ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Басты бет
Балалар бақшасының ашылу тарихынан
Павлодар қаласының Усолка мөлтекауданында қазіргі заманғы үлгі бойынша жаңадан салынған балалар бақшасы есігін айқара ашты. Қалада кейінгі 15 жылда, мектеп жасына дейінгі балдырғандарға арналып алғаш бой көтерген бұл әсем үйде еліміздің ертеңгі болашағы – 330 жас жеткіншек мемлекеттік тілде оқытылады және тәрбиеленеді. Мерекелік лентаны Павлодар қаласының әкімі – Бәкір Саматұлы Демеуов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Клавдия Шаймарданқызы Арынғазина кесті. Бүгінгі күннің талабына сай бұл мекемеде бәрі де балалар игілігіне арналған: өте ыңғайлы балалар жиһазы, компьютер сыныптары, ағылшын тілі кабинеті, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сауықтыруға арналған тамаша жабдықтар, суда жүзу бассейні және құрғақ бассейн, спорт снарядтары, музыка және спорт залдары және тағы басқалар бар.
Біздің балалардың жетістіктері
Біздің тәрбиеленушілер балалар шығармашылығының облыстық, Республикалық және Халықаралық деңгейлердегі түрлі жарыстарына белсенді қатысып, бірнеше рет әртүрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болған. 2013 жыл Тәрбиеленушілер «Бүлдіршін» конкурсынынң лауреат атағына ие болды; Касимова Назерке «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасынан 1 орын; 2014 жыл  Е.Кудерина-халықаралық блиц турнир жеңімпазы; 1 дәрежелі диплом; К.Амангельдинова – «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасы диплом -2 орын; Тәрбиеленушілер «Бүлдіршін» конкурсынынң лауреат атағына ие болды; 2015 жыл  Тәрбиеленушілер халықаралық «ПОНИ» олимпиадасы -68 тәрбиеленуші сертификат; Тәрбиеленушілер республикалық «Үркер» марофоны 38 бала;  А.Амангельдинова – «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасы диплом -2 орын; Тәрбиеленушілер «Бүлдіршін» конкурсынынң лауреат атағына ие болды; «Алтын асық» интеллектуалдық олимпиадасы 4 бала диплом және сертификат; Республикалық «БИ бала» шығармашылық диплом және ГРАН-ПРИ жеңімпаздары 15 бала; Республикалық «Үркер» марофоны 4 бала жеңімпаз диплом; 2016 жыл  Халықаралық «Пони» олимпиадасы 14 жеңімпаз; Ермухан Аружан...
Тәрбиешілер
Хамитова Торғын Қудайбергенқызы тәрбиеші Педагогикалық өтілі:22 жыл, санаты – 1 Өзін-өзі тану сабақтарынан облыстық, қалалық семинарлаға қатысып, балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне өз тәжірибесімен бөлісті. Өзін-өзі тану пәні бойынша эксперименттік жұмысы бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілді.Тәрбиеленушілер «Балбұлақ», «Жауқазын» сайыстарының жеңімпаздары. Облыстық курс тыңдаушыларына «Жақсылыққа жақсылық» тақырыбында шебер класс көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Павлодар облысының балалардың құқығын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнінің эксперимент алаңына қатысып, «Үміт» номинациясы бойынша алғысхатпен марапатталды.жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталдыТамыз мәжілісінде белсенді қатысып, үздік баяндама жасағаны үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мадақтамасы мен марапатталды.     Камайлянова Майра Науканқызы тәрбиеші Педагогикалық өтілі:32 жыл, Санаты:жоғары Әдістемелік әдебиеттерді оқып, жаңалықтармен танысып, өзінің кәсіби білімін жетілдірумен айналысып жүрген педагог. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясын және балабақшада тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын жақсы меңгерген білімді, жаңашыл шығармашылықты жұмыс істей білетін, әрқашан ізденіс үстінде жұмыс істейтін маман....
Елбасының халқына жолдауы
ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 1997 жыл естеріңізде ме? Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой. Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды. Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол “Қазақстан-2030″Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық...
Біздің қонақтар
2010 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қызметтік сапармен келіп балабақшамыздың жағдайымен танысты. 2009-2010 оқу жылында сәуір айында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің білім беру басқармасы бастығының орынбасары Сафронов Г.Н. және Благовещенко ауданындағы қазақ мектебінің директоры Малсымбаев С.Ш.қонақта болды. Балабақшамызға қалалық білім басқармасынан және Республиканың басқа қалаларының мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары балабақшаның жағдайы мен танысып тәжірибе алмасты. ҚР облысының білім бөлімінің басшылары балабақша жағдайымен танысты.
Конкурстар мен байқаулар
Педагогтар қатысқан конкурстар 2015 жыл «Ең үздік балабақша» Павлодар облысының конкурсы - ГРАН-ПРИ жеңімпазы; С.А.Курмангазинов- дене шынықтыру нұсқаушысы Республикалық сайыс «Мектепке дейінгі ең үздік вариативтік бағдарлама» -1 орын; Р.К.Есмуханова -денешынықтыру нұсқаушысы Республикалық сайыс «Мектепке дейінгі ең үздік вариативтік бағдарлама» -сертификат; С.К.Умралиева- тәрбиеші «Жыл тәрбиешісі -2015» атты қалалық сайыс жүлдегері –«шеберлік шыңы»-2 орын; Г.У.Шакенова –хореограф Республикалық «БИ бала» шығармашылық ГРАН-ПРИ жеңімпаздары; Г.У. Шакенова –хореограф Республикалық конкурс «Қазақстан дарындары»; Ж.И.Нуралинова – музыка жетекшісі Республикалық конкурс «Аружан стар»; С.А.Курмангазинов - денешынықтыру нұсқаушысы Облыстық педагогикалық оқулар 3 орын; С.А.Курмангазинов - денешынықтыру нұсқаушысы Облыстық инновациялық технологиялар конкурсынан 2 орын; Р.К.Есмуханова -денешынықтыру нұсқаушысы Облыстық инновациялық технологиялар конкурсынан 3 орын; С.С.Курмангазинов-денешынықтыру нұсқаушысы «2-ші республикалық оқулар» сайысынан диплом 2 орын; С.Д.Омарова –тәрбиеші «2-ші республикалық оқулар» сайысынан диплом 3 орын; Т.С.Ахметова - ағылшын пән мұғалімі Халықаралық конкурс «New Star»; Ж.И.Нуралинова – музыка жетекшісі Халықаралық конкурс «New Star»;   2016 жыл Т.Л. Гостищева –ән-күй жетекшісі халықаралық конкурс...
Педагогикалық технологиялар
Дьенеш блоктарының – нысандары Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған. Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады: а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш); б) үш түсті (қызыл, көк және сары); в) екі көлемді (үлкен және кішкентай); г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке). Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы. Өзектілігі: Қол моторикасын дамыту, ұжымдық жаттығулармен алмастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмысты жасау, ақпаратты жасыруға үйрету, ойын түрінде, танымдық мотивацияны дамыту....
«Жауқазын -2015ж»
Қаңтар айының 27 жұлдызы күні жауқазын олимпиадасына сәбилер бақшасынан екі тәрбиеленушілер қатысты. Олар Советканов Дамир және Қаирбек Мансұр. Құттықтаймыз, Жарайсыңдар, Тек қана алға. Құттықтаймыз! Даярлық «Ә» тобының тәрбиеленушісі Советканов Дамир екінші айналымға өтті. Жарайсын!!! Келешекте тек оқуыңды жақсы оқып, озат оқушы болуыңа тілектеспіз!!!
«Көңілді жарыс»
Бүгін сәбилер бақшасының тәрбиеленушілер «Көңілді жарыс» атты сайыста жеңімпаз атанды, Жартылай финалдан финалға өтті. Тек алға, жарайсыңдар!!!!
Басты бет
Құрылтайшы: Павлодар облысының білім басқармасы Басқару органы: Павлодар қаласының білім бөлімі Білім беру ұйымының толық атауы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 9 сәбилер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны   Мекен - жайы. 140011, Павлодар қаласы Естай көшесі, 97 үй Телефон: 8 (7182) 54-59-95   Электронды пошта: Sad9@goo.edu.kz   Оқыту тілі: мемлекеттік   Салынған жылы: 1983 жыл.   Жобалық қуаты -140 орын, топтар саны - 6.   Басшысы: Алтын Көкішқызы Кәрімжанова
әкімшілік
Кәрімжанова Алтын Көкішқызы Басшы. Білімі: жоғары. Талдықорған педагогикалық институт. 1986жыл. Мамандығы: педагог – психолог,мектепке дейінгі мекеменің әдіскері. Педстаж: 35,8. "Современные основы управления учреждением образования" тақырыбы бойынша курсын өтті. 2011жыл. Худжанова Әлия Заркешқызы Әдіскер. Білімі: орта – арнаулы.Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжі.2006жыл. Санаты: 1. Педстаж: 15,7. "Школа успешного методиста" тақырыбы бойынша біліктілік жоғарылату курсын өтті. 2014жыл.   Жунусова Гүлсүм Амангелдықызы Шаруашылық меңгерушісі.Білімі: орта – арнаулы. ТУ – 34, сүттен жасалған азық түліктер бойынша технолог. Жалпы жұмыс өтілі: 35 жыл. Шаруашылық меңгерушісі өтілі: 4 жыл. Прозорова Наталья Васильевна Медбике. Білімі: орта арнаулы. Аркалык медициналық колледжі. "Емдеу істері" бойынша "Жалпы практика фельдшері" біліктілігін беру арқылы диплом №КОБ №0182326 Абдыгаликова Шынар Бауыржанқызы Есепші. Білімі: орта арнаулы.Жас маман. Павлодар инновациялық көппрофильді колледжі. 2015 жыл.
бұйрықтар
  бұйрық №338 13шілде 2009жыл бұйрық №83 27қаңтар 2016жыл программа развития бұйрық №217 17 наурыз 2015жыл бұйрық №172 7 сәуір 2015жыл        нормативтік құжаттарскачатьбұйрық №338 13шілде 2009жылскачатьбұйрық №83 27қаңтар 2016жылскачатьпрограмма развитияскачатьбұйрық №217 17 наурыз 2015жылскачатьбұйрық №172 7 сәуір 2015жылскачать
қаулылар
№499 от 17 мая 2013 года №77 от 30 января 2008 года №292 от 13 мая 2016 года №1270 қаулы 24 желтоқсан 2007 жыл№499 от 17 мая 2013 годаскачать№77 от 30 января 2008 годаскачать№292 от 13 мая 2016 годаскачать№1270 қаулы 24 желтоқсан 2007 жылскачать
заңдар
білім туралы тіл туралы бала құқығы туралыбілім туралыскачать
Главная страница
  Мекен жайы: Павлодар қаласы, Ш.Айманов 22 Мекеме сайты: dsad8pvl@mail.ru Басшы телефоны : 64-27-51 Жалпы телефоны: 64-27-52   
Новости
Спорттық жарыстарда
Фотогалерея
Біздің бау бақшада Спорттық жарыстарда.
Педагогтардың ақыл-кеңесі
Денсаулық сақтау жолдары.          Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және  т. с. бағытталған. Толық қанды физикалық жетілген және дені сау мықты баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ананың және мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, балалардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне баланың көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек. «Баланың саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды. Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамыз. «Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік.» Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің...