Вопросы и ответы
ФИО: әсел файзуллина
Отзыв:
Салеметсіз бе! маған сәбилер топына картотека керек еді қайдан алуға болоды?
Добавлен:
2012-08-27 12:02:49
Комментарий:
Сәлеметсіз бе? Қандай картатека туралы айтып тұрғаныңызды білмедім, ал егер сабақтар барысында қолданылатын көрнекі құралдар туралы болса "Алғашқы қадам" бағдарламаларда тақырыптар әр бөлім бойынша берілген содан тікелей алуыңыз кере.
ФИО: Қошмағанбетова Лаура
Отзыв:
Балабақша тәрбиешісінің портфолиосын қалай жасауға болады ?
Добавлен:
2012-08-08 17:55:22
Комментарий:
тәрбиешілер портфолиосының құрылымы біздің веб парақта берілген соны негізге ала аласыз.
ФИО: Асель
Отзыв:
Маған МДҰ логопедтың жұмыс бағыты, көрнекі материалдары керек еді. Кайдан алуға болады? Логопед мамандығын қосымша қай жерде оқытады? Басқа қалаға бармай-ақ интернет арқылы оқуға бола ма?
Добавлен:
2012-06-11 16:38:58
Комментарий:
Жалпы негізі логопед атты басылымдық журнал бар соған жазылсаңыз болады. Ал интернет арқылы оқу бойынша сұраққа жауап беруге мен құзіретті емеспін. Ол сұрақ тікелей ИПК ПК құзіреттілігінде.
ФИО: ата-ана
Отзыв:
салеметсіз бе!топтарды неге қосып тастаыңыздар? Жағдай қиын... бала бақшаға барғысы келмей жылайды. Ондай балаға қандай көмек көрсетіп жатырсыздар? Жыл басынан бері ондай жұмыстың біреуін көре алмадым.Осыған бақылау қашан болады?
Добавлен:
2012-06-06 08:03:20
Комментарий:
Сәлеметсіз бе? Топтардың қосылуының себебі ол, Біріншіден топтардағы баллардың көбісі демалысқа кетулеріне байланысты балалар топта аз ал 10 немесе 5 бала үшін 2-і бірдей тәрбиешіні ұстай алмаймыз, ал екінші себеп топтардың тәрбиешілерін жазғы демалыс кезінде жаңа оқу жылына дейін кезекті демалысқа жіберуіміз керек яғни тәрбиешілердің кезекті демалысқа шығуларына байланысты. Қандай жұмыстың жүргізіліп жатпағаны туралы сөз қозғап отыраныңыздытүсінбедім. Нақтырақ сұрақты қойып қай топтан және балаңыздың атын атасаңыз деймін. Сұрақтың анығын білмей жатып белгісіз сұрақты бақылауға алу қиынырақ болама деймін. Сондықтанда сұрағыңызды жазыңыз.
ФИО: Айка
Отзыв:
"Үздік балабақша" байқауына қатыстыңыздар ма?
Тәрбиеші портфолиосы керек еді Қалай жасауға болады?
Добавлен:
2012-05-31 10:34:13
Комментарий:
Аталмыш байқауға қатыспаймыз. Портфолио талаптары мен жүйесін сіз жуық арада "Ақыл-кеңестер" рубрикасынан ала аласыз.
ФИО: Сулейменова Жадыра Хуснадиновна
Отзыв:
Не себепты бала-бакшада ыстегыныз келеды дейсыз ба ойткены мен балаларды жаксы коремын жане казакща тылды жетык менгертуге дайынмын деп айта аламын.
Добавлен:
2012-04-29 11:09:13
Комментарий:
Ынтаңыз жоғарлай берсін, тек мамандық қажет болады.
ФИО: Сулейменова Жадыра Хуснадиновна
Отзыв:
Мен озымнын мамандыгым бойынша тек гана гимназияда 3 жыл практикадан толык откенмын.Содан кейын стажын жок деп мены алмады мектепке.1 жыл 5 ай Астана каласында жеке меншык бала-бакшада тарбиешы жане казак тылден сабак берып журдым сосын Павлодарга кайтып келдым себебы менын ата-анам осында турады.Казыр боспын кандай жумыс болсада ыстей беремын деп шештым ойткены еш жерде бос орындар жок.Рахмет сыздерге жауап бергендерынызге.
Добавлен:
2012-04-29 11:05:22
Комментарий:
МД мекемеде жұмыс істеу үшін мектепке дейінгі тәрбиешісінің мамандығы болу шарт, немесе ақылы педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімініне түсуіңіз керек болады.
ФИО: Роза Насырлаевна
Отзыв:
ашык сабактын жоспары неге жок
Добавлен:
2012-04-25 09:46:38
Комментарий:
Сабақ конспектілерін "Сабақ үлгілері" рубрикасынан таба аласыз.
ФИО: Бейсембекова Гульжанар
Отзыв:
Дәрумендерге байланысты ересектер тобында ашық сабақ өтуім керек . Қалай қызықты етіп өтсем болады. Сіздерде осы тақырыпқа ұқсас өткен сабақтардың жоспары жоқ па?
Добавлен:
2012-03-25 07:43:13
Комментарий:
Сабақ конспектілерін "сабақ үлгілері" рубрикасынан таба аласыз.
ФИО: Бейсембекова Гульжанар
Отзыв:
Тәрбиешілер сайысында қалдық заттардан бір нарсе жасау керек. Ұжымдарыңызда жасаған жұмыстарыңыз бар болса, көрсетіңіздерші
Добавлен:
2012-03-08 15:48:23
Комментарий:
Тастанды заттардан жасаған ойыншықтар бар ол бойынша Республикалық сайысқа да қатысқанбыз, бірақ бұл шығармашылық жұмыс, интернеттен қарап өзіңіз де тауып істей алады деген ойдамын.
ФИО: бейсембекова гульжанар
Отзыв:
тәрбиешілер сайысына таныстыру жазып беріңіздерші
Добавлен:
2012-03-08 15:45:20
Комментарий:
Кешіріңіз, бірақ біз,таныстыру сізге жазып бере алмаймыз.
ФИО: Сулейменова Жадыра Хуснадиновна
Отзыв:
Сәлеметсыздер ме!Сіздің бала- бақшаңызда жұмысқа орналасуға вокансиялар бар ма мен жұмыс іздеп жүр едым мамандығым Қазақ тілі әдебиетін бітіргенмын 1 жыл стажым бар бала-бақшада істегенмін
Добавлен:
2012-02-23 15:26:46
Комментарий:
Салеметсіз бе! 1 жылдық еңбек өтіліңіз тікелей мектепке дейінгі мекеме ме? Не себептен мдм тәрбиеші жұмысына орналаспақ ойыңыз бар? Бүгінгі күнде негізгі талап базалық білім яғни, тікелей мдм тәбиешілік мамандығы болуы шарт, ал егер болашақта қайта оқыимын десеңіз, ерік өзіңізде. Бүгінгі күнде бос орын жоқ, бірақ түйіндемеңізде әкеліп қалдырып кетуіңізге болады.