1 маусымнан бастап 30 тамызға дейін «Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» ММ-де 2020-2021 оқу жылының 1- сыныбына (мемлекеттік және орыс тілінде) өтініштер қабылданады.
Құрметті ата-аналар! 1 маусымнан бастап 30 тамызға дейін «Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» ММ-де 2020-2021 оқу жылының 1- сыныбына (мемлекеттік және орыс тілінде) өтініштер қабылданады.
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі-жұма күндері: сағат 9.00-ден – 13.00-ге дейін 14 .30-ден – 18.30-ге дейін
Қажетті құжаттар:
өтініш
туу туралы куәлігінің көшірмесі (түп нұсқасы жеке тұлғаны анықтап растау үшін қажет)
дәрігерлік кәсіби-кеңес қорытындысы, № 086 /е нысаны (денсаулық паспорты)
3х4 көлемдегі фото суреттің 2 данасы
педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болған жағдайда)
МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ 2025 - 2026
2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау
2025 жылғы 1 сәуір - 31 тамыз аралығында жүргізіледі
1 сәуірден бастап ата-аналарға мектепке өтінішті интернет арқылы беруге болады.
1. Онлайн-өтінішті беру үшін, www.egov.kz электрондық порталында тіркелу керек.
2. «Білім беру» - «Орта білім беру» - «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту.
3. «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдап, баланың ЖСН енгізіп, өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен бекіту қажет.
4. Қажетті мәліметтерді толтырыңыз.
5. Сканерленген құжаттарды тіркеңіз.
6. ЭЦҚ-мен растаңыз.
Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту керек.
Ата - аналар мектепті келесі оқу бағыты бойынша таңдайды-жалпы білім беретін мектеп.
Жалпы білім беретін мектепке өтініш бергеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне мектепке қабылдау туралы немесе себептерін түсіндіруімен, бас тарту хабарлама түседі.
Ата-аналар тікелей мектепке жүгінген жағдайда, өздерімен құжаттардың түпнұсқаларын алулары керек.
Интернет арқылы өтініш бере-алмайтын ата-аналар үшін мектепте компьютер және сканермен жабдықталған қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған..


