Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 қаңтарынан “Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімі туралы” Заңы
Павлодар қ. бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 қаңтарынан “Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімі туралы” Заңына байланысты, 16 жасқа толмаған балалардың ата-аналарына ескертеді, келесідей құжаттар қажет: -туу туралы куәлік -бала ата-анасының жеке құжаты -үй кітабы. Содан кейін балаға сәйкестендіру нөмірі қосымшасы беріледі
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет! Құрметті отандастар! ХХІ ғасырдың Қазақстаны - талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл - біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ...
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;...
Вирустық гепатит А алдын алу бойынша жадынама
Вирустық гепатит және оны алдын алу Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.А вирустық гепатит көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады. Бірақ, бірнеше жыл бұрын,- Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Ал, А гепатиттің вирустары өте өміршең, Солтүстік үйегінде де жансүгір. Ресейлік ғалым, вирусолог И.В.Шахгильдяннің пікірінше А гепатиті, ең «миірімді», өйткені оның салдарынан ауру асқынған созылмалы түрге айналмайды.Аурудың белгілері: Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу. Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке...
Контагиозды гельминтозбен күресу және алдын алу бойынша жадынама
ЖАДЫНАМА Гельминтоз - құрт ауруының алдын алу үшін қолды жиі жуу керек (әсіресе жаз мезгілінде), жеміс –жидектерді, көкеністерді міндетті түрде жуып ет пен балықты ыстық сумен өңдеу керек. Контагиозды гельминтоз - құрт ауруының алдын алу үшін балалар болатын үй-жайларды жиі –жиі –жиі ылғалды жинастыру қажет. Баланың жататын төсек-орнын аптасына екі-үш рет, ал іш киімдерін күнде, немесе күн ара ауыстыру керек. Балаңызды күнде екі рет – таңертең және кешке дәреттендіріңіз, оның барысында сабынды қолданыңыз. Баланың қолын күні бойы кем дегенде бес рет жуғаны жөн, дәретханаға барғаннан кейін міндетті турде сабындап жууы тиіс. Острица құрты жұмыртқаларына тексеруге берген анализ нәтижесі нашар болғанда баланың іш киімін жуар алдында қайнату керек, кептірген соң оны ыстық үтікпен үтіктеу керек. Дәретхана мен ваннаның санитарлық-гигиеналық жағдайы жоғары жағдайда болғаны шарт. Балалар жылына бір рет энтеробиозға тексеріледі. Энтеробиозбен сырқаттанған балалар учаскелік дәрігердің ерекше бақылауына алынады.
Жіті ішек инфекциясын алдын алу бойынша жадынама
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – адам ағзасына ауыз қуысы арқылы еніп, асқазан-ішек жолдары арқылы таралып, дәреттің бұзылуларын туғызатын жіті инфекциялық аурулар тобы. Бұл топқа сальмонеллез, дизентерия, сонымен қатар эшерихиоз, тағамдық токсикоинфекциялар, шартты–патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроэнтериттер жатады. Ауру дене қызуының көтерілуі, іш өтудің жиілеуі мен сұйықталуы, іштің ауыруы түрінде жедел басталады. Жүрек айнуы мен құсу да жиі кездеседі. Аурудың ағымына қарай нәжіспен және құсу кезінде ағзаның сұйықтық жоғалтуына байланысты сусыздану белгілері байқалуы мүмкін: әлсіздік, шөлдеу, зәр шығарудың азаюы, ентігу. Аурудың алдын алу: - ас ішерде, даладан келгенде және дәретханадан кейін қолды жуу; - жазғы уақытта крем қосылған асты байқап жеу; - көкөніс пен жемістерді жақсылап жуу; - қайнатылған су немесе минералды суды ғана ішу; - тез даярланатын дайын тағамдардан бас тарту.
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады. · Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу. · Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу. · Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды). 12. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет. · Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет. Шат педикулезі (фтириаз)- гениталидың (шат, ұма, шап аралық) шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы. Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары. Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна...
Балаларда сірлі менингитті алдын алу
Балаларда сірлі менингитті алдын алу Менингит – ми қабығының қабынуы. Ауру себебі бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар. Біріншілік және екіншілік менингиттерді ажыратады. Біріншілік менингит кезінде ми қабатының қабынуы жеке өзі жүреді. Екіншілік менингит басқа аурудың (ортаңғы құлақ қуысының қабынуы, бет аймағы мен бастың іріңді процестерібас сүйек – мидың жарақаты, туберкулез, эпидемиялық паротит және т.б. Клиникалық ағымына байланысты менингиттімолниеносты жедел, жеделдеу және созылмалы сатыларын ажыратады. Менингит ағымы қоздырғыштық түріне , ағзаның реактивтілігіне, науқастың жасына байланысты. Менингиттің негізгі клиникалық көрінісі менингиалдық синдром, оған бас ауру, құсу, жалпы гиперестезия, науқастың арнайы жағдайы және т.б. симптомдар. Бастың ауырсынуы шашыранды және тәуліктің кез келген уақытында пайда болады.ОЛ ми қабатының рецепторларының механикалық және токсикалық тітіркенуімен негізделген. Бас ауру құсумен бірге жүреді. Құсу тамақ ішумен байланысты емес және жеңілдік әкелмейді. Жалпы гиперестезия байқалады. Менингитпен ауратындар кейпі: бас артқа қарай шалқайған, кеуде алға шығыңқы, іш ішке тартылған, қол бүгілген, аяқ ішке қарай әкелінген.. Мұндай қалып бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық тырысуы нәтижесінде. Желке бұлшықетінің регидтілігі басты алға еңкейтку кезінде байқалады....
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА Мына ақпаратқа назар аударсақ Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Өз - өзіне қол жұмсаудың тәсілдері: 1. Дәрі - дәрмекпен улану 2. Химиялық затпен улану 3. Өз тамырын кесу, асылып өлу Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері: Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар; Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы; Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы; Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі; Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау...
Ғаламтор… сіздің балаңызға дос па әлде жау ма???
Ғаламтор… сіздің балаңызға дос па әлде жау ма??? Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың...
"Абайлаңыз, экстремизм!"
"Абайла, экстремизм!" дөңгелек үстел Экстремизм (фр. extremisme, лат.extremus) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.[1] грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді.«Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда...
Үлгерімі төмен оқушылармен сабақта жұмысты ұйымдастыру
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу Еңбекке жарамдық: қызметті түрлендіру кабинетті желдету (проветрить) серпініс кезеңін өткізу қажеттілік және жеткіліктілік қағидасын ұмытпау Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері: жеке жұмыс карточкасы тесттер өзгертілген тапсырмалар тренажер-карточкалар шығармашылық тапсырмалар ақпарат-карточкалар есептің шешім үлгілері бар карточкалар конспект-карточкалар Мұғалімдерге! Ұстамдылық алгоритмі: 1. Баланың психологиялық дамуы бойынша не білу қажет: түсіну (жолдары - кинестетикалық (дене қозғалысы мен мимика), есту, көзбен көру) назар аудару (ерікті, еріксіз) ес, зерде (вербальды, вербальды емес Вербальды қарым-қатынас -. тіл (есту) арылы байланыс, вербальды емес - қимыл тілі) 2. Әр баланы түсініп, қабылдауға ұмтылу 3. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру 4. Не көрсету қажет: дұрыс талап етушілік шексіз сабырлық әділ қатаңдық оқушының мүмкіндіктеріне сенім 5. Оқушының позициясына тұру 6. Мысқылшылдыққа жол бермеу 7. Еркін диалог жүргізе білу 8. Вербальды емес қарым-қатынасты (тірегіш сигналдар, суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану 9. Сөздіктермен және басқа нықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету 10. Оқытуда не қолдану қажет: - Алға озып оқыту - Топпен атқарылатын жұмыстардың әр...
«Менің сүйікті ұшқалағым» педагогтарға жоғары белсенділігі бар балалармен жұмыс жасау кеңесі
Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады. Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы. Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады. Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс...
ҰБТ бойынша психолог жұмысы жүйесі
ҰБТ бойынша психолог жұмысы жүйесі В.В.Фольц, №34 ЖОМ психологы ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі. ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру. ҰБТ міндеттері: 1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету; 2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру; 3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді. Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету...
Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар
Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар Ата-аналар баламен қарым-қатынас жасаған кезде туындаған қиындықтарға кезіге отырып, көбіне бала өсіп есейген жағдайда өзін қалай ұстау керектігіне үйренеді, осылайша барлық қиындықтар өзінен өзі жоғалады деп ойлайды. Бірақ кейде балаға ықпал ету, оның бойында жақсы қасиеттер тәрбиелеу мүмкіндігінің уақыты өтіп кетіп жатады. Егер де ата-аналар бала туған сәттен бастап оның тәрбиесімен айналыспаса білімді, педагогикалық мәдениеті биік ата-ана болуға тырыспайтын болса, онда ол өз сәбиінің жеке ерекшеліктерін түсініп, ескермейтін болады. Баланың есею кезінде кездесетін қиындықтармен күресуге күш-жігерлері жетпейді. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында пайда болған эмоционалдық реакциялар және мінез-құлықтық модульдер кейіннен мінез-құлықтың сипаттамасы мен жеке тұлғаның мінездемесіне айналары сөзсіз. Дана халқымыз «баланы жастан» деп текке айтпаған болар. Ата-аналар әрдайым мынаны есте ұстаулары керек: сүйкімді сәбилерінің мінез-құлқында ұнамсыз болмаса баланың өзіне қасірет әкелетін қасиеттерді: иеленуге болатынын кейбір қасиеттерге биологиялық, тұқым қуалаушылық факторлар ықпал етеді, бірақ олардың көпшілігін иеленуге болады, яғни оны түзетуге де болады. Агрессивтік мінез-құлық мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең көп таралған ауытқушылықтардың бірі. Күнделікті...
Ата-аналарға арналған ақпарат
Ата-аналарға арналған ақпарат Жадынама - ата-аналарға кеңес Баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме. • Ешбір себепсіз соғыспа. • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес. • Әділ ойна, өз досыңды сатпа. • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама. • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол. Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме. • Біреуге жала жаппа. • Тазалақты болуға тырыс. • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық. • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің. Сен ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың. Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет. Ата-аналарға көмек ретінде: Талапты бала өсіргіңіз келсе:• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру. • Балаға жоспар құруға көмектесу. • Балаға қызық жерлерді нұсқау. • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету. • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау. • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау. • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау. • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру. • Оған кітап оқып беру. • Бала кезінен кітап оқуға үйрету. • Қалауын түсіне білу. • Баламен жеке араласуға уақыт табу. • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау....
Оқушылар үшін жадынама
Оқушылар үшін жадынама "ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?" Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады. Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз. Формула – емтиханды табысты тапсыруға деген икем 1- Мен емтихан тапсырғым келеді 2- Менің қалауым – берік білімді болу 3- Мен өзімді қабілетті, бәрін білуші адам ретінде көремін 4- Мен өз мақсатыма қол жеткізе аламын – емтиханды табысты тапсырамын 5- Мен бәрін істей аламын, емтиханды да тапсырамын, мен ешнәрседен қорықпаймын 6- Емтиханды жақсы тапсыратыныма күмәнім жоқ 7- Барлық адамдар мені барлығын...
Мектеп кітапханасы
Мемлекеттік тілді насихаттау барысында мектептің оқу-материалдық базасы нығаюда, мектеп құжаттары: кеңес хаттары, сынып журналдары, оқушылардың жеке істері екі тілде жүргізіледі, мектеп оқу жоспары қазақ тіліне аударылып жатыр, педұжымның қазақ тіліне үйрену үйірмесін бірыңғай жоспар құрастырылып, бекітіліп апта сайын өткізіледі. Кітапхананың қоры -44356, көркем әдебиеті- 19039, оның ішінде қазақ тілінде көркем әдебиеті -3009, ағылшын тілінде- 110, неміс тілінде-50, оқу-әдістемелік әдебиеті-1536, 5-11 сыныптарға арнайы қазақ тілінен электрондық оқулықтары бар. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті»,»Балдырған», «Әйгөлек», «Дарын», «Мөлдір бұлақ», «Шаһар», «Бәйтерек», «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында» журналдарына, «Ұстаздар», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақстан мұғалімі», «Сарыарқа самалы» газеттеріне жыл сайын жазылады.
Біздің аналарымыз не оқыған...
Кітапханасыз мектеп, ас бөлмесіз үй сияқты. Армысыңдар, қымбатты достар! Кітап оқу рухани байлықтан нәр алып, дүниенің кілтін ашумен пара-пар. Күн сайын кітап оқып көкірек көзімізді ашсақ, біз де рухани бай халықтың қатарында боларымыз анық. Байронның, Бальзактың, Агутагаваның Отаны халықтың қаншама пайызы кітап оқитынын, қандай жанрдағы кітапқа құмар екеніне, сондай-ақ қаншама пайызы жылдап кітап бетін ашпайтыны туралы жиі сауалнама жүргізіп отырады екен. Біздің елімізде бұл мәселе көтерілмей келеді. Біздің мұғалімдер не оқиды: 1. М. Митчелл Унесённые ветром 2. .К. Маккалоу Поющие в терновнике 3. Л. Толстой Война и мир 4.М.Булгаков Мастер и Маргарита 5.Ф. Стендаль Черное и красное 6. Ф. Достоевский Идиот 7.М. Ауэзов Путь Абая 8. Ш. Бронте Джен Эйр 9.Братья Стругацкие Сталкер 10. В. Каверин Два капитана 11. А. Дюма Три мушкетёра 12. Ф. Достоевский Братья Карамазовы 13.Д. Голсуорси Сага о Форсайтах 14.А.Солженицын. В круге первом 15.В. Ян Чингисхан 16. В. Ян Батый 17. В. Ян Исторические романы 18. Есенин 19.И. Тургенев Отцы и дети 20.А. Гайдар Тимур и его команда 21. Роберта Кийосаки Денежный поток 22. Пиз Аллан и Барбара Язык телодвижений 23. Александр Торик. Флавиан 24. Энциклопедии 25. З. Бектуров Қазақ тілі 26. Решад Нури. Королёк - птичка певчая 27. Мухтар Ауэзов - Абай жолы 28. Ақан сері 29. Жүсіпбек...
ОҚЫРМАНДАРҒА КЕҢЕС
Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы Тұтынушылар құқығы: - Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз еркіңізбен пайдалануға құқылысыз; - Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану (тұтынушы есебінен); - Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану; - Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу: 2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі: - Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және мекен-жайын куәландыратын құжатын беру қажет, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады, одан бөлек тіркеу карточкасын толтыруға қажетті өзге де өзі жайлы мәлімет беруіне болады. - Оқырмандарға бөгде тұлғаға беруге тыйым салынған оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі. - Билетті жоғалтқан жағдайда, оның құнын төлеу арқылы қайта алынады. - Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді. - Кітапханаға жазылар алдын оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды. 2.3 Тұтынушылар міндетті: - Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері...


