Дабылтай Даирбекович40 жылдан астам уақыт білім беру саласында физика мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, оның ішінде 20 жылдан астамы басшылық лауазымда қызмет атқарды. 1988-2005 жылдары Павлодар қаласының Ильичев ауданының № 11 кешкі мектебін, 2005-2010 жылдары қаласының № 4 Камал Макпалеев атындағы жалпы орта білім беретін мектебін басқарды. Ол кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында білім беру саласына айтарлықтай үлес қосты. Оның басшылығымен мектепте тәрбие жұмысының тиімді жүйесі жүзеге асырылды, Камал Мақпалеев атындағы № 4 мектептің тәрбие жұмысының жүйесі жинақталып, облыстық конкурста 1 орынға ие болды, республика деңгейінде тәрбие жұмысының моделі ұсынылды. Бұл модель мектеп жасындағы балаларды 100% оқумен қамтуға мүмкіндік берді.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үйірмелер мен секциялар санын арттыруға, мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуына зор үлес қосты. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін үнемі бақылауда ұстады. Дабылтай Даирбекұлы өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен, адамдарға деген құрметімен, ұстанымдылығымен әріптестері мен қаланың педагогикалық жұртшылығының құрметіне ие болды.
Ғалия Манапқызы 17 жылдан астам №122 мектепке дейінгі гимназия басшысы қызметін атқарды. Білім беру саласына сіңірген көп жылғы еңбегі мен ұтымды істері, азаматтық бітім-болмысы үлгі тұтарлық. Павлодар өңірінің білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Оның басқарушылық кезінде №122 мектепке дейінгі гимназия педагогтері мен тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары атанды. Бірнеше жыл Май ауданының балабақшаларына шефттік әдістемелік көмек көрсетіп, Семей қаласының №6 «Нұрсауле» сәбилер бақшасымен Меморандум негізінде тығыз серіктестік қатынас жасады. Ұжымның жоғары жетістіктері үшін бірнеше жыл қалалық рейтинг жеңімпазы, «Балабақшаның ең үздік алаң-аумағы» қалалық сайысының жеңімпазы, облыстық «Ең таңдаулы балабақша» сайысының ІІ орын иегері атанды. 2018 жылы мектепке дейінгі гимназия 50 млн. теңге ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Александр Николаевич Александр Николаевич более 35 лет работает в системе образования, в том числе с 1993 года директором станции юных техников (ныне детская техническая школа).
Ежегодно воспитанники школы представляют Павлодарскую область на Чемпионатах Республики Казахстан, Республиканских соревнований технического творчества и изобретательства (авиа, ракето, авто, судомоделирования), разноуровневых конкурсах и выставках декоративно-прикладного искусства.
Награжден Почетными грамотами и Благодарственными письмами министра образования и науки Республики Казахстан, нагрудным знаком «Ы.Алтынсарин» (2005), юбилейной медалью к 10-летию Независимости Республики Казахстан(2011), нагрудным знаком «Павлодар облысының білім саласына қосқан үлесі үшін» (2020).
Татьяна Федоровнатәжірибелі және білікті басшы. Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы еңбек өтілі 40 жыл,оның 30 жылдан астамы – басшылық лауазымдағы еңбек өтілі. 1987-1997 жылдары Павлодар трактор зауытының №16 сәбилер бақшасының меңгерушісі болды, 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін № 82 арнайы сәбилер бақшасының басшысы қызметін атқаруда. Ол мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновациялық әдістер мен тәсілдерді белсенді түрде енгізіп, оның сапасын арттыруға үлкен көңіл бөледі.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға қосқан көпжылдық жемісті еңбегі мен жеке үлесі үшін Павлодар облысының 75 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен (2012), Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2015), Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2015) және Алғыс хатымен (2020), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2018)марапатталды.
Күлмаш Қасымқызы1994 жылдан бастап мемлекеттік қызметте бас маманнан ұйымдастыру және кадр жұмысы секторының меңгерушісіне дейін қызмет атқарды. Өзінің барлық қызметін қала мектептерімен бірлесіп жұмыс істеуге және жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға арнады. Оның басшылығымен білім беру мекемелері педагог кадрлардың сапалы құрамын жақсартуға, жас мамандармен жұмыс істеуге көңіл бөлді.
Білім беру саласындағы ерекше қызметтері үшін ҚР Мұғалімдер одағының грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «ҚР Білім беру үздігі» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы әкімдігінің, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Евгения Яковлевна1973 жылдан бастап балалар музыка мектебінде жұмыс істейді. 1996 жылдан 2009 жылға дейін мектеп директоры қызметін атқарды. Қала мен облыстың музыкалық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосуда.
Ол басшылық еткен кезеңде мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетті. Көптеген жылдар бойы Евгения Яковлевна Павлодар облысынан балалар музыка және өнер мектептері республикалық директорлар кеңесінің басқарма мүшесі болды. Жыл сайын жас музыканттардың қалалық және облыстық конкурстарында төраға және қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, өзінің кәсіби құзыреттілігін растады.
Көп жылдық адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен (1988), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаліменмарапатталды.
Бихиенова Кадиша Мамляновна басқарушылық, ғылыми-әдістемелік мол тәжірибесі білім беру ұйымдарының жұмысын сапалы деңгейде ұйымдастыруға ықпал етті. Ж.А. Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасап, оқу процесіне ұтымды енгізді.
Кадиша Мамляновна бойындағы ерекше қасиеттер – инновацияларға ашықтығы, болжам жасай алу, негіздемелі шешімдер қабылдай алу, ұйымдастырушылық, жетілуге ұмтылыс, тапсырмаларды шешуге шығармашылықты қолданды. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін 1987 жылы Қазақ ССР-ның білім берудің үздігі, 1991 жылы СССР білім беру үздігі төсбелгілерімен, 2019 жылы «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ҚР БҒМ мен СССР білім беру министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ершова Галина Анатольевна, 30 жылдан астам № 42 балабақшаның, № 42 ОТК, «Smart kid» балабақшасының басшысы қызметін атқарды. Білім беру жүйесін реформалау кезеңінде ол мектепке дейінгі мекемені кешен – балабақша – мектеп құру бойынша эксперименттік жұмыстың жаңа кезеңіне шығарды.Мәскеудің жаңа білім беру жүйелері институтымен Халықаралық ынтымақтастыққа шықты. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығының бірлескен қызметінің тетігін енгізді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртты. Эксперименттік, содан кейін инновациялық жұмыстарды ұйымдастырды.Оның жұмысының оң көрсеткіштері: облыста жалғыз - мектепке дейінгі кешенді гимназия құру – даму режимінде жұмыс істейтін гимназияға дейінгі сыныптары бар бастауыш мектеп; қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелер арасында ОТК танымалдылық индексі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР білім беру үздігініңтөсбелгісіменмарапатталған.
ҚұралайКамматқызы еңбек жолын 1975 жылы Ертіс ауданының Октябрь орта мектебінде, одан кейін № 2 Ертіс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.Ол инспектор, бас маман, Павлодар қаласы білім беру басқармасының, облыстың білім беру департаментінің, Ертіс аудандық білім беру бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.2009 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылдың қаңтарына дейін «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі лауазымында жұмыс істей отырып, қаланың білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесін дамыту және жетілдіру перспективаларына талдау және жоспарлау жүргізді, білім беру мекемелерінде оқушылар контингентінің есепке алынуын, сақталуын және қозғалысын, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету бөлігінде білім беруді дамыту бағдарламасын орындау барысын бақылауды жүзеге асырды.Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен түрлі акциялар мен іс-шараларды өткізуді шебер ұйымдастырды. Оның басшылығымен бірнеше жыл бойы қала мектептерінде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді жұмыс жүргізілді.
Паршукова Надежда Петровна 30 жылдан астам Павлодар қаласының № 26 мектебінің директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен мектепте пәндерді оқытуда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жанданды, мұғалімдердің кәсіби деңгейі өсті.
Надежда Петровна мектепті басқарудың жаңа, тиімді жолдарын үнемі іздестіруде болды, «Жастардың жетістігі» Қоғамдық қорының«Аррiled Economics», «Қазақстандағы мектептер жұмысының сапасы мен тиімділігін өзін-өзі бағалау үшін ішкі аудит әдістемесін әзірлеу», «ҚР жалпы орта білім берудің білім беру стандарттары: жай-күйі, ізденісі және болашағы» республикалық семинарларының жұмысына қатысты, Литва мектептерін дамыту орталығымен «Мектептердің тиімділігін бағалау»халықаралық серіктестік жобасын әзірлеуде «Іскер әйелдер форумының» лауреаты атанды.Оның басшылығымен мектеп «Қоғамдық-белсенді мектеп» халықаралық жобасын әзірлеуге және сынақтан өтуге қатысты, жоғары сынып оқушылары Алматы қаласындағы іс-қимыл оқушылар комитеттерінің республикалық форумының жұмысына қатысты.
Ажибаева Алия Ашкеновна занимала должность директора школы №14 с 2008 по 2018 год. За это время показала себя каквысококвалифицированный педагог, грамотный руководитель, чуткий человек. За время работы в должности директора школы №14 данное учебное заведение славилось значительными успехами и достижениями педагогов, выпускников и учащихся на международном, Республиканском, областном и городском уровнях. Грамотный руководитель, она всегда могла направить, поддержать и вдохновить педагогический коллектив на творческий поиск и самосовершенствование профессионального мастерства, а учащихся - на развитие интеллектуального, спортивного и творческого потенциала. Огромное внимание со стороны руководителя уделялось воспитательной работе школы в плане духовно-нравственного и патриотического развития школьников. Благодаря ей А.А. в стенах школы был создан уникальный «Музей Боевой Славы». Награждена нагрудным знаком «За заслуги в поисковых работах», грамотами акима города Павлодара, городского отдела образования
Вольф Людмила Александровна, более 20 лет руководила ГККП «Детско-юношеский центр экологии и туризма».Кандидат биологических наук, «Отличник просвещения РК». Награждена грамотами Министерства образования и науки Республики Казахстан, Республиканского учебно-методического центра дополнительного образования, Национального практического центра физической культуры, городского маслихата.
Автор программ: «Непрерывное экологическое образование и воспитание школьников на 2007-2010 годы», «Экологическое образование для устойчивого развития в системе дополнительного образования». Возродила в регионе систему детско-юношеского туризма и краеведения.
Учащиеся и педагогический коллектив - неоднократные призеры международных, республиканских, областных конференций, соревнований, смотров-конкурсов.
Капиза Сагадатовна свою трудовую деятельность началав 1974 году учителем музыки в селе Кызыл-тан Качирского района. В 1981 году поступилав Алма-Атинский Казахский Государственный Женский педагогический институт и окончила1985 году. С 1985 по 2012 годы занимала должность руководителя ГККП «Детско-музыкальная школа села Кенжеколь». Обладатель Гран-при республиканского конкурса певцов, посвящённой 90-летию Майры Шамшитдиновны. Воспитанники Капизы Сагадатовны победителимеждународных, республиканских и областных конкурсов, многие из них трудятся в этой сфере.
Награжденапочетными грамотами Министерства образования и науки РК, имеет нагрудные знаки отличия - Отличник образования РК, Медаль к 10-летию Независимости РК, Медаль к 75-летию Павлодарской области.
Людмила Антоновна қаланың білім беру жүйесінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.
Кәсіби шеберлігі, шығармашылығы, өзіне жүктелген іске деген жоғары жауапкершілік, адамдарға құрмет, талапқойғыштық–ұстаздар қауымы арасындағы жоғары беделінің негізі.
Гүлсина Шайдуллақызы қаланың білім беру жүйесінде 40 жылға жуық, оның ішінде 28 жыл – басшылық қызметтерде жұмыс істейді: Павлодар қаласының № 17 орта мектебінің директоры, Павлодар қаласы білім беру бөлімі бастығының орынбасары. «Педагог-әдіскер», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған. Кәсіпқойлық, креативтілік, жаңашылдыққа ашықтық, берілген жұмысқа жауапкершіліктің жоғары деңгейі, адамдарға құрмет, адалдық –бұл қаланың педагогикалық қауымдастығындағы жоғары беделінің негізі.
Педагогикалық еңбек ардагері, Павлодар қаласының білім беру жүйесінде бейіндік оқытуды дамытуға зор үлес қосты. Педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға жуық, 16 жыл бойы № 2 оқу-өндірістік кешенін басқарды. Жұмыс барысында біртұтас және тиімді команда құра алды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтой медалімен марапатталған.
Жоғары кәсіби шеберлік, танымпаздық, әзіл-оспақ сезімі, өмірлік даналығы оның әрқашан балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен қарым-қатынасының серігі болды.
Педагогикалық еңбек ардагері, 25 жылдан астам уақыт жауапты лауазымдарда жұмыс істеді: Павлодар қаласының № 2, 36 мектептерінің басшысы, облыстық білім білім беру басқармасы басшысының орынбасары, облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының директоры. Жоғары санатты мұғалім.
Білім беру саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары марапаты «Ы. Алтынсарин» және «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгілеріменмарапатталды.
Педагогикалық еңбек ардагері, тәжірибелі және білікті басшы, 30 жылдан астам уақыт Павлодар қаласының № 3 балалар музыка мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен оқытушылар құрамы бірнеше жас музыканттарды тәрбиелеп, жыл сайын халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Оның еңбегі қуаныштар мен жетістіктерге, батылдық пен ізденістерге толы болды. Бұл - даналық пен кәсіби шеберліктіңжоғары белгісіболып қала бермек.
Сәуле Төлегенқызы мұғалімдердің кәсіби өсуіне, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға барлық жағдай жасады. Дарынды басшы ретінде жоғары кәсіби шеберлігімен және балаларға деген махаббатымен ерекшеленді.
Мектеп оқушылары жыл сайын ҰБТ бойынша және облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін ғылыми жобалар, пән олимпиадаларында жоғары нәтижелерге жетті.
Табысты еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған» мерейтой медалімен марапатталған.
Сабира Шакенқызы Сейітова 1958 жылы Павлодар облысы Григорьевка ауылында туған.
Мектепті бітірісімен ақ, Павлодар ауданының Шақат орта мектебінде аға тәлімгер болып жұмыс істеді.
1975-1979 жылдар аралығында Павлодар педагогикалықинститутындафилологияфакультетінде білім алады.Институтты бітіргеннен кейін, Майский ауданы Амангелді орта мектебінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі боп жұмыс істеді, содан кейін осы мектептің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1983 жылдың қыркүйек айынан1997 жылдың мамыр айына дейін мектеп директоры болды.
1996 жылы осы мектепке А. Иманов атындағы мектеп лицейі атағы берілді.
Сабира Шакенқызы 1980-1982 жылдары Майский райком комсомолының хатшысы боп тағайындалды. 1997 жылы Майский ауданының білім беру, мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі болды.
2000-2002 жылдарыПавлодар қаласының №6 ЖОМ директоры болып қызмет атқарды. 2002 жылғы қаңтар айынан 2008 жылғы сәуір айына дейін Павлодар қаласының №29 ЖОМ директоры.
2008 жылғы сәуір айынан 2014 жылғы наурыз айына дейін «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ басшысының орынбасары болды.
2014 жылғы наурыз айында «Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы боп тағайындалды.
«Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы лауазымындағы жұмысында Павлодар қаласының білім саласында ардагерлер қозғалысына ерекше көңіл бөледі, сондай ақ жас педагогтармен де белсенді жұмыс жасауда.
«Қазақстан Республикасы білім беру Үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті жұмыскері» белгісімен, Қазақстан республикасы тәуелсіздігене 20 жыл төс белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.


