражатты жұмсау, педагогтар, оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселесінде айқындылықты қамтамасыз етуде қорғаншылық кеңесінің қызметін жеделдету ұсынылды; бірінші басшылардың жеке жауапкершілігіне мұғалімдерден, оқушылардан және олардың ата-аналарынан ақшалай қаражатты жинамау туралы ұжым арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу ескертілді; мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63 бабының талаптарын басшылыққа алу ұсынылды, онда нақты ақылы білім беру қызметтері көрсетілген. Білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына...
Противодействие коррупции
ИНФОРМАЦИЯ о работе по противодействию коррупции в ГУ «Отдел образования города Павлодара» В настоящее время отделом образования работа по противодействию коррупции регламентируется в рамках действующего законодательства о борьбе с коррупцией. При этом отделом образования совместно с региональным Департаментом Министерства по делам государственной службы разработан и утвержден Совместный проект по обеспечению проведения единой антикоррупционной политики РК на 2015-2016 годы. Ежегодный план включает 14 пунктов, предусматривающих профилактическую работу во всех типах учреждений, а также среди школьников, студентов, родительской и педагогической общественности. На основании городского проекта разработаны планы мероприятий по профилактике коррупционных преступлений в каждом учебном заведении города. Кроме того, отделом образования для подведомственных организаций образования разработан Перечень коррупционных рисков, определены пути по их недопущению. В городе функционирует 128 государственных организаций образования, в том числе 72 детских сада, 45 общеобразовательная школа, 11 организаций внешкольного обучения. В системе образования работает 5270 учителей, в том числе в системе дошкольного образования - 2214, в системе среднего – 2680, во внешкольных учреждениях – 376. На основании вышеназванных документов работа по...
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ
№ п/п Фото 3*4 Жетістіктері 1 Екатерина Владимировна Филипушко, №41 ЖОМ педагогі. «Тіл – достықтың құралы» қалалық конкурсының жеңімпазы, 3 орын, 2013 жыл, Қалалық пәндер олимпиадысына қатысқаны үшін, Білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды, 2013, 2014 жылдар, республикалық педагогикалық оқулар жеңімпазы, 3 орын, 2014 жыл, оқушылары — «Ертіс дарыны» облыстық зияткерлік сайысының 2 дәрежелі дипломанттары, 2015 жыл. 2 Ариана Талғатқызы Абдалинова, №7 ЖОМ педагогі. Психологиядан республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада жеңімпазы, 1 орын, 2016 жыл, оқушылары — «Туған өлкені тану – ғылымға жол» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының дипломанттары, 2 орын, 2014 жыл. 3 Илья Олегович Приходченко, №36 ЖОМ педагогі. «Солнце русской поэзии» атты 5 ақындар марафонының қатысушысы, 2013 жыл, «Поэзия – одна из всех народов» атты облыстық ақындар сайысының жеңімпазы, 2015 жыл, «Этим летом» әдеби конкурсының лауреаты, 2015 жыл. 4 Марал Сұлтанқызы Әлжапарова, Павлодар қаласы №112 сәбилер бақшасының педагогі. Тәрбиеленушілері — «Пони» халықаралық зияткерлік марафонының жүлдегерлері, 2016 жыл, «Инновациялық педагогикалық тәжірибе» облыстық конференцияның қатысушысы, 2015 жыл, әдістемелік құралын құраушысы 5 Алмагүл Тлегенқызы Бекбай, №21 ЖОМ педагогі. 1. «Болашақ мамандардың зияткерлік еңбек мәдениетін...
Жоба тұжырымдамасы
Энергетика –заманауи әлемдік экономиканың негізгі элементі. Ондағы жағымды және жағымсыз трендтерді дәл анықтап, оның қолжетімділігіне тек жеке аумақтардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің де даму қарқындары байланысты. Бүгін бүкіл әлемдегі ең келешекті бағыт – «жасыл энергетика», яғни жаңартылған көздерден (ЖЭК) энергия алутехнологиялары. Оларды дамыту және жетілдіру энергия тапшылығын толтыру, экологиялық проблемаларды шешу және әлемдік экономиканың технологиялық дамуының жаңа кезеңінің қажеттігімен шартталған. ЖЭК спектрі мен ауқымы өте кең – жергілікті жел қондырғыларынан бастап ғарыштан энергия алудың жаһандық жобаларына дейін. Жасыл энергетика энергияны алу, беру және пайдаланудың келешекті тәсілдерінің жиынтығын білдіреді, олар дәстүрлілер сияқты кең таралмаған. Алайда олардың келешегі даусыз. «Жасыл энергетика» экологиямен тығыз байланысты. Дәстүрлі көздерге, мысалы, көмірсутектерге қарағанда, ЖЭК қолдану климаттың өзгеруі сияқты ғаламшардың экожүйесі үшін зиян келтірмейді. Заманауи постиндустриялық әлем экономикаға көңіл бөлуді қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді есепке алумен адам қажеттіліктеріне өзгертуді талап етеді. «Жасыл» энергетиканың дамуы тұрақты дамудың міндетті шартына айналып, табиғи жүйенің сақталуының және қоршаған ортаның тиісті сапасының қолдау негізі болуы тиіс. «Астана ЭКСПО- 2017» 93 күн ағымында...
ЭКСПО өнертабыстар тарихы
Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда. Әзірше Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік.
Мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, басты құндылықтары адам мен оның өмірі, құқықтары, еркіндігі болып табылады. Республика қызметінің негізгі өзекті қағидаттары: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың дәулеттілігіне бағытталған экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің маңызды мәселелерінің барлығын демократиялық жолмен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Қазақстан Республикасы президенттік басқару енгізілген біртұтас мемлекет. Республикада мемлекеттік өкімет біртұтас, Конституция мен заңгерлік, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінетін заңдар негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағытын анықтайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанға өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент елдің қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың заңнамалық қызметтер атқаратын жоғарғы өкілетті органы. Парламент тұрақты негізде қызмет атқаратын екі Палата: Сенат және Мәжілістен тұрады. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне...
Тарихы
Ежелгі кездер Кейбір деректер бойынша қазіргі заманғы адамдың ата-бабалары миллион жыл бұрын қазіргі Қазақстанның жерін игере бастаған. Сонымен қатар, осы аумақтағы тайпалардың болуының дәлелі ретінде Тамғалы петроглифтері XIV ғ. бастап б.з.д. VI-VIII ғғ. көрсеткен. 2004 жылы Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылған. Қола дәуірі кезеңінде, төрт мыңжылдық бұрын Қазақстан аумағында егін және мал шаруашылығымен айналысқан, әскери арбаны жақсы меңгерген, тамаша жауынгерлері болған тайпалар мекендеген. Сол кездері қазіргі күнге дейін қолданылып жүрген, мыс кен орындары әзірлене бастаған, олар – Жезқазған және Саяқ мыс орындары. Орта ғасырлар Б.з.д VI -III ғ.ғ.. Жетісуда, қазіргі Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағында алғашқы «сақтар» мемелекеті пайда болды (гректер оларды «скифтер» деп атаған). Сақтардың патшалары жоғарғы абыздар рөлін қоса атқарған. Сақтар ғылыми әдебиетте «жануар стиліндегі өнер» атауын алған әлемдік деңгейдегі өз жазбасы, мифология мен белгілі өнерге ие болған. Сол кездері алтыннан және қоладан жасалған жауһарлар қазіргі күнге дейін әлем музейлерінің экспозицияларын безендіруде. Оның ішіндегі ең әйігілісі «Алтын адам». VI ғ. екінші жартысында жазбаша дереккөздерде «түркі» термині пайда болды. Қазақстанның аумағында VI ғ. бастапXIII ғ. басына дейін дәйіктілікпен...
Мәдениеті
Қазақтар- өте қонақжай адамдар. Егер сіз қазақ отбасына мүлдем күтпеген жерден қонаққа келсеңіз де, сізді құшақ жая қарсы алады. Қазақтарға бала күнінен үлкендер мен қонаққа деген құрмет, бейбітшілік пен шыдамдылық сияқты қағидаттар үйретіледі. Мұның бәрі - қазақ халқының дәстүрі мен салтының ерекшеліктері. Соның арқасында Қазақстан тарихында ешқандай айтарлықтай ұлттық және діни қақтығыстар белгіленбеген. Дәстүр бойынша әр қонаққа дастархан жайып, киіз үйдің төріне отырғызып, қазақтың ұлттық тағамынан ауыз тиюді ұсынады. Киіз үй Киіз үй – әйгілі «жылжымалы» үй, ыңғайлы әрі қолайлы, жергілікті жағдайлары мен өмір салтына сай келетін еуразиялық көшпенділердің ең біртуар өнертабыстарының бірі. Ол өте оңай құрылып жиналады (қазақ әйелі оны жарты сағатта жасай алады), атпен, түйемен жеңіл тасымалданады. Киіз үй үш басты элементтен тұрады: ұлғайтылмалы негізі тордан (кереге), күмбез (уық) және дөңгелек шыңы (шаңырақ). Ерте заманнан түркілер жылжымалы үйлерді жасаушы ең білікті өнертапқыштар ретінде танылған. Қазақтар әшекейлердің айналасында өмір сүреді. Әрбір киіз үй әр түрлі кестеленген әдемі ұлттық қабырға кілемдерімен безендірілген. Еңбек құралдары да сапалы ағаш, сүйек пен темірден жасалған. Бас киімдер, көйлектер, сөмкелер мен ат тоқымдарда әдемі кестеленіп тігілген. Қазақтар дәстүрлі өрнек ою өнерін қымыз (бие сүтінен жасалған...


